Кәсіпорын сатып алынатын тауардың 15% төлеуге міндеттейтін әдеттегі несиеге қарағанда лизинг 100% несиелеуді көздейді және төлемдерді дереу бастауды көздемейді. Лизинг кезінде контрак мүліктің толық құнына жасалады;
қол жетімділігі, әсіресе орта және шағын кәсіпорындар үшін. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде жабдықтың өзі болады деп көзделеді. Жалға алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда лизинг компаниясы өз мүлкін дереу тартып алады;
лизинг келісімі ссудаға қарағанда икемді болып табылады. Лизинг кезінде жалға алушы өзінің табыстарының түсуіне есептеп, жалға берушімен бірге өзіне қолайлы қаржыландыру кестесін жасауы мүмкін. Төлемдер ай сайынғы, тоқсан сайынғы және т.б. болуы мүмкін;
жабдықтың eскipy қауіпі толығымен лизинг берушіде болады, оның жабдықтар паркін үнемі жаңартып тұру мүмкіндігі бар;
лизинг алушы лизинг кезінде сатып алуға қарағанда көбірек өндірістік қуаттарды пайдалана алады. Лизинг арқасында уақытша босатылған ақша қаражаттарын ол басқа мақсаттарға жұмсай алады;
Сонымен, несиелік қызметтер нарығының қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс факторлары тарапынан тепе тең болып табылатын шарттардың қажеттілігіне негізделуі керек. Несиелері ұсыну тарапынан шарттарды банктер және өзге де несие мекемелері ұсынады:ал несиеге ұсыныс тарапынан шарттарды ауылшаруашылық кәсіпорындар ұсынады. Жиынтығында олар несиелік қаржыландыруға ауылшаруашылық кәсіпорындардың қол жеткізуін қалыптастырады. Инвестицияларды тартудың маңызды мүмкіндігі ретінде жабдықтар лизингі табылады. Сондықтан, шаруашылықтар үшін лизинг кестелерін қолдану олардың несиелеуге қол жеткізуін қамтамасыз етумен қатар инвестицияларды тарту мүмкіндігі ретінде қарастыру керек.