Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Лизинг процессін тежеп отырған екінші маңызды фактор



бет37/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Лизинг процессін тежеп отырған екінші маңызды фактор - техниканы бергенге дейінгі аванс төлемдері, олар бірінші жылдағы төлемдермен қатар технканың бастапқы құынының шамамен 25-30% құрайды. Қарапайым есеп бидай жинайтын комбайынның нарықтық бағасы 45 мың долл, болған фермер алғашқы жылы кем дегенде 11-13,5 мың долл төлеyi керек екенін көрсетіп отыр. Сондықтан, аванс төлемдерін төлеуді бір жылға теңдей бөліп тастау ұсынылады. Бұл фермерлерге лизинг телемдерш дифференцияланган түрде, оны алу үшін жалданған техника пайдаланылған өнімді сатудан табыс тапқанға қарай жасауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығын өндірістік техникалық қамсыздандырудың маңызды міндеттерінің бірі ретінде жаца техникаға поотенциалды тұтынушылар тарапынан төлем қабілеттілігі бар сұраныстың бар болуы табылады. Бұл, өз кезегінде, болжамдар бойынша «өсу полюстары» болуы мумкін салаларды мемлекеттік қолдауды күшейтуді талап етеді. Ауылшаруашылық өнімдердің бағалары көлік трактор паркін жаңғыртуға қаражаттар жинауды (амортизациялық қор) қамтамасыз ететін деңгейде ұстап тұру үшін жеткілікті деңгейде болуы керек. Нәтижесінде, ауылшаруашылық саланы қолдау арқылы жаңа техникаға төлем қабілеттілігі бар сұраныс қамтамасыз етіледі, ал ол өз кезегінде отандық ауылшаруашылық көлік құру саласының дамуына өз ықпалын тигізеді.
Ауыл шаруашылығының жоғарыда көрсетілген жағдайы бағалар диспаритеті және ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің төмен төлем қабілеттілігінің салдарынан объективті түрде дамыған шет елдердегідей мемлекеттің ауылға экономикалық қолдау көрсетуін талап етеді.
Бұл аса қажет болып табылаады, ceбeбi, егістіктің Қазақстандағы табиғи өнімділігі АҚШ құарағанда 2,7 есе, ал Батыс Еуропаға қарағанда 2-2,2 есе төмен. Ресейдегі өндірістің энергиялық өнімділік көрсеткіші АҚШ қарағанда 4 есе, ал металл өнімділігі 5 есе артық, еңбек интенсивтілігі мен өнімділігі елеулі төмен, малдың өнімділігі мен егістіктер өнімділігі төмен.
Дамыған нарықтық экономикасы бар барлық елдер өз бюджетінің елеулі бөлігі аграрлық секторды қолдау үшін жұмсайды, ceбeбi, оған олардың өнімдік қауіпсіздігі байланысты болады.
Дамыған елдерде прокъюремент жүиесі кеңінен тараған, ол экономиканы мемлекетітк реттеудің 6ip бағыты болып табылады.Өнімді сатып алуды бюджеттің барлық деңгейлерінің қаражаттары, бюджеттен тыс қорлар, әлемдік банктердің несиелері есебінен ұйымдастыру.
Прокъюременттің ең тиімді тәсілі болып конкурстық саудалар табылады. Оларда мемлекетпен уәілеттілік берген органдар өнім мен қызметтерін жеткізушілерді конкурс негізінде олардың минималды бағасына, сапасына, жиынтықтылығына, тасымалдауға шығындар көлемiне және өзге де факторларға қарап ipiктейді. Мәнісі бойынша бұл жеткізушілерге мемлекетік тапсырыстар жүйесін оның мақсаты мемлекеттің бюджеттік қаражаттарын ең тиімді пайдалану және сапасы, жиынтықтылығы, минималды бағасы бойынша тұтынушылар талаптарын қанағаттандыраты өнімдер мен қызмегтерді жеткізу. Индустриалды дамыған елдерде мемлекетгік шығында жиынтық ішкі табыстың шамамен жартысын, дамып жатқан елдерде - шамамен оның төрттен бірін құрағандықтан елдің қаржылық ресурстарын рационалды түрде пайдалануда мемлекеттік тапсырыстың (прокъюременттің) ролі анық болады. Мемлекеттік тапсырыс жуйесі тауарлар мен қызметтер нарығының стихиялық түрде дамуының негативті ықпалын жоюға, оның сыйбайлас экономикаға ауысуының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттің материалдық резервтерді құрған кезде, қорғаныс қажеттіліктерін материалдық техникалық қамсыздандыру кезінде, мемлекеттің халықаралық міндеттерін орындау үшін қажетті өнімнің экспорттық жеткізуін және мемлекеттік мақсаттағы бағдарламаларды жүзеге асырған кезде мемлекеттік тапсырыс өте тиімді болып табылады. Ол экономиканың барлық салалары, әcipece, әрбір елдің өнімдік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар ауылшаруашылығы дамуын мемлекттік реттеу міндеттеріне сәйкес келеді.
Осы көрсеткіштер бар болған көлік тракторлық паркті жаңғыртып, ауылшаруашылық техника лизингіне қажеттіліктің едәуір бөлігін қанағаттандыруға және қазақстандық лизинг компанияларының арасында басым орынға ие болуға мүмкіндік берді.
Сонымен, инвестициялық капиталға ауылшаруашылық кәсіпорындардың қол жетуін мемлекеттік қолдау бағдарламалары аграрлық сектор үшін оларға төлем қаблеттілігі бар кәсіпорындардың қол жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, несие және лизинг қызметтерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бірақ осы жүйе толығымен мемлекеттік субсидияларға негізделеді. Ал ол нарықтық механизмдерді өзгертіп, коммерциялық қаржылық институттарды аграрлық секторға тартылуын ьшталандырмайды. Қазақстандық ауылшаруашылық құрылымдардың көпшілік бөлігін құрайтын мерзімі жіберілген несиелік қарызы бар шаруашылықтар үшін инвестицияларға қол жеткізу туралы мәселе тік интеграцияланған құрылымдарға ену жолымен шешілуі мүмкін.
Несиенің осы түрі мақсатты түрде ары қарай лизингке беру үшін, сондай ақ осы техниканы сатып алу үшін жұмсалған ақша қаражаттарын қайтарып алу мақсатында жаңа ауьшшаруашылық техниканы сатып алу үшін берілетінін ескерген жөн. Белгіленген жеңілдіктер өткізілетін лизинг операцияларын ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін мүлікті сатып алудың басқа түрлеріне қарағанда тиімді болып табылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы дамуына немқұрайлы қарайтын және өнімді жеткіліксіз дәрежеде шығаратын мемлекет басқа мемлекеттерге тәуелді болып табылады. Сондықтан, ауыл шаруашылығын дамуы басымдылығы әлемдік қауымдастықты басқарып отырған мемлекеттер үшін де маңызды болып табылады. Көптеген елдер аграрлық саясатты басым, стратегиялық деп қарастырады.
Қазақстанда қаржылық лизинг кеңінен тараған. Лизинг шартын жасасқан кезде жалдау төлемін дұрыс есептеу қажет, оның мөлшеріне төмендегілер ықпал етеді: баж мөлшері банктердің несиелік пайыздық ставкаларры, лизинг фирмасының нормативтік пайдасы және техниканы жұмыс қалпында сақтау үшін қажетті шығындар. Сонымен, ауылшаруашылық өндipiciндe лизингті тиімді пайдалану үшін басқа шаралармен қатар нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық әдістемелік базалар, соның ішінде техника мен асыл тұқымды малдарды сатып алу үшін лизинг қорын пайдалану тәртібін қайта қарау, техникаға лизинг мерзімін ic жүзінде тозғанға деиін ұзарту, бастапқы жарнаны 8-10% дейін азайту, лизинг операцияларын жүзеге асырған кезде қамтамасыз ету өткізу үстемесін минималды мөлшерлерге дейін азайту, лизинг берушінің пайдаланудың барлық мерзімінде техникалық қызмет көрсетудің кеңейген шараларын жүргізген кездегі лизингтік көліктерге материалдар мен қосалқы бөлшектерді жеткізу міндеті.
Лизинг операциялары бойынша кеден баждары мен лизинг операциялары, мүлікті лизингке беру бойынша салықтарды, соның ішінде, ҚҚС төмендету; лизинг берушіні шарттар бойынша кем дегенде үш жыл мерзімге пайдаға салынатын салықтан босату, алған мүлікке салық салмау ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет