Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;
дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге үйренеді.
236
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы(1–7мин)
(Ұ)Ұйымдастырукезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
«Маршрут» ойыны. Бастаушы бір сөзді айтады, келесі оқушы айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын жаңа сөз айтуы
қажет. Үш-шана-ана-анар-рақат-тары-ыдыс т.б.
Соңғы әріптен басталатын сөздерді жалғастырып айтады.
Сабақтыңортасы(26мин)
Сабақтыңкүтілетіннәтижесіментаныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Үү» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ү ү» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ү ү» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамытужұмысы. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «күшік» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар қалаға барды. Қастарында күшіктері бар. Олар үш кісінің ескерткішіне таңдана қарады».
Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Қастарында күшік бар.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 3
сөз бар.
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.
Суреттер, оқулық Сызба
237
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«Ү» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
«Ү» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
Түймелерден «ү» әрпін жасау.
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамытужұмысы. (МК,Ұ, Ө)Оқылым. Оқулықтың 71-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
«Ү» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (үкі – үкімет), сөз ортасына (күш – күші), сөз алдына (үш – күш) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «үкі»,
«үкімет» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.
Мақалды тыңдатып, мағынасын түсіндіру.
Жазылым Оқулықтағы «ү» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«Ү» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«Ү» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Өтілетін жаңа дыбысы бар
«күшік» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «кү-шік» деп буынға бөледі.
«Кү-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылып айтылып тұрғанын табады.
«Ү» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Түймелерден «ү» әрпінің сұлбасын жасайды.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Мұғалімнің қолдауымен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «үкі»,
«үкімет» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқиды.
1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы
«ү» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.
Оқушыларға қолдау көрсету.
Мақтау, қолдау
Түймелер. Әріптің жазылу үлгісі
Оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
Оқулық Жазу дәптері
238
2. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –
«Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».