Эмбриология грек тілінен


ұрықтан тыс мезодерма — нүктелер түрінде (Н. П. Барсуков және Ю. Н. Шапова-



Pdf көрінісі
бет16/43
Дата08.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#118501
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
9563189c-9b13-4d2a-8e26-3c5015dc3461

ұрықтан тыс мезодерма — нүктелер түрінде (Н. П. Барсуков және Ю. Н. Шапова- 
ловтар бойынша)


770
21 -Тарау. Адам эмбриологиясының негіздері
Қазіргі кезде көптеген индукторлардың химиялык, табиғаты (нәруыздар, 
нуклеотидтер, стероидтер және т.б.) аныкталған. Жасуша аралык әрекетте- 
сулерде саңылаулы байланыстардың маңызы дәлелденген. Бір жасушадан 
шығатын индукторлардың әсерінен, маманданған жауап беру мүмкіндігіне ие 
индукцияланушы жасуша, даму жолын өзгертеді. Индукциялаушы әсерге 
ұшырамаған жасуша, өздерінің калыпты кабілеттерін сактайды.
Ұрык жапыракшаларының және мезенхиманың дифференциялануы 
2-ші аптанын сонында — 3-ші аптанын басында басталады. Жасушалардын 
бір бөлігі тіндер мен мүшелердің бастамаларына, екіншісі — ұрыктан тыс 
мүшелерге айналады (5-тарауды, 5.3-кестені караңыз).
Тіндік және мүшелік бастамалардын пайда болуына әкелетін, ұрык 
жапыракшалары 
мен 
мезенхиманың дифференциялануы бір уакытта 
жүрмейді (гетерохронды), бірақ өзара байланысты (интегративті) болады, 
оның нәтижесінде тіндік бастамалар калыптасады.
21.3.1. Эктодерманың дифференциялануы
Эктодерманың дифференциялануы барысында 
урық бөлімдері
— терілік эк­
тодерма, нейроэктодерма, плакодалар, прехордальды табакша және амнион- 
ның эпителийлік тыстауының пайда болу көзі болып табылатын, 
урықтан тыс
эктодерма
пайда болады. Хорданың үстінде орналаскан эктодерманың аз 
бөлігі (
неироэктодерма
), 
жуйке тутігі
мен 
жуйке айдаршасының
дифференци- 
ялануына бастама береді. 
Терілік эктодерма
терінің көп кабатты жазык 
эпителиіне (
эпидермиске
) және оның туындыларына, көздің мөлдір кабыкшасы 
мен конъюнктивасынын эпителиіне, ауыз куысы мүшелерінің, эмальдын 
және тістердің кутикуласының эпителиіне, тік ішектің анальды бөлімінің 
эпителиіне, кынаптың эпителийлік тыстауына бастама береді.
Нейруляңия
— жүйке түтігінің пайда болу үдерісі — ұрыктың әр түрлі 
бөлімдерінде калыптасу уакыты бірдей болмайды. Жүйке түтігінің тұйыкталуы 
мойын бөлімде басталады, кейін артка таралады және ми көпіршіктері 
калыптасатын краниальды бағытта біршама баяу өтеді. Шамамен 25-ші 
тәулікте жүйке түтігі толык тұйықталады, сырткы ортамен алдыңғы және 
арткы ұштарында орналаскан екі түйыкталмаған тесіктер — 
алдыңғы және
артқы невропорлар
аркылы ғана байланысты болады (21.13-сурет). Арткы не- 
вропор нейроішектік каналға сәйкес келеді. 5—6 тәуліктен кейін екі невропор 
да бітеледі. Жүйке түтігінен ми мен жұлынныц, көздің торлы кабыкшасынын 
және иіс сезу мүшесінің нейрондары мен нейроглиясы дамиды.
Жүйке үйемелерінін бүйірлік кабырғаларынын түйыкталуы және жүйке 
түтігінің пайда болуы кезінде, нейральды және калған (терілік) эктодерманың 
косьыған аймағында нейроэктодермальды жасушалардын тобы пайда бо­
лады. Бұл жасушалар, басында жүйке түтігі мен эктодерма арасында екі 
жакта бойлай катарлар түрінде орналасып, 
жуйке айдаршасын
кұрайды. 
Жүйке айдаршасының жасушалары миграциялануға кабілетті. Денеде 
бір жасушалар дерманың жоғарғы кабатына көшіп-конса, баскалары — 
парасимпатикалык және симпатикалык түйіндердің нейрондары мен нейро- 
глиясын, хромаффиндік тінді және бүйрек үсті бездерінін милык затын кұрай,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет