14.4. Лимфа түйіндері
463
аргирофилді талшыктар, әр түрлі лимфоциттер, макрофагтар, плазмалык
жасушалар және бірен — саран гранулоциттер толтырған. Мұнын бәрі
антигендердін фагоцитозын және жасуша аралык байланыстарды женілдетеді.
Синустардың лимфасына өндірілген антиденелер және түйіннен шығатын
лимфоциттер түседі. Сонымен, синустар корғаныш сүзгісінің кызметін
аткарады, оларда фагоцигтеуші жасушалардың болуына байланысты лимфа
түйіндеріне түскен антигендердің басым көпшілігі кармалынады.
Лимфа түйіндері әр түрлі сырткы және ішкі факторларға өте сезімтал болып
келеді. Мысалы, иондаушы радиациянын әсерінен лимфа түйіншелерінде,
милык созындыларда лимфоциттер тез өле бастайды. Бүйрек үсті безінің
кыртысы кызметініңжеткіліксіздігі кезінде, керісінше барлык мүшелерде лим
фа тінінің қаулан өсуі
(status thymicolymphaticus
) байкалады. Лимфа түйіндері
инфекция ошактарының және ісік жасушаларының орныккан жерлері болуы
мүмкін. Кейбір аурулар көптеген лимфа түйіндерінін көлемдерінің ұлғаюына
әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: