Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер
|
Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды.
Дамытушылық: мәтіннің мазмұнын баяндайды; орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрайды; әріптердің орнын ауыстыра отырып, жаңа сөздер жасайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
|