Мектеп жасындағы балалардың тамақтануы туралы
Мектептің атауы
|
Тамақтанумен қамтылған оқушылар саны
|
Тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны
|
Елтай орта мектебі
|
Ыстық тамақ
|
Жалпы мектеп саны көрсетк
|
Буфет тамақ
|
Жалпы оқушы саны көрсетк
(%)
|
Ыстық тамақ
|
Жалпы мектеп саны көрсетк
|
Буфет тамақ
|
Жалпы оқушы саны көрсетк
(%)
|
2014-2015
|
0
|
0
|
192
|
100%
|
0
|
0
|
10
|
5,2%
|
2015-2016
|
0
|
0
|
203
|
100%
|
0
|
0
|
6
|
3%
|
2016-2017
|
0
|
0
|
188
|
100%
|
0
|
0
|
6
|
3.2%
|
2014-2015 оқу жылында жаппай біліммен қамту қорынан 125 964 теңгеге қысқы киімдер әкелінді. Келген киімдер бойынша комиссия құрылып, оқушыларға таратылды.
Сонымен қатар, «Мектепке ақ жол» республикалық акция шеңберінде мұғалімдер де атсалысты. Аудан әкімінің ұйымдастыруымен өткен шыршаға 1 ата-ананың қамқорынсыз қалған бала қатысты.
Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша мектеп жанындағы «Балдырған» алаңына тұрмысы төмен және көпбалалы отбасынан келген оқушылар қатысты. Өскемен қаласындағы «Балақай» жазғы сауықтыру лагеріне 10 күндік жолдамамен 7 оқушы жазғы демалыста демалып келді.
2. БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ
Мектепішілік бақылау
Елтай орта мектебінде мектепішілік бақылауды өткізудің ережесі педагогикалық кеңеспен бекітіледі.
Бұл Ереже әкімшіліктің мектепішілік бақылауды жүргізу тәртібі мен мазмұнын реттейді.
Мектепішілік бақылау — білім беру үдерісінің жай-күйіне, білім беру мекемесі қызметінің негізгі нәтижелеріне диагностика жасау үшін ақпараттың басты дереккөзі. Мектепішілік бақылау ретінде мектеп әкімшілігі мүшелерінің басшылық ретімен мектеп қызметкерлерінің ҚР-ның, министрліктің, департаменттің, мектептің білім беру саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді сақтауына бақылау жасау жүргізуі түсініледі.
Мектепішілік бақылау рәсімдерінің алдында лауазымды тұлғалар оны өткізу мәселелері бойынша нұсқамадан өткізіледі.
Білім сапасын басқару мектепішілік бақылау жүйесін қарастырады. Оқу –тәрбие үрдісінің барлық буындардың қызметінің үйлесімділігіне және зерттеуіне дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін мектепте мектепішілік бақылау (МІБ) бойынша жоспар құрылған. МІБ бойынша жұмысты оқу–тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары бағыттайды. Мектептегі мектепішілік бақылау оқу –тәрбие үрдісінің барлық буындардың қызметінің үйлесімділігіне және зерттеуіне бағытталған әрбір құрылымдық бөлімшелерде (мектептің әдістемелік кеңесінде, ӘБ, директор алдындағы отырыстарда, оқу ісінің меңгерушілері алдындағы отырыстарда) және барлық бағыттар қызметтер бойынша жалпы мектептік масштабта жүзеге асырылады. Мектепішілік бақылаудың негізгі объектілері:
Мектепте әдістемелік жұмыс жағдайын және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды бақылау.
Оқыту және оқу бағдарламасының талаптарының орындалуын бақылау.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырылуын, мазмұнын және нәтижелігін бақылау.
Мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен жұмыс жағдайын бақылау.
Оқушылардың білім сапасын, біліктілігін және дағдыларын бақылау.
Жалпы оқытудың іске асырылуын бақылау.
Мектепішілік құжаттаманың жағдайын бақылау.
Жоғары тұрған органдардың шешімдерінің орындалуын бақылау. санитарлық- гигиеналық жағдайды, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жағдайды бақылау.
Бақылаудың әртүрлі формалары пайдаланады: кірістірме (кіріспе), тақырыптық, сыныптық-жалпылау, аралық, жекелей, қорытынды, алдын алу, диагностикалық, ағымдағы, жалпы шолу. Сонымен қатар бақылау әдістеріне: сабақтарға және тәрбие сағаттарына қатысу, бақылау жұмыстарын, кешенді тестілерді, сынақтарды өткізу және талдау, мектепішілік құжаттаманы тексеру кіреді. Бақылау қорытындылары директордың қасындағы отырыстарда және оқу ісінің меңгерушілерінің алдындағы отырыстарда жүргізіледі. Тоқсандық аралық аттестаттау, қорытынды аттестаттау нәтижелері педагогикалық кеңестерде тыңдалады және шешімдер қабылданады.
2014-2016 оқу жылының негізгі пәндер бойынша 2-11 сынып оқушылардың білімінің кірістірме бақылау жұмысының нәтижесі төмендегідей:
Бастауыш сыныптар
|
2014-2015
|
2015-2016
|
2016-2017
|
|
Математика
|
Қазақ тілі
|
Математика
|
Қазақ тілі
|
Математика
|
Қазақ тілі
|
2 сынып
|
81 %
|
81%
|
61%
|
53%
|
70%
|
58%
|
3 сынып
|
60%
|
65%
|
63%
|
54%
|
52%
|
58%
|
4 сынып
|
51%
|
43%
|
66 %
|
60%
|
57%
|
71%
|
5-11 сыныптар
|
2014-2015
|
2015-2016
|
2016-2017
|
Математика
|
51%
|
48%
|
44 %
|
Физика
|
43%
|
55%
|
58 %
|
Химия
|
52 %
|
58%
|
50 %
|
Биология
|
60 %
|
64%
|
53 %
|
География
|
67 %
|
62%
|
58 %
|
Қазақ тілі
|
60 %
|
58%
|
59 %
|
Орыс тілі
|
50 %
|
54%
|
50 %
|
Ағылшын тілі
|
61%
|
60%
|
52 %
|
Қазақстан тарихы
|
55%
|
64%
|
58 %
|
Достарыңызбен бөлісу: |