Қаржылық лизингті реттеуді жетілдіру мақсатында: «Қаржылық лизинг туралы» Заңның 12 б. 1 б. 4 т. Сәйкес лизинг алушы лизинг беруші лизинг шартын бipжақты тәртіпте тоқтатқан кезде лизинг төлемдері мен аванс телемдерін қайтаруды талап етуге құқылы. Бipaқ, қай төлем аванстық болып табылатыны және қай мерзімге деиін аванстық болып қалатыны белгісіз.
Заңмен тараптардың бipeyiнің (соның ішінде, лизинг берушінің) бастамасы бойынша лизинг шартын тоқтатудың соттық ғана тәртібі көзделген. Сонымен, лизинг берушінің бастамасы бойынша лизинг шартын бұзу лизинг алушы лизинг шарты бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Шартты бipжақты тәртіпте бұзу сот шешімін шығаруды көздейді, сондықтан, лизинг алушы құқықтарын шектеу мүмкін емес болып табылады. Аванс ретінде төленген сомалар лизинг шарты әрекет етушінің барлық мерзімінде аванстық төлем мәртебесіне ие болады. Осы жағдайда лизинг алушы лизинг мерзімі аяқталғанға дейін аванспен төлемдер толей отырып, лизинг шартын дәлелді бұзған кезде әрекет етудің қалған мерзімінде лизинг берушімен аванс түрінде төлеген сомалардың барлығын талап етуге құқылы. Осындай ереже лизинг берушіге қатысты әділетті емес болып табылады, ceбeбi, лизинг алушы қаржылық лизинг шартының мерзімі аяқталғанға деиін лизинг пәнін иеленіп, пайдаланды. Біздің ойымызша, Заңның 12 б. 1 б. 4 т. Лизинг алушыға лизинг берушіден оған төлеген қаражаттарды қайтару мүмкіндігі туралы ережемен толықтырған жөн. Осы толықтыру лизинг алушылар тарапынан белгісіздікпен арам ниеттілік жағдайларын алдын алуға мүмкіндік береді.
Заңның 15 б. 2 б. 10 т. Сәйкес лизинг шартының елеулі ережелерінің бірі ретінде лизинг пәнін міндетті сақтандыру болып табылады. Сонымен қатар, лизинг шартымен лизинг берушінің немесе лизинг алушының лизинг шартын сақтандыру міндеті көзделуі мүмкін деп көрсетілген (Заңның 206. 2б.), яғни лизинг шартын сақтандыру міндетті емес деп көрсетілген.
Міндетті сақтандыруды алып тастау дурыс болып табылады, ол лизинг шартына қатысуышарға осы мәселені өз еркімен шешуге мүмкіндік береді.
Лизинг алушы лизинг беруші тарапынан қаржылық тұрақтылығы бар тұлға, ол лизинг пәнін сақтандырмауға құқылы болып табылады, ал ол өз кезегінде лизинг бойынша шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселен, ЖШС «Бидай лизинг компаниясының» ресейлік комбайндар мен тракторларды сақтандыру бойынша тәжірибесін керсетіп отырғандай, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларының ресейлік тракторлар мен комбайндарды сақтандыру ставкалары жылдық 2,5-6% құрағанын көрсетіп отыр. Сақтандыру шарты әдетте ары қарай пролонгация мүмкіндігін бере отырып, бip жыл мерзімге жасалады. Сыйақы мөлшері жыл аяқталған соң анықталады. Лизинг шартының келесi елеулі ережесі болып тараптардың бірінe мемлекеттік тіркеу бойынша міндеттерді жүктеу табылады. Осы шарт лизинг пәні ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүлік болған кезде (мысалы, егу агрегаттары) қолданылмайды. Яғни, лизинг шарты жасалмаған болып есептеледі.