Эмбриология



Pdf көрінісі
бет179/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
10.14-сурет
Миелинді талшықтың да- 
муы және қүрылысы (схема): а — ми­
елин талшығының дәйекті даму саты- 
ларынан алынған көлденең кесінділер 
(Робертсон бойынша); б — қалыптасқан 
талшықтың 
үш 
өлшемді 
көрінісі 
(М.Х. Росс, Л. Дж. Ромреллу бойынша). 
1 — нейролеммоцит қабығының дупли- 
кациясы (мезаксон); 2 — аксон; 3 — ми­
елин белгісі; 4 — Ранвье түйіні (түйіндік 
бунама) аймағында нейролеммоцит- 
тің 
саусақ 
тәрізді 
контактылары;
5 — нейролеммоциттің цитоплазмасы;
6 — спиральды оратылған мезаксон;
7 — нейролеммоциттің ядролары


288
10-Тарау. Жүйке тіні
туиін аралық сегмент
деп аталады. Түйін аралык сегменттін ұзындығы
миелинді кабаттың калындығы тәрізді, осьтік цилиндрдің жуандығына 
тәуелді. Миелин белгілері, мезаксон иірімдері тығыз орналаспай, спиралды 
түннельді кұрайтын жері, ол сыртынан ішке бағытталын, нейролеммоциттің 
цитоплазмасымен толтырылған, яғни бүл миелиннің катпарланып кетуі бо- 
лып табылады. Нейролеммоциттерден сыртка карай базальды мембрана ор- 
наласады.
ОЖЖ миелинді талиіықтарының
ерекшелігі оларда миелинді кабатты 
олигодендроглиоциттердін өсінділерінің бірі калыптастырады. Оның калған 
өсінділері келесі миелинді талшыктардың миелинді кабатын кұрауға катысады 
(әркайсысы бір түйіна ралык сегмент шегінде) (10.12-суретті караңыз). 
Орталык жүйке жүйесінін миелинді талшыктарында миелин белгілері бол- 
майды, ал жүйке талшыктары базальды мембранамен коршалмаған. ОЖЖ 
миелиннің қүрамында миелиндік сілтілі нәруыз және протеолипидті нәруыз 
болады. Адамның ОЖЖ демиелиндеуші ауруларының калыптасуы осы 
нәруыздардың жетіспеушілігімен немесе біреуінің немесе екеуінің де болмау- 
ымен байланысты.
Миелинді талшыктардын импульстерді өткізу жылдамдығы миелинсіз 
талшыктарға карағанда жоғарылау болады. Миелині аз жіңішке талшыктар 
және миелинсіз талшыктар жүйке импульсін 1—2 м/с жылдамдығымен, ал 
жуан миелинді талшыктар 5—120 м/с жылдамдыкпен өткізеді.
Миелинсіз талшыкта мембрананын деполяризация толкыны бүкіл ак- 
солемма бойынша үзіліссіз өтеді, ал миелинді талшыкта — тек кана Ран- 
вье түйіні аймағында ғана туындап, № +-каналдарымен камтамасыз етіледі. 
Сонымен, миелинді талшыктарға козуды сальтаторлык жолмен, немесе 
секіртіп өткізу тән. Ранвье түйіндерінің араларында электр тогы жүреді, 
оның өту жылдамдығы деполяризация толкынының аксолеммада тарау 
жылдамдығынан жоғары.
10.4.3. Нейрондардың және олардың талшықтарының 
жарақатқа реакциялары
Жүйке талшыктарын кесу нейрон денесінде, нейрон денесі мен кесілген 
жердің арасындағы талшык аймағында (проксималды сегментте), жаракаттан 
дисталдылау орналаскан және нейрон денесімен байланысы жоқ аймакта 
(дисталды сегментте), әр түрлі реакцияларды шакырады. Нейрон денесіндегі 
(перикарионда) өзгерістер оның ісінуімен, тигролизбен — хроматофилді 
денешік түйіршіктерінін еруімен және ядроның жасуша денесінің шетіне ойы- 
суымен аныкталады. Орталык кесіндіде байкалатын дегенеративтік өзгерістер 
миелинді кабаттың және осьтік цилиндрдіц жаракат маңында ыдырауымен 
шектеледі. Дисталды кесіндіде миелинді кабат және осьтік цилиндр фраг- 
менттерге бөлінеді, ыдырау өнімдері 1 апта ішінде макрофагтардын көмегімен 
аласталады (10.15-сурет).
Қалпына келу жаракаттың орнына байланысты. Орталык жүйке жүйесінде 
де, шеткері жүйке жүйесінде де өлген нейрондар калпына келмейді. Орталык


10.4. Жүйке талшықтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет