Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Лизинг мәмілесінің мақсаты



бет29/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Лизинг мәмілесінің мақсаты - лизинг алушының негізгі қорларды сатып алуы, ал лизинг беруші осы инвестициялық операцияның несие берушісі болып табылатындықтан, лизинг берушінің лизинг пәніне меншік құқығының сақталуы лизинг алушы үшін осы мүліктің бағасы өcyiне әкеп соқпайтын салық салу жағдайларын жасау керек. Жеңілдктерді лизинг беруші емес, лизинг алушы беруі керек. Олай болмаса, аталған санаттағы тауарлы қаржылық лизинг арқылы сатып алу пайдалы емес болады, ceбeбi, лизинг кестесі арқылы алынатын тауарлық құны лизингсіз тікелей сатып алынған тауарлардан төмен болады. Лизинг алушы лизинг берушіге ҚҚС төлеуге міндетті болады, ал ол сол тауарды тікелей (импортпен) сатып алған кезде ол аталған сомаларды төлеуден босатылар еді.Шаруа (фермер) қожалықтары үшін импорттық ауылшаруашылық техниканың лизинг құнының бұрынғы бағалармен салыстырғанда 16% қымбаттау фактісі ол лизинг шартымен техника сатып алу кезінде күрделі болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылығындағы лизинг мақсатына сай емес болып келеді ceбeбi, ол лизинг кестесінен тыс тікелей сатып алу немесе импорттауға қарағанда, техниканың қымбаттауына әкеп соғады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық техниканы өз бетімен тек қана ipi ауылшаруашылық құрылымдар сатып ала алатынын, ал республикадағы көптеген орта және ұсақ тауар өндірушілер үшін қаржылық лизинг ескірген комбайндар мен тракторлардың паркін жаңартып, модернизациялаудың жалғыз адресі болып табылатынын ескерген жөн.
Бұрын әрекет еткен салық заңнамасында ауылшаруашылық, соның ішінде, агролизинг үшін елеулі жеңілдік ретінде ауылшаруашылығында қолданылатын тауарлар импорты кезіндегі есепке алу әдісі табылатын, ол техниканы ҚҚС төлемей импорттауға, яғни ҚҚС салынатын өзіндік айналымдарға ҚҚС төлеуді кейінге шегеруге мүмкіндік берген. Осы жеңілдік өте маңызды болып табылады, ceбебі, ауылшаруашылығында пайда табудың маусымдық сипатын ескеруге мүмкіндік береді. Есепке алу әдісі лизинг компанниясына ауылшаруашылық техниканы импорттаған кезде оны өндіруші зауыттың бағасы бойынша ҚҚС төлемей лизингке беруге мүмкіндік береді.
Бірақ Салық кодексінің 250 бабымен ауылшаруашылық техника импорт кезіндегі есепке алу әдісі қолданылатын тізімнен алынып тасталған. Сонымен бірге, қазіргі жағдайда және республикадағы ауылшаруашылық техникамен қамсыздандыруға қатысты қазіргі тенденцияларға сәйкес ауылшаруашылық тауар өндірісінде пайдаланылатын тауарлардың импорты үшін осы жеңілдікті алып тастау дұрыс емес деп есептейміз. Сонымен, ауылшаруашылық өндірісте пайдаланылатын тауарлар импорты кезінде ҚҚС есепке алу әдісін қолдана отырып, төлеуге мүмкіндік беретін 250 бапты осы редакцияда жазу ұсынылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына «пайдаланылған лизинг» терминін қосу және лизинг алушыға бұрын сатып алған техниканы беру міндеті бөлігіндегі қаржылық лизинг анықтамасын түзетуге «иә» деген аргументтерді көрсетіп кетеиік.
Техниканы сатып алуға икемді әдісті пайдалану (сатушының маусымдық, көтерме және өзге де жеңілдіктерді аса қажет техникаға сұраныс пен ұсынысты есепке алу мүкіндігі; мамандарды жабдықтарды таңдап сатып алу үшін тарту мүмкiндiгi.
Лизинг пәнін лизинг беруші белгілі бір жеткізушіден көтерме баға бойынша сатып алуы лизинг алушының белгілі бір тапсырмасы бойынша бір бірлік тауар сатып алғанға қарағанда, лизинг алушы үшін де лизинг беруші үшін де экономикалық тұрғыда тиімді болып табылады.
Көтерме сатып алу лизинг алушының да лизинг берушінің де ақша қаражаттарын лизинг пәнін жеткізу бойынша шығындарын тарату есебінен үнемдеуге мүмкіндік береді ceбeбi, көлік және өзге де шығында көптеген техникаға кетеді сол арқылы техника бірлігіне кеткен қосымша шығындар азайтылады.
Салынған қаражаттардың қайтарылмауы қаупін төмендегі (техниканы қайтарған кезде сату немесе жалға беру ғана мүмкін, ол сыйақы мөлшерінде көрсетілген пайданы лизинг берушінің алуын болдырмайды).
Заңнаманың кемшілігі «Пайдаланылған лизинг» терминінің болмауы, ол техниканы қайтадан лизингке беруге мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет