Әліппе. Оқыту әдістемесі



бет118/175
Дата03.02.2023
өлшемі4,89 Mb.
#167329
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   175
Байланысты:
ліппе о ыту дістемесі

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Буындардан сөздер құрап, оқы (соғым, сағым, сағыз, тоғыз, тоғай). Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Сөздерден сөйлемдер құра.

  1. деңгей:

Сөйлемдермен шағын мәтін құра.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды. 1-деңгейдегі оқушылар буындардан сөздер құрап, оқиды. «Ғ» әрпінің сөздегі орнын анықтап, дыбыстық талдау жасайды.
2-деңгейдегі оқушылар құраған жаңа сөздерден сөйлемдер құрайды. 3-деңгейдегі оқушылар құраған сөйлемдерден шағын мәтін
құрайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.



Саралау тапсырмалары




Рефлексия


Сабақта өзіне қызықты, қиналған, түсініксіз болған тұстарын жазып береді.




Паровоз тақтасы

  1. 216
    сабақ





Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ж дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;
дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
«Үндемес» ойыны.
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Оқушылар біртіндеп үстел үстіндегі ойынды бейнелейтін суретті алады. Алған суретті бір-біріне көрсетпеуі керек. Сосын сол суреттегі ойынды қимылмен
көрсетеді.

Басқа оқушылар ойынның атауын, қай жыл мезгілінде ойналатынын айтуы қажет. Тапқан оқушы ойынды жалғастырады.

Қолдау


Суреттер

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ж ж» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны
дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау






217
























«Ж ж» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ж ж» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.


(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сурет бойынша әңгіме құрау.



  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «жалау» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Ж» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Ж» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Ермексаздан «ж» әрпін жасау.




(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.
Оқылым.
1. Оқулықтың 65-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.


  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Тауда шаңғы жарысы өтті. Балалар шаңғымен сырғанады. Мәредегі жалауға Жарас бірінші болып жетті».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (3).

  3. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Мәредегі жалауға Жарас бірінші болып жетті.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 6 сөз бар.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «жалау» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «жа-лау» деп буынға бөледі.

  5. «Жа-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылмай айтылып тұрғанын табады.

  6. «Ж» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  7. Ермексаздан «ж» әрпінің сұлбасын жасайды.

1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Оқушыларға әріптің сұлбасын жасауда қажет


болған жағдайда көмек беру.

Суреттер, оқулық
Сызба

Ермексаз

Сызба, оқулық



218






  1. «Ж» дыбысының сөздегі орнын (сөз алдында, ортасында ) оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (жел –жер), сөз басына (Ажар – Олжас), сөз алдына (қожа – олжа) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.



Жазылым

  1. Оқулықтағы «ж» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Ж» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Ж» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  1. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  2. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: үзік сызықтарды бастырып жүргізу арқылы «ж» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқушыларға қолдау көрсету.


Мақтау, қолдау



Оқулық Жазу дәптері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет