Дәріс №14-15 Тақырыбы: Ауылшаруашылық лизинке мемлекеттің қатысуы
Мемлекеттік қаражаттарды салудың тиімділігін есептеу. Несие берудің айрықша нысаны ретінде қаржылық лизинг табылады. Белгілі болғандай, Қазақстандағы ауылшаруашылығы дамуы үшін ауылшаруашылық техника паркін жаңғырту және кеңейту, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану қажет. Көптеген ауылшаруашылық өнімдерін өндipyшiлep айналымдағы қорлары және кепілге салу үшін активтері жeткiлiкciз болғандықтан, қажетті техниканы сатып алуға мүмкіндігі болмайды, бірақ оны лизинг негізінде сатып алуға дайын. Инвестициялық механизм ретінде лизингтің кеілдіктер кестесі «ашық» және тиімді болып келеді. Мүлiк, лизинг берушінің меншігі ретінде лизинг шартының әрекет ету мерзімінде сақталады, ол лизинг берушінің кепілдіктерін қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады.
Банктік емес несиелеу кестелеріне лизингті жатқызуға болады. Қазақстанда лизинг қатынастарын дамытудың зандық негізі қалыптасқан. Лизингтің ең негізгі нысанын пайдаланған жөн-жедел және қаржылық. Жедел лизинг қысқа мерзімді жалдау шарты болып табылады, ол бойынша ауылшаруашылық өнім өндіруші жабдықты, техниканы лизингке алған кезде активті активтің қызмет ету мерзімімен аз мерзімде пайдалануға мүмкіндік алады (маусымдық шарттар). Қазақстанда қаржылық лизинг кеңінен таралған, ол қызметтің инвестициялық түpi болып табылады. Лизинг шартына сәйкес лизинг беруші лизинг шартымен көзделген лизинг пәнін сатып алушыдан меншікке алуға және оны лизинг алушыға белгілі бip төлеммен, белгілі бip мерзімге (амортизация мерзімінің кем дегенде 80%), уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға береді, ал лизинг алушы лизинг шартына сәйкес төленуге жататын мерзімді төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Лизинг пәніне меншік құқығы лизинг алушыға лизинг шартының мерзімі аяқталған соң өтеді. Егер лизинг шарты аяқталғанға дейін лизинг алушы лизинг шартымен көзделген соманы толығымен төлеген кезде меншік құқығының ауысуы көзделген болмаса.