Лизинг туралы әрекет етуші заңдардағы маңызды проблема - бұл лизинг беруші меншік иeci бола тұра арам ниетті лизинг алушыдан өз міндеттерін орындамаған жағдайда лизинг пәнін соттантыс тәртіпте тартып алу мүмкіндігінің, лизинг шартын жедел түрде бipжақты тәртіпте бұзуға, лизинг пәнін алып жедел турде басқа да лизинг алушылар арасында тарата алмауы.
Аталған проблемаларды шешу үшін біздің ойымызша, 17 және 24 баптарына өзгерістер енгізу керек. Бұл тараптарға шартта оны бір жақты тәртіпте бұзу және немесе техниканы алып қою жағдайларын өз еркімен анықтауға мүмкіндігін заңда бекітуге мүкіндік береді.
Салық кодексіне өзгерістер eнгізy қажеттігі туралы: Заңның 21 бабына сәйкес лизинг төлемдері - лизинг пәнінің лизинг шартын жасасқан сәттен барлық құны немесе оның негізгі бөлігінің амортизациясын ескере отырып есептелген және лизинг шартының барлық мерзімінде жүзеге асырылатын мерзімді төлемдер. Оған кіретіндер:
- лизинг берушіге лизинг пәнін сатып алуға кеткен немесе лизинг пәнін тікелей сатып алып, жеткізу бойынша және лизинг шартына сәйкес оны мақсатына сай пайдалану үшін жұмысқа қосу бойынша шығындарды өтеу;
- лизинг бойынша сыйақы.
Лизинг төлемдерінің бірінші құрамдас бөлігі мәнісі бойынша 7 Бухгалтерлік есеп стандарттарында «тауарлы материалдық запастарды есепке алу» берілген тауарлы материалдық запастардың өзіндік құны анықтамасына сәйкес келеді. Сонымен, лизинг төлемі екі құрамдас бөліктерден тұрады: лизинг пәні бойынша өзіндік құнын өтеу және лизинг бойынша сыйақы. Лизинг алушыда айналымдағы қорлардың кетуін азайту мақсатында лизинг шартында лизинг берушінің ҚҚС төлеу мерзімін лизинг төлемдерiн алумен бірге бекіткен жөн. Ол үшін Салық кодексінің 216 б. 2 б. келесі тармақшамен толықтыру ұсынылады: «Лизинг алушы негізгі қор ретінде мүлікті қаржылық лизингке алған кезде өткізу бойынша айналымды жүзеге асыру күні ретінде қаржылық лизинг шартына сәйкес лизинг төлемін алған күні есептеледі. Сәйкесінше, мүлікті қаржылық лизингке берген кезде салық салынатын мүлікті анықтау үшін. Салық кодексінің 217 бабын 8 бөлікпен толықтыру керек: «Лизинг алушы негізгі қор ретінде мүлікті қаржылық лизингке алған кезде, салық салынатын айналымның мөлшерін анықтаған кезде оған сыйақы мен ҚҚС қоспағандағы айналым жасалған кундегі лизинг төлемін негізге алу керек».
Жоғарыда айтып кеткендей, мүлікті лизингке беру ҚҚС тек қана сыйақы бөлігінде босатылады, егер ондай беру Салық кодексінің 74 бабына сәйкес болса және лизинг алушы ол мүлікті негізгі қор ретінде алатын болса.