Қазақстанда фьючерстік мәмілелер жасалады: май зауыттары жеміс есебінен қайтару үшін жанар жағар майлар, жаңа ауылшаруашылық техникасын, ақша қаражаттарын береді, ал жылдың аяғында олар май зауыттарына қайтарылады.
Несие ресурстарын және ең алдымен бюджет қаражаттары есебінен барлық ресурстарды (субсидиялар мен несиелер) шоғырландыру үшін Ауылшаруашылық банкті құру. Оның қызметінің басым бағыттары ретінде төмендегілерді есептеу керек: AӨK және оған ұқсас салалардың кәсіпорындарына кешенді қызмет көрсету; ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілерге жақындау; материалдық техникалық базаны қаржыландыру үшін орта және ұзақ мерзімді ресурстарды қалыптастыру. Несие ұйымы мемлекеттік бағдарламаларға тікелей несиелеу, кепілдіктер беру, есеп айырысу төлеу операцияларын жүзеге асыру, қазіргі заманғы банк технологияларын енгізу арқылы қатысуға міндетті. Банк мекемесі агроөнеркәсіп өндірісін қаржылық қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруда қатысуы керек; тікелей несиелеу, кепілдіктер беру, облигациялар шығару есебінен ұзақ мерзімді ресурстарды қалыптастыру арқылы лизинг компанияларына қызмет көрсету; ауылдың несие серіктері жуйесімен ынтымақтастық.
Жақынарада дамуға жататындар: тұрақты жұмыс жасайтын, қаржылық тұрғыда тұрақты ауылшаруашылық кәсіпорындар олардың ұйымдастырушылық құқықтық нысанына қарамастан; ауылшаруашылық тауар өндірушілермен өзара тиімді және ұзақ мерзімді шарттар жасаған тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындары; олардың тиімділігі жоғары инвестициялық жобалары және ликвидтік қамсыздандыруы бар кәсіпорындар; бәсекеге қабілетті өнім алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары технологияларды қолданатын кәсіпорындар. Нәтижестнде ауылшаруашьшық құрылымдарды қаржылық жағынан тұрақтандыру бойынша басты бағыттар анықталады.
Ол үшін ауылшаруашылық құрылымдарын шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады: төлем қабілеттілікті қалпына келтіруді қамтамасыз ететін, қарыздардың жиналуын алдын алу, ішкі ресурстарды шоғырландырып, олардың қаржылық тұрақтылығын болдыратын кеңейтілген қайта өндірісті тұрақты және динамикалық түрде жүргізу.
Қарыздар жиналуын болдырмау үшін өнімнің негізгі түрлері және ауыл шаруашылықтың жіне өзге де салалардың арасындағы бағалар паритетін белгілеу қажет. Ауылшаруашылық құрылымдардың қаржылық экономикалық жағдайы тұрғысында, оларды ресурстарен қамтамасыз ету деңгейін ескере отырып: қарыздары аз және тұрақты экономикалық жағдайымен сипатталатын рентабельдігі жоғары; өзінің өндірістік потенциалын жоғалтып, қарыздары бар, бірақ шаруашылық қызметті жүргізуге қабілетті рентабельдігі төмен және шығынға батқан; ресурстары жоқ, яғни формальды түрде бар және банкроттық процедурасын қолдануды қажет ететін деп белуге болады.