Елтаева Қ. Е. Алматы: ҚазҰАУ, 2018. 80 бет


Лизинг арқылы техника мен жабдықтар алған кезде мемлекеттік қаржылық қолдауды кеңінен қолдану



бет38/40
Дата27.09.2024
өлшемі206,63 Kb.
#205240
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Лизинг дәрістер жинағы

Лизинг арқылы техника мен жабдықтар алған кезде мемлекеттік қаржылық қолдауды кеңінен қолдану: ауылшаруашылық техниканың лизингі бойынша оның бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін сыйақы (мудде) мөлшерін өтеу; техниканы лизингке берген кезде ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қолдауға қаражаттар бөлу.
Қалыптасқан халықаралық тәжірибе мен елде қалыптасып жатқан қолайлы экономикалық жағдайды ескере отырып, лизинг қызметтерінің ары қарай дамуын агролизинг саласына iшкі және сыртқы инвестицияларды ынталандыруға негізделуі керек. Сонымен қатар, мемлекет лизинг операцияларындағы ауылдық тауар өндірушілердің кепілдік берушісі болуы керек.
Осы мақсаттарда лизинг мәміелелрі бойынаша мемлекеттік кепілдік берудің арнайы қорын құрған жөн. Лизинг компаннияларына беріліп отырған кепілдіктердің мөлшері заем шартына қарай дифференциалды түрде белгіленуі мүмкін және ол лизинг алушылардан түспей қалған төлемдердің 70-80% жабатындай болып белгіленуі керек.
Сонымен қатар, несиелер тартуды ынталандыру үшін eкінші деңгейдегі банктерге (конкурстық және лицензиялық негізде) лизингті қаржыландыруға нақты инвестициялардың 20% дейін мөлшерде салық жеңілдіктерін беру керек. Осындай жеңілдіктерді алған банктер лизинг компанияларына несиелерді минималды пайыздық ставкалар бойынша беруі керек.
Осы мақсаттарда қысқа мерзімді және жеңілдік арқылы несиелеудің арнайы мемлекеттік қорларын, несие ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін аграрлық өнімді өндірушілердің лизингтік жәе ипотекалық қорларын құру қажет. Коммерциялык құрылымдардың ауылшаруашылық өнімді барлық технологиялық шығындары бойынша өндіру және қайта өңдеу бойынша пайызсыз несиелендіру жүйесін енгізген жөн. Өз кезегінде ауылшаруашылық құрылымдар қарыздарды өтеу мақсатында коммерциялық құрылымдарға өндірілген өнімнің бір бөлігін ары қарай өңдеу және өткізу үшін беруге міндетті.
Аграрлық өндіріcme ортақ қаржыландыруды қолдану қажет: ауылшаруашылық өнімін өндіруші несиенің 20% мемлекет - 70% , банктер - 10% қамтамасыз етеді. Бұл макроэкономикаға дұрыс ықпалын тигізетін бюджет каражаттарын жұмсауды қысқартады, аграрлық өндірістің тиімділігін арттырады. Ауылшаруашылыкқ өнімін өндірушілерге тауарлық несие беру үшін фьючерсті форвардтық мәмілені қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет