|
2. Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату.
Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады, сонымен қатар бүгінгі сабаққа қажетті алдыңғы
білімдерін еске түсіреді. Топтық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады.
|
Оқушының қолында өткен әріптерге қатысты сөз жазылған қағаз болады. Оны кез келген оқушының қолына салып кетеді, ол оқушыны балалар табады, сөз берілген оқушы сөзді оқып, сол әріп туралы білетінін айтып береді, айта алмаса, айып ретінде өз
өнерін көрсетеді.
|
|
Ақ қағаз
|
Сабақтың ортасы (26 мин)
|
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Т» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Т т» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Т т» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:
а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
– Суреттегі үлкен кісі кім?
|
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бұл – ата. Ол баланы атқа отырғызды. Бала – атаның немересі».
Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.
«Ол баланы атқа отырғызды» сөйлемінде неше сөз бар екендігін анықтайды.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «ат» сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзде бір дауысты дыбыс болғандықтан, бұл сөз бір буынды екендігі айтылады.
«Ат» сөзін «ат-т-т» деп созып айтып, жаңа
«т» дыбысын анық естиді.
|
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
|
Суреттер, оқулық
Сызба
Сызба, оқулық
|