Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, адамға көмек көрсетуде психологиялық әдістерді қолдану 2 тұрғыда қарастырылады: Біріншіден, психологиялық тәжірибемен тек медициналық білімі бар мамандар ғана айналыса алады. Мысалы америкалық психоаналитикалық ассоциация жоғары кәсіби білімі бар мамандарды ғана өз қатарларына қосады.
Ал екіншілердің пікірі бойынша,тәжірибеден өтіп жүрген психологтарға мұндай қатал талап қоюға болмайды. Айта кететін болсақ, Ұлыбританияда психоаналитикамен айналысушылардың әрбір үшіншісінің медициналық білімі жоқ.Көптеген батыс елдерінде халыққа психологиялық көмек көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің рөлі күннен-күнге өсуде. АҚШ-та осы сала бойынша адамдардың психологиялық денсаулығын қорғайтын әлеуметтік қызметкерлер саны көптеп кездеседі.
Алайда, елімізде халыққа психологиялық көмек көрсетудің мәдени-тарихи дәстүрі қалыптаспаған. Францияны мысалға алатын болсақ, халықтың 80 %-ы психологтың көмегіне жүгінеді. Ал біздің отандастарымыз үшін психологтың көмегіне жүгіну алдында «психологтың көмегіне тек қана психикалық аурулар ғана мұқтаж» деген сияқты кедергілер тұрады.
Әлеуметтік жұмыстың маңызды нәтижелері психологиялық диагностика әдістерімен қамтамасыз етіледі, ол адамның, ұжымның, білім берудің, экономикалық қатынастардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын зерттеудің көптеген мәселелерін шешеді.
Әлеуметтік жұмыста психологиялық кеңес беру әдісі көшбасшылар, қарапайым жұмысшылар, мұғалімдер, ата-аналар, студенттер, студенттер, жас отбасылар, отбасылар және т.б. арасында кеңінен қолданылады. Бұл жұмыстың нәтижелері бойынша олардың жеке және топтық қызметі салынады.
Әлеуметтік қызметкердің қызметі қоғам мен адамның өзгеру проблемаларын шешу үшін қажетті ең терең әлеуметтік бастамамен сипатталады.