Елтай орта мектебінің директорының мектеп өмірі туралы ашық баяндамасы


Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері туралы мәлімет



бет5/5
Дата12.03.2018
өлшемі0,92 Mb.
#38424
1   2   3   4   5



Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері туралы мәлімет
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Кожаканова К.Т., білімі жоғары, санаты жоғары

ӘБ құрамында 5 мұғалім қызмет атқарады.

Жоғары санатты: 1

І санатты: 3

ІІ санатты: 1

Соңғы 3 жылда ӘБ-тің 3 мұғалімі өз біліктілік санаттарын көтерді. Сонымен қатар әр түрлі біліктілік курстарынан өтіп, білімдерін шыңдады.

Қазақстан-Кембридж І-деңгей бағдарламасы бойынша Кожаканова К.Т. біліктілік арттырып сертификат алса, ІІІ-деңгей бойынша Кузен А.,Гакашина И.К. курстарынан өтіп сертификат алды.

Бірлестік құрамында қызмет ететін ұстаздар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп жатқан түрлі іс- шаралар мен танымдық сайыстарға, пәндік олимпиада, білім турнирі, қашықтық олимпиадаларға үнемі қатынасып отырады.

Атап айтқанда, аудан бойынша «Білімдар» сайысы 2014-2015 оқу жылында 4 сынып оқушысы Мырзабек К, математика пәні бойынша 1-орынға иеленді.

Бастауыш сынып оқушылары Республикалық Кенгуру, Ақбота, Пони марафондарына белсене қатысады. Оқушылар Респубикалық журналдарға жеке және отбасымен бірге тұрақты жазылады.

Сонымен қатар жыл сайынғы дәстүрлі «Әліппемен қоштасу» ертеңгіліктері өтті. Әр мереке сайын ашық сынып сағаттары ата-аналардың қатысуымен бірге өтеді.

Ең үлкен іс-шара Жаңа жыл мерекесі мен Наурыз мейрамы жоғары деңгейде өтеді. Әр сынып жетекшілері өздеріне жүктелген жұмыстарды тиянақты жауапкершілікпен орындайды.

Оқу жылының аяғында 4 сынып оқушылары бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне тыңғылықты дайындалып, жауапкершілікпен қарайды.
Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері туралы мәлімет

ӘБ жетекшісі Бекей Махбал, білімі жоғары, санаты жоғары.

ӘБ құрамында 8 мұғалім қызмет атқарады.

Жоғары санатты: 2

І санатты: 4

ІІ санатты: 1

Санатсыз: 1

Соңғы жылдары ӘБ-тің 7 мұғалімі әр түрлі біліктілік курстарынан өтіп, білімдерін шыңдады.

Бірлестік құрамында қызмет ететін ұстаздар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп жатқан түрлі іс- шаралар мен танымдық сайыстарға, пәндік олимпиада, білім турнирі, қашықтық олимпиадаларға үнемі қатынасып жүлделі орындарға ие болады.

Атап айтқанда:



  • Облыстық Мұқағали оқулары сайысынан Болыс К. 3 орын 2014 жыл

  • Облыстық Абай оқулары сайысында Хажайхан Ж. 3 орын 2014 жыл

  • Аудандық Жарқын болашақ сайысында Гаценбиллер Е. бас жүлде және облыста 3 орын 2014 жыл Республикалық сайысында номинацияға иеленді.

  • Аудандық Ұлы Абайдың 170 жылдығына арналған өлеңдер сайысында Мақсат М. бас жүлде 2015 жыл облыстық сайысында марапатталау қағазымен оралды.

  • Аудандық Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған « Батырлық эпосы» жыршылар байқауында Бауыржан С. ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды 2015 жыл


Пәндік олимпиадалар бойынша аудандық қазақ тіл мен әдебиеті пәні олимпиадасында 11 сынып оқушысы Еренбек Акмарал І орынды иеленді, 10 сыныптанХаламхан Ж тарих пәні бойынша І орынды иеленсе,облыстан ІІІ орынды иеленді.

Интернет желісіндегі қашықтықтан оқыту олимпиадасында оқушыларымыз жақсы жетістіктерге қол жеткізе білді.

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған онкүндік аясында іс-шаралар жоспары бекітіліп, әртүрлі мерекелік іс- шаралар ұйымдастырылды. Онкүндің алғашқы күні тіл туралы қабырға газеттері шығарылып, мектеп кітапханасында «Тіл тұтастығы- ел тұтастығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылудан басталды.

Гуманитарлық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің олимпиада мониторинг


Оқу жылдары

Мектепішілік пәндік олимпиадаға катысқан оқушы саны

Аудандық жүлделі орындар саны

Облыстық жүлделі орындар саны

Республикалық

2013-2014

21

3

1

1

2014-2015

25

4

1

2

2015-2016

46

4

1

1

Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері туралы мәлімет

ӘБ жетекшісі Молдан Омирбек, білімі жоғары, санатсыз

ӘБ құрамында 7 мұғалім қызмет атқарады.

Жоғары санатты: 1

І санатты: 3

ІІ санатты: 1

Санатсыз: 2
Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері:

2012-2013 оқу жылында

Балпанова Салтанат Рахимовна «Политехникалық мазмұңды есептер жинағы» әдістемелік көмекші құрал.

Байжанова Асия Аманжоловна, «7-сынып курсында қысқаша-қөбейту формулаларды қолдану» әдістемелік көмекші құрал шығарылды.

2014-2015 оқу жылында Худабай А. «ҰБТ-ға дайындық» аудандық семинар сабақ өткізді.

Сондай –ақ, математика пәні мұғалі Балпанова С.Р.«Тригононметриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» тақырыбында сабақ берді.
Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігі туралы мәлімет

ӘБ жетекшісі Кабдина Клара Касымовна, білімі жоғары, санаты бірінші

Әдістемелік бірлестікте 4 мұғалім қызмет етеді.

1-санатты ­- 2 мұғалім

2-санатты – 1мұғалім.

Санатсыз – 1 мұғалім

Эстетикалық пәндер әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Эстетикалық пәндер сабақтарында интерактивті жаңа технологияларды қолдана отырып жеке тұлға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың дүниетанымын, денсаулықтарын нығайту, базалық білім беру» тақырыбында жұмыс жүргізді.


  • Республикалық «Жас музыкант-дебютанттары» байқауында Құдайбергенова М. ІІ дәрежелі диплом 2015 жыл

  • Республикалық сурет салу сайысында Сүлейменова А., Зейнуллин И. ІІІ дәрежелі диплом. 2015 жыл

  • Халықаралық Аида Исаковаға арналған пионистер байқауында Тлекова Е. 3 орын 2015 жыл

  • Халықаралық ХХІ ғасыр таланттарының «дәстүрлі ән» конкурсында Құдайбергенова М. ІІ дәрежелі диплом. 2015 жыл

  • Халықаралық ХХІ ғасыр таланттарының «пионистер» конкурсында Тлекова Е. ІІ дәрежелі диплом. 2015 жыл

  • Халықаралық ғылыми практикалық конференциясында Халамхан Ж. ІІІ дәрежелі диплом 2015 жыл

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің алға қойған міндеттері мынадай:

1. Оқушыларды үнемі ДШ мен спортпен айналысуға бағыттау

2. Салауатты өмір салтын насихаттау.

3.Оқушылар арасында қоғамдық дене шынықтырулық-сауықтыру және спорттық жұмысты қалыптастыру.

4.СӨС принциптерін бекіту.

5.Оқушылардың денсаулығын нығайту мақсатында Президенттік тесті енгізу.

6.Оқушылардың өздерінің денсаулықтарын сақтау мен нығайтуға бағытталған балалардың сана-сезімін дамыту.

Оқу жылын қорыта келе алға қойылған міндеттер толығымен орындалды деп айтуға болады.

2013 жылдың қыркүйек айында әдістеме бірлестігінде 2013-2014 оқу жылына арналған жоспар құрылып, бекітілді. Спорттық – қоғамдық іс- шаралар, әр сыныпқа арналған, тоқсан бойынша оқу материалының жоспары құрылды. Спорттың түрлері бойынша жинақталған командалар үшін оқу-жаттықтыру сабақтары үнемі жүргізілді.

Біз өз жұмысымызды әрбір оқушы оқу жылы барысында спорттық іс шараларға қатысқандай құрамыз. Денсаулық күні қоғамдық іс шараға барлық оқушылар белсенді қатысты.

Оқу жылы барысында баскетболдан, волейболдан, футболдан, ұзақ қысқа қашықтыққа жүгіру, Қысқы және Жазғы Президенттік көпсатылы жарыстар, үстел теннисі, көңілді жарыстар,тоғыз құмалақ, шахмат, асық ойындары бойынша жарыстар өткізілді. Мектеп шәкірттері оқушылардың аудандық спартакиадасына, эстафеталарға және әртүрлі деңгейдегі турнирлерге белсенді қатысудың нәтижесінде: Аудандық оқушылар, жастар спартакиада қазақша кұрестен ұлдар командасы 1 орындарға ие болды.

Мектебімізде үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол спорт секциялары жұмыс істеді.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері облыс және қала деңгейінде үлкен әдістемелік және спорттық жұмыстарды жүргізеді.

Мектеп көлемінде үнемі баскетболдан, волейболдан қалалық жарыстар өткізіледі. Мектептің дене шынықтыру мұғалімдері білім қызметкерлерінің аудандық спартакиадасына белсене қатысты.



Ғылыми- әдістемелік жұмыстар

Мектептің ғылым -әдістемелік бірлестік жұмысын ұйымдастыру «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5036 болып енгізілді.

ҚР- сы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім саласы бойынша берілген тапсырмаларын басшылыққа алады.



Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының тақырыбы: «Білім берудің әлемдік әдіс-тәсілдерін зерттеп, оларды оқыту-тәрбиелеу үрдісіне қолдана отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік құзырлығын және шығармашылық әлеуметтілігін арттыруға бағытталған ұлттық оқу-тәрбие үрдісін дамыту»

Мектептің ғылыми- әдістемелік жұмысының негізгі бағыты:

Білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізу арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілік денгейін жетілдіру, жаңа ақпараттық көмектер көрсетуді оқу сапасын арттыру, өзгермелі ортада өзін таныта алатын құзырлы жеке тұлғаны тәрбиелеуге жұмсау.



Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысына қойылған талаптар:

  • Бүгінгі орта білім стандартына негіздей отырып, білім берудегі әдіс-тәсілдерді әлемдік білім беру жүйеге бейімдеу;

  • Мектеп мұғалімдерінің санасын жаңа педагогикалық дидактикалық кеңістікке енгізу жолдарын жасау;

  • Қазіргі білім жүйесіне орай мұғалімдердің осы саладағы ғылыми-әдістемелік жұмысының болуын қамтамасыз ету, жаңа инновация, технологиялардың іске асырылуына жағдай жасау

  • Мұғалімдердің әдістемелік нұсқау, оқу құрал жазып шығаруын ұйымдастыру және іске асыру жұмыстарын қадағалау

Ғылыми -әдістемелік жұмысын мектептегі әдістемелік бірлестік жыл бойында жоспарлы жұмыстар арқылы жүзеге асырды.

Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Худабай А.



  1. Мектеп мұғалімдерінің саяси – рухани білімін арттыру бойынша атқаратын жұмыстары;

  2. Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік бойынша атқаратын жұмыстары;

  3. Мұғалімдердің атестациялық (біліктілік санаттылықтары) кәсіби – біліктілігін шыңдау бойынша атқаратын жұмыстары;

  4. Ғылыми жоба, пәндік олимпиада жұмыстары

  5. Мұғалімдерінің аудандық, облыстық семинарлар, әртүрлі сайыстарға қатысуы;

  6. Инновациялық технологиялармен танысу, енгізу; бойынша атқаратын жұмыстары.

Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жемісі бар. Атап айтатың болсақ:

  • 2015 ж - Халамхан Жанерке «Қара сабын» жұмысымен аудандық І орын, облыстық ІІІ орын ие болып, халықаралық конференцияға қатысып ІІІ орынға ие болды.

  • 2016 ж – Сейітбек Назерке тарих пәнінең ғылыми жобамен аудандық сайыста женімпаз атаққа ие болып, облыстық сайысқа қатысты.

  • 2017 ж – Хожайхан Маралжан «Зерде» сайыстан І орынға иеленіп, облыстық сайысқа жолдама берілді.


Дарынды балалармен жұмыс жүйесі
Мектептегі дарынды оқушылардың «Зерде» орталығы келесі бағыттарда жұмыс атқарады.

Мақсаты: Заманына сай зерделі ой өрісі дамыған, алған білімін іс жүзінде пайдалана алатын өмір шеңберінде құзырлы азаматты қалыптастыру.

«Зерде» орталығы жүйелі бағыттар бойынша жұмыс атқарды.



  1. Оқушылардың дарындылығымен дамыту жолдары және оның нәтижесі;

  2. Ұстаздардың шеберлігін дамыту жолдары:

Жұмыс ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста атқарылады.

Мектептің дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі балалардың жас ерекшелігіне байланысты, келесі сатылардан турады:

І саты. Бастауыш сыныптар


  • күнделікті оқушыларды бақылау

  • психологиялық зерттеу

  • ата-аналармен жұмыс

  • пән олимпиадалары

  • бастауыш саты оқушыларының ғылыми қоғамының жұмысы.

ІІ саты. Ортаңғы 5-9 сыныптар: оқушының қабілетін жетілдіру және дарындылығын анықтау

ІІІ саты жоғары 10-11 сыныптар: Дарынды оқушымен жоспар бойынша жұмыс жасау және нәтижеге жету

«Зерде» - дарынды оқушылардың орталығына кіретін:


  1. «Рауан» атты оқушылардың ғылыми қоғамы

  2. Интеллектуалдық клубтар

  3. Кіші олимпиада

  4. Өнер орталығы

  5. Спорт орталығы


Интеллектуалдық ойындар
Жанашыл педагогтардың шабытты еңбегі игі жемістерін әкелуде: біздің оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларда барынша көп марапаттарға ие болуда.

Атап айтатың болсақ:

Халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларда Русский медвежонок Ережепова Арайлым – І орын, Балгабекова Анель – ІІ орын


  • Халықаралық интеллектуалдық олимпиадада Бритиш бульдог Халамхан Жанерке және Тилеубай Алия –І орын,Мукушева Назерке және Еренбек Нурболат -ІІ орын

  • Халықаралық интеллектуалдық олимпиадада Алтын жабағы Койшанова Айым және Мырзабек Даулеткерей –ІІ орын

  • ХХІ ғасырдың дарындалары сайысында Тлекова Елнур – 3 орын,Мукушева Назерке -2 орын

  • Республикалық жас музыкант дебютанттардың байқауы Кудайбергенова Медея – 2 орын , Мырзабек Каракат – 3 орын

  • Облыстық пәндік олимпиадада Сейітбек Назерке -3 орын

  • Аудандық ғылыми жұмыстар арасында Мырзабек Карақат І орын және облыстық сайысына жолдама берілді

  • Аудандық пәндік олимпиадада Койшанова А 1 орын,Сейітбек н 1 орын,Хасымхан е 2орын, Халамхан Ж -2 орын, Мақсат М- 2 орын, Мухтарова Д – 3 орын, Еренбек А -3 орын, Кушенбаева М – 3 орын, Рамазанова А -3 орын.


Үлгерімі төмен балалармен жұмыс жүйесі
Мектеп қызметінің басты мақсаты оқушыларға базалық білім беру және үлгерімсіздіктің алдын алу болып табылады. Үлгерімсіздіктің себебін анықтауға, үлгерімсіздікті төмендетуге және білім сапасын жоғарлатуға бағытталған кешендік шаралар қолданылуда. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жоспары құрылды.

Үлгерімі төмен оқушылардың білімдегі кемшіліктерін жою мақсатында пән мұғалімдері оқушылармен сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлайды. Олардың қолдарында үлгерімі төмен оқушылардың тізімі бар, әрбір оқушының білім жағдайын біледі, сабақтан тыс қосымша сабақтар өткізеді, ата-аналармен қарым-қатынаста болады. Нәтиженің дәлділігі үшін сабақта әртүрлі сұрақтар түрлері қолданылады (ауызша, жазбаша, жеке және т.б.). Үнемі және жүйелі түрде үй тапсырмасын тексереді, тоқсан бойы бағалар дер кезінде қойылады. Бақылау жұмысын өткізгеннен кейін үнемі қатемен жұмыс жасалады.



Егер оқушы бірнеше рет «2» бағасын алса, пән мұғалімі сынып жетекшісіне немесе тікелей ата-анасына хабарлайды. Жеке әңгімелесу арқылы оқушының үлгерімсіздігінің себептері анықталынады. Қажет болған жағдайда сынып жетекшісі психологтың көмегіне жүгінеді.

5. ЖЫЛДАР БОЙЫНША САЛЫСТЫРУДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНІҢ НӘТИЖЕЛІГІ
Мектеп бойынша білім үлгерімі және сапасы


Оқу жылдары

2014-2015

2015-2016

2016-2017


Білім сапасы

43%

44%

42%

Үлгерім сапасы

100%

100%

100%


Сынып

Үздіктер

2014-2015

2015-2016

2016-2017

1 -4

10

13

7

5-9

16

16

20

10-11

2

4

4

Қорытынды

28

33

31




Сынып

Екпінділер

2014-2015

2015-2016

2016-2017

1 -4

22

20

15

5-9

31

26

34

10-11

11

11

6

Қорытынды

44

57

55

Мектеп бойынша білім үлгерімі және сапасының салыстырмалы кестесі оқушылардың білім сапасының пайызы және үлгерім үрдісінің 2016-2017 о.ж кемігеннің көрсетеді.


Оқушылардың қорытынды аттестациясын ұйымдастыру және жүргізу
Жыл сайын мектепте 9 және 11-сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік аттестациясы өтеді.

Оқушылардың қорытынды аттестациясын жүргізуге материалдар (ауызша емтихандар) бағдарламалық материалдарға сәйкес пән мұғалімдері құрады және әдістемелік бірлестікте қарастырылады және бекітіледі. Емтихан қорытындысы талданады, талдау негізінде келесі жылға оқушыларды емтиханға дайындау жұмысы жоспарланады.


11 сынып оқушылары үшін ҰБТ тапсыруға дайындық бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Ай сайын сынақ тестілеу жүргізіледі, олардың нәтижелері сынып жиналыстарында, пән мұғалімдерінің отырыстарында талданып дайындық жоспарына өзгерістер еңгізіліп отырады және жиналыстарда ата аналарға айтылады.

Оқушылармен дайындықты апта сайын жоғары және бірінші санатты пән мұғалімдері жүргізеді.


Үш жылға ҰБТ қорытындылары
ҰБТ нәтижелерінің салыстырмалы кестесі

Бірыңғай ұлттық тест мониторингі (орташа ұпай саны)



Оқу жылдары

2014-2015

2015- 2016

2016-2017

Оқушы саны

7

11

10

Орташа ұпай саны

79,4

86,6

82


«Алтын белгі» дәлелдеу мониторингі


Оқу жылдары

2014-2015

2015-2016

2016-2017

«Алтын белгі» иегерлер саны

0

1

1


Үздік аттестат мониторингі


Оқу жылдары

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Үздік аттестат иегерлер саны

2

2

2



11-сыныптар бойынша:


Оқу жылы

11сынып оқушыларының саны

Колледжге түскен

оқушылар

Жоғары оқу орнына түскен оқушылар

Еңбекпен

қамтылды

2014-2015

7

6

1

-

2015-2016

11

5

16

-

2016-2017

10

5

5

-



Жоғарғы оқу орындарына түскен түлектерден грант иегерлер саны


Оқу жылдары

2014-2015

2015-2016

2016-2017

Түлектер саны

7

11

5

Грант иегерлер саны

0

3

1



Мектеп бойынша тәрбие жұмысы
2016-2017 оқу жылының басында мектебімізде 187 оқушы, жыл соңында 187 оқушы білім алды. Жыл бойы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарымыз аянбай еңбек етуде. Мектебімізде көп балалы отбасында 35 оқушы бар, тұрмысы төмен отбасында 12 оқушы бар. Мектебіміз бойынша 6 оқушы мектеп тарапынан тегін тамақтанады.

Мұғалім – мектептің тірегі ғана емес, білім, тәрбие беруде шешуші тұлға. Сондықтан, олардың білімі терең, әдістемелік шеберлігі жоғары дәрежеде болуы керектігін білеміз. Сабақ үрдісінің әдіс-тәсілдерін шыңдай түсу мақсатымен мектеп ұстаздары семинар, курстардан жоспарлы түрде өтуде. Мектебімізде 4 әдістемелік пән бірлестіктері жұмыс жасайды. Әр пән апталықтарында жоспарланған мектепішілік іс-шаралар уақытында сапалы өткізіледі. Қызықты да тартымды өткізілген әдеби кеш, зияткерлік сайыс, пікірсайыс т.б сыныптар оқушылардың және ата-аналардың көңілінен шыға біледі. Апталықта өткізілген іс-шараларға қатысқан оқушылар марапатталады.

Тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекшісі болу – күрделі іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту, тұлғаны қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті.

Қыркүйек айында «Денсаулық апталығы» жоспар бойынша спорттық сайыстар, отбасылық жарыстар, көңілді эстафеталар өткізілді. Бастауыш сыныптарда «Дұрыс тамақтана білесің бе?» тақырыбында сынып сағаттары,

5-11 сыныптарда «Біз тазалықты сүйеміз» тазалық жұмыстары жүргізілді.

Желтоқсан айында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында сынып сағаттары, дөңгелен үстелдер ұйымдастырылады

29 желтоқсан күні жаңа жылдық ертеңгіліктер, бал өткізілді, үздік оқушылар марапатталды.

Қаңтар айында «Өз құқығымды қорғаймын» тақырыбында апталық бекітілген жоспар бойынша атқарылды.

Ақпан айында «Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтаныш» рәміздерді құрметтеуге арналған сынып сағаттары, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған

Наурыз айында «Аналарға құрмет» тақырыбында мерекелік кеш, «Наурыз Жыл басы» сынып сағаттары өткізілді.

Сәуір айында табиғатты қорғау, көгалдандыру, құстарға ұя жасау, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Қазақстанда тұратын халықтар бірлігі бағытында тәрбие жұмыстары жүргізілді.

Мамыр айында «Ұлы жеңіске 72 жыл» сынып сағаттары, «Ел қорғаны- ер жігіт» АӘД пәні бойынша спорттық сайыстар өткізілді. «Сыңғырла соңғы қоңырау» салтанатты жиын өтті.

Мектепте Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау жүргізіледі, оқушының өзін өзі басқару ұйымы қызмет атқарады. Президенті Хадыс Нұртілек. Мектепішілік басқаруда жүргізілген жұмыстар:



«Жас Ұлан» балалар ұйымының есебі:

1. Қыркүйек.  «Жас  ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарлары жасақталып, бұйрығы бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.
Салтанатты жиын: 01.09.2016ж Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Қазақстан Республикасының туы көтерілді, содан кейін Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.
Фестиваль: «Денсаулық фестивалі – 2016» апталығы  2-7.09.2016ж  аралығында  «Белсенді ұзақ өмір – жүз жасты тойлауға кепіл!» атты  ұранымен, флешмоп, бастауыш сыныптар «Көнілді мәре» өткізді,  суретке түсірілді

Акция: 08.09.2016ж  5-8 сынып аралығында  «Назар аударыңыз, балалар!»  жол қауіпсіздігін сақтауға арналған акция болып өтті... 
Сурет байқауы: 5-7 сыныптар арасында «Абайла, балақай!»  тақырыбымен суреттер байқауы ұйымдастырылды, жол оқиғасында жарақат алған жағдайда дәрігерлік алғашқы көмек көрсету жөнінде мәліметтер айтылды.

2.Қазан. Мерекелік шара: «Ұстаз – мәңгілік нұрдың қызметшісі» атты тақырыппен  қазан айының 3 жұлдызы күні  ұстаздар мерекесіне орай мектептің акт залында мерекелік кеш болып өтті. Өзіндік басқару күні

Кездесу: 5-6 сынып оқушыларымен 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлермен кездесу өтті. «Эстетикалық тәрбие бағыты»бойынша «Күзгі жәрмеңке» 1-11сынып өткізілді

.3.Қараша. Мерекелік шара



Айлық шара: «Дүниежүзілік  ЖИТС-қа қарсы күрес күніне орай, 1.11-1.12.2016ж аралығында айлық жоспар жасақталып, өткізілді. 12-21.11.2016ж аралығында медбике «Темекі шегушілікті шектеу және алдын алу»  және «Халықаралық жастар күніне» арналған онкүндіктерін ұйымдастырды. 
Кездесу: Қараша айында «АИТВ – инфекциясының жұғу жолдары» атты тақырыпта 8-11 сынып оқушылары ЖИТС ОО мамандарымен кездесу болып өтті..
4.Желтоқсан. Дөңгелек үстел: 25.11.2016ж. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерімен «1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күні» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Спорттық шара: 17-24.11.2016ж. тоғызқұмалақ пен шахматтан сайыс өтті.
16 желтоқсан  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары жасақталып, іс-шаралар ұйымдастырылды.  Желтоқсан айының  8 мен 12 аралығында  «СПИД –ке қарсы  күрес» қабырға  газеттер  байқауы  болып  өтті. 8-9 сыныптар арасында  болып  өтті.
Мерекелік шара: Желтоқсан айының 15 күні  «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан»  атты тақырыпта  мерекелік  кеш  болып өтті. Жаңа жыл мерекесі 26.12.2016ж 5-6 сыныптар, 27.12.2016ж 7-8 сыныптар, 29.12.2016ж 9-11 сыныптар.
Кездесу: 21.12.16ж жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа байланысты 9-11 сынып оқушылары құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті.

5. Қаңтар. Аудандық көркемдік-мәдени іс-шараларға дайындық. «Карт адамдарға -Корған атаға көмек көрсетілді.

6. Ақпан. Лекция: 02.02-14.02.2017ж 5-10 сыныптар арасында медбике Шакирова А.Б.«Құрт ауруы емделсе жазылады» деген тақырыпта лекция оқып оқушыларға мәліметтер беріп өтті. Аудандық көркемдік-мәдени іс шараларына катысып, мадақтама грамоталармен марапатталдық

7. Наурыз. Мерекелік шара: «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспары бойынша 7 наурыз күні  Халықаралық әйелдер  күніне  арналған  мерекелік  кеш өткізу жоспарланды. Рухани – адамгершілік тәрбиесі бағытында жасалған жоспарға байланысты наурыз айының 18 жұлдызында «Қош қелдің, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Байқау: Наурыз айында « Қолөнершілер көрмесі» ұйымдастырлды
8. Сәуір. Қарттарға көмек көрсетілді Жоспар бойынша Худабай А 5-7 сыныптар аралығында «Құстар күніне» арналған іс –шаралар өткізді оқушыларды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай  «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 2 сынып оқушыларын қабылданды.
9. Мамыр. Мерекелік шара: 5-мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай сапта жүру көрініс өтті ,Ұлы Жеңістің 72  жылдығына орай және «Отан қорғаушылар күніне 6-мамыр күні ауданда сапта жүру көрінісінде «Ең үздік қыздар командасы» номинациясын алып, тобымыз мадақтама грамотамен марапатталды
Салтанатты жиын: 25.05.2017ж  «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны. «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты соңғы қоңырау салтанаты 10.00 де басталды  және  2 бөлімнен тұрды. Соңғы қоңырау салтанаты 11.00 де аяқталды.

Тәрбие жұмыстары бойынша оқушылардың жетістіктері

Аудандық іс-шараларға мектеп оқушылары белсене қатысуда. 4-сынып оқушысы Хажайхан Маралжан ғылыми жобаға қатысып қорғау бойынша аудандық ғылыми-практикалық конференциясында 1 орынға ие болып,облысқа жолдама алды (пән мұғалімі: Кожаканова К.Т.),

Өзге ұлттар өкілдері арасында қазақ тілі олимпиадасынан 4- сынып оқушысы Кажмұратова Наталья 3-орын.(пән мұғалімі: Кожаканова К.Т.)

Жігіт сұлтан сайысында Бердалы Ернұр 1-орынға иеленді.

Абай оқуларында «Абай әндері» номинациясы бойынша Кұдайбергенова Медея 2-орынға, Бердалы Ернур және Бауыржан Сұңқар 3 орын алды

Мектепте оқушылардың өздерінің жеке қабілеттерін дамыту үшін үйірмелер, секциялар арқылы қолайлы жағдай жасалған. Сыныптан тыс іс-шараларға қатысу арқылы әр оқушы өзінің зияткерлік, шығармашылық, физикалық потенциалдарын дамытуға мүмкіндіктері бар. Оқушылардың пайдалы іспен айналысулары жылдан-жылға өсіп келеді. Бұл үйірме мен секция  жетекшілерінің  сапалы жұмысы екенін көрсетеді.



  • Мектеп оқушылары әртүрлі  аудандық, облыстық, деңгейдегі спорттық сайыстарға белсене қатысып, жоғары нәтижелер  көрсетуде.

  • Атап айтатын болсам:

  • Аудандық және облыстық спорт жарыстардың женімпаздары :

  • «Шаңғы жолы шақырады » аудандық сайыста

Тойлыбай Арай, Мырзабек Дәулеткерей, Рамазанов Жалғас, Кадир Нурасыл 3- орынға иеленді.

Футбол жастар спартакиададан Елтай құрама командасы 3-орын иеленді

Спорт саласы бойынша «Макинск қаласының қазақ күресінен» алтын медальмен 3-сынып оқушысы Талгатбек Жебетай жеңімпаз атанды

1 орын - Кадир Нуртұған., Болатхан Тамерлан.

2 орын - Максут Жоламан. ,Ершин Нұрқанат, Жаксылық Ризабек. Ашим Шыңғыс

3 орын - Ганбат Есенжан, Тилейхан Айдос.Мырзабек Дәулеткерей, Ережепов Нұрбол, Мәдениет Айдос, Кабдуалиев Жасулан

(пән мұғалімі Өнерхан Дәулетхан)



Аудандық Күзгі кросстан Кайрбекова Дина 3-орын иеленді.

Аудандық Президенттік көпсайысында орын алған оқушылар:

Мылтық атудан Сулейменова Айжан 1-орын, Амангельдинов Шыңғыс 2орын алған

Жеңіл атлетикадан сайысында ұзындыққа секіруден Бердалы Ернұр 3-орын иеленді

Облыстық деңгейінде:

Аккөл қаласында облыстық қазақ күресінен өткізілген жарыста :


  • Талғатбек Жебетай., - 1 орынға ,

  • Мырзабек Дәулеткерей, Сектаев Ерасыл – 2 орынға,

  • Тилейхан Айдос., Хурметбек Ұлықпан – 3 орынға иеленді

Көкшетау қаласында облыстық жастар спартакиадасында болған қазақ күресінде қатысқан оқушылар: Болатхан Темирлан 4-орын, Кадир Нұртуған 5-орын

  • Республикалық «Жас музыкант-дебютанттары» байқауында Құдайбергенова М. І дәрежелі диплом 2017 жыл

  • Халықаралық ХХІ ғасыр таланттарының «дәстүрлі ән» конкурсында Құдайбергенова М. ІІ дәрежелі диплом. 2017 жыл

  • Халықаралық ХХІ ғасыр таланттарының «пионистер» конкурсында Тлекова Е. ІІІ дәрежелі диплом. 2017 жыл

  • Халықаралық ХХІ ғасыр таланттарының «пионистер» конкурсында Мырзабек Қ. ІІ дәрежелі диплом. 2017 жыл

2016-2017 оқу жылында «Балдырған» жазғы мектеп жанындағы лагерь 3 маусым бойынша жұмысын жоспарлады. Оған барлығы 65 оқушы қамтылды. 12 оқушы тұрмысы төмен отбасынан болды.

I-маусым маусымның 1-14 аралығында өтті. Ал II-маусым 15-28-маусым аралығы болса, III-маусым 29-маусымнан 12-шілде аралығын қамтыды. Лагерь өз жұмысын ертеңгілік жаттығумен және «Қара жорға» буын биімен бастайды. Лагерьде 8 мұғалім, 1 медбике еңбек етті. Мұғалімдері: Мадиярова Ү.Ж., Күзен А., Кожаканова К.Т., Мешел М., Гакашина И.К., Кадирбек Ж., Өнерхан Д. қызмет етті. Лагерь өз жұмысын 10 күндік жоспарға сай өткізді. Таңғы жаттығудан кейін танымдық сабақтар мен кезекті сайыстар, көңілді жарыстар және ойындармен қатар әртүрлі жанрдағы көркем мультфильмдермен жалғасты. Әрбір атқарылған іс-шаралар мен сайыстар тәрбиешілердің еңбегінің арқасында жоғарғы дәрежеде өткізілді. Балалар да ерекше қызығушылықпен әрбір іс-шараға белсенді қатысып отырды.

Көгалдандыру, тазалық жұмыстарына 5-11 сынып оқушылары және қамқоршысының қолында тәрбиеленіп жатқан 2 оқушы да қамтылды.

Алаң жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу, туған жерінің табиғатына, жеріне қамқорлық сезімін дамыту, балалардың шығармашылық, біліктілік, дене тәрбиесі қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, құрдастарымен мәдениетті түрде қарым - қатынас жасауға баулу, мектеп, қала, елінің тарихы туралы білім көлемін толықтыру және отансүйгіштік тәрбие беру. Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға, оны ашуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім алуына қалыптастырады.

Сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарына талдау

Мұғалім – мектептің тірегі ғана емес, білім, тәрбие беруде шешуші тұлға. Сондықтан, олардың білімі терең, әдістемелік шеберлігі жоғары дәрежеде болуы керектігін білеміз. Сабақ үрдісінің әдіс-тәсілдерін шыңдай түсу мақсатымен мектеп ұстаздары семинар, курстардан жоспарлы түрде өтуде. Мектебімізде 4 әдістемелік пән бірлестіктері жұмыс жасайды. Әр пән апталықтарында жоспарланған мектепішілік іс-шаралар уақытында сапалы өткізіледі. Қызықты да тартымды өткізілген әдеби кеш, зияткерлік сайыс, пікірсайыс т.б сыныптар оқушылардың және ата-аналардың көңілінен шыға біледі. Апталықта өткізілген іс-шараларға қатысқан оқушылар марапатталады.

Тәрбие үрдісін басқару, сынып жетекшісі болу – күрделі іс. Сынып ұжымын ұйымдастыру және дамыту, тұлғаны қалыптастыру – сынып жетекшінің тікелей міндеті.

Тәрбие жоспары бойынша сынып сағаттары жүргізілді. Сынып жетекшінің портфолиосында сынып сағаттарының жоспары, оқушылар жайлы мәлімет, ата-аналармен байланыс дәптері толтырылған.

Әр аптаның дүйсенбі күнінде сапта қорытынды бойынша апталық қорытынды жасалып отырады.

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған онкүндік аясында іс-шаралар жоспары бекітіліп, әртүрлі мерекелік іс- шаралар ұйымдастырылды. Онкүндің алғашқы күні тіл туралы қабырға газеттері шығарылып, мектеп кітапханасында «Тіл тұтастығы- ел тұтастығы» тақырыбында көрме ұйымдастырылады.

Мектепте 28 оқушыға орны бар буфет жұмыс істейді. Оқушыларды буфеттік тамақпен қамтамасыз етеді. Тегін буфеттік тамақпен 2016-2017 оқу жылында 10 оқушы тегін буфеттік тамақпен қамтылды.


  1. МЕКТЕПТІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Медициналық, эпидемиологиалық көрсеткіштерге сай оқушыларды жылына қарай түрлі инфекциалық аурулардың алдын-алу мақсатында егілу жұмыстары жүргізіліп қорытындысы балаларды дамыту картасына (ф-026/у) тіркеледі. Оқушылармен ата-аналарға екпе жұмыстарының маңызы айтылып, дәрігердің кеңесі тыңдалады. Туберкулезге қарсы Манту сынамасы мен БЦЖ екпелері жүргізіледі. Тұмау ауруын болдырмау үшін, тұмауға қарсы екпе жасалып, санитарлық-гигиеналық талапқа сай ылғалды тазалық жұмыстары жасалып, дез.ерітінділерімен сүртіліп отырылады. Энтеребиоз ауруына қарсы 0-8 сыныптар аралығында оқушылар зертханалық сараптамадан өтіп, уақытылы ем қабылдайды. Аурудың созылмалы түрі, қатер факторлары профилактикалық медициналық тексерулер кезінде анықталып, жіті ауруларымен ауырған оқушылар диспансерлік есепке алынып, маман-дәрігерлердің қадағауында болады. Медициналық тексеру нәтижесінде денсаулық топтары дене бітімінің даму деңгейін дене шынықтыру сабақтары үшін медициналық топтор айқындалады. Оқушылардың денсаулығын нығайтуға санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп, жылдық жоспар құрылады.



7. МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАЗА
Мектептің іргетасы 1982 жылы қаланған. Оқу жұмыс бөлменің пайдалы ауданы 1064,6 кв.м. Оқу кабинетінің саны – 14/2 шеберхана, салтанат бөлмесі-1, мектептің ішкі дәретханасы – 2 , спорт бөлме - 1, буфет - 1. Оқу кабинеттері паспортталған, бірақ оқу құрал-жабдықтары талапқа сай емес.

Мектеп 1 мультимедиялық-лингофон кабинеттерімен және жалпы 23 компьютермен қамтамасыз етілген. Интернетке қосылған - 3 компьютер, принтерлер – 3, интербелсенді тақта - 1.




8. Келесі оқу жылында

төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасау қарастырылып отыр:


  • педагог мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

  • оқыту технологияларын оқу үрдісіне енгізуге бағытталған жұмысты жалғастыру;

  • ҰБТ, олимпиада, емтихандарға дайындық сапасын көтеру;

  • әдістемелік деңгейін шыңдау мақсатында жас мамандармен жұмысты жалғастыру;

  • оқушының қалыптасу үрдісінде оқушылардың танымдық, шығармашылық жұмыстарын белсенділендіру;

  • психологиялық қызмет жұмысын күшейту;

  • кабинеттерді қазіргі заманғы техника құралдарымен, оқу материалдарымен қамтамасыз етуді үздіксіз жалғастыру;

  • негізгі және жоғары сатыдағы оқушылардың білім сапасы деңгейін көтеруге бағытталған жұмысты жалғастыру;

  • сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің оқушыға тең дәрежеде қатынас жасауды қалыптастыруды үнемі назарда ұстау.

  • отбасы тәрбиесіне байланысты жұмыстарды күшейту, ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту.

  • мектепішілік басқару жұмыстарын жандандыру, тәрбиелік мәні бар іс шараларды өткізуге топ мүшелерінің белсенділігін арттыру.

  • оқушылардың үйірмеге қызығушылығын нығайту, бос уақытын дұрыс өткізуге үйрету.

  • оқушылардың облыстық, республикалық сайыстарға қатысуына ықпал жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет