Лизинг қатынастарының дамуы үшін қажетті алғашқы шарттарды көрсетіп кеткен жөн:
кез келген үлгідегі ұйымдастырушылық құқыктық нысандар түріндегі мемлекеттің заң шығару бағыттарымен аумақтық лизинг дамуының өзара байланысының тиімді жүйесін құру;
әкімшілік шектеулерді минимизациялау негізінде лизинг берушілердің мүддесін қалыптастыру.
Аталған кесте бойынша несиелерді тартуды ынталандыру үшін банктерге салықтар бойынша жеңілдіктер берген жөн, олар лизингті қаржыландыру үшін нақты инвестициялардың 20% құрауы керек. Олардың қажетті шарты ретінде банктердің лизинг алушылардың қайта қаржыландырудың минималды мөлшерін (жылына 7% аспайтын) алу және әрекет етуші жеңілдік жағдайларды шаруашылықтар үшін сақтау міндеті болуы керек.
Лизинг мәмілелерінің тәуекелін сақтандыру құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуттарының бірі мүмкін болатын құқыққа қарсы әрекеттерден қорғану тәсілі ретінде қарастырылуы керек.Ол ауылшаруашылы жалдаушылардың жалға берушілердің заңға қайшы әрекеттерінен қорғану шарасы ретінде қарастырылуы керек. Сeбeбi, жалға берушілер шартты бipжақты тәртіпте ешбір экономикалық салдарсыз және екінші тараптардың шығындарымен санаспай бұза алады.
Жауапкершілікті сақтандыру жалға берушілер мен олардың несие берушілеріне жалдаушылардың арам ниетті әрекеттерінің жағымсыз салдарын алдын алуға үмкіндік береді.
Несие механизмін жетілдірудің маңызды проблемасы ретінде ауылшаруашылық мақсаттардағы жерлерді ипотекалык несиелеу табылады, ол ұзақ мерзімді несиелеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Қабылданған ҚР Жер кодексі (2003ж.) ауылшаруашылық мақсатгағы жерлерге меншік құқығын көздейдці ол тауар өндірушілерге банк жүйесінің көмегімен кепілге қоюға және ұзақ мерзімді несиелер алуға, яғни ипотекалық несиелеуді енгізуге мүмкіндік береді. Бірақ осы уақытқа дейін осы жерді ұзақ мерзімді несиелер алу үшін кепілге салу механизмі жетілдірілмеген. Нәтижесінде, сәйкес нормативтік - құқықтық актілерді қабылдау қажеттілігі туындайды.
Ауыл шаруашылығындағы ипотекалық несиелеудің дамуы ауылшаруашылық тауар өндірушілердің несие ресурстарына, жылжымайтын мүлікті кепіл ең қамсыздандыру қажеттілігінен туындайды. Ауылшаруашылық тауар өнімдерін өндірушілерге несиелік қызмет көрсету проблемасын шешу экономикалық қатынастарды әлемдік тәжірибені ескере отырып, экономикалық қатынастарды қайта құру арқылы мүмкін.
Қазақстандық аграрлық секторда дамыған нарық капиталы жоқ; жалпы алғанда несие нарығы шектеулі болып табылады, ал лизинг қызметтерінің нарығы даму үстінде. Нарықтық сұраныс тарапынан дамымауының негізгі себебі болыпауылшаруашылы кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі табылады. Сұраныс тарапынан нарықтың дамуы мемлекеттік қолдау институттарының әрекет етуші институттарының жетілмегенімен және механизмдерінің тиімсіз болуымен байланысты.