«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет35/76
Дата13.06.2024
өлшемі0,86 Mb.
#203355
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

МАССАЖДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ 
 
Зерттеуге қарағанда, массаж адам денесінде болып отыратын зат алмасуларының бәріне әсер 
етеді. Организммен оны қоршаған орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасу процессі жүреді. 
Сыртқы орта мен зат алмасу организмге су және азықтық өнімнің түсуінен басталады. Олардың бір 
бөлігі ас қорыту жолында едәуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы қанмен 
лимфаға өтеді. Заттар қан мен бірге клеткаға түседі. Мұнда олар химиялық өзгерістерге ұшырайды. 
Организмге тән белок, май, углевод түзетін биосинтез және күрделі органикалық қосылғыштардың 
ыдырау процессі жүреді. Заттардың өзгеруі пигменттердің әсер етуі арқылы жүреді де, нервтік 
гуморалдық жолмен реттеледі. Зат алмасу проуесінің ақырғы өнімдерінің нәсіп, нәжіс, тер арқылы 
және тыныс шығарғанда ауамен бірге сыртқа шығарылады.
Сонымен заттардың организмге сыртқы ортадан енуіне бастап, ыдырау өнімдерін шығаруға 
дейінгі күрделі өзгерту тізбегін зат алмасу деп атайды. Массаждың негізін салып, оның қасиетін 
түбегейлі тексерген ғалымдардың бірі И.М. Саркизов – Серазини (1963ж) массаждың әсерінен зат 
алмасудың барлық түрі өзгереді деген. Оның айғағы – массаждан соң нәсіптің ұлғаюы, оттегінің 10- 15 
% көбеюі. Сол сияқты массаждың әсерінен денедегі тұз, азоттық заттар, сүт қышқылы көп бөлініп 
шығады. П.С.Василев, Н.И.Волков және А.В. Троицкий (1961ж) өз еңбектерінде ауыр жұмыстан соң 
шаршаған бұлшық еттерге жасалған сүт қышқылын шығару үшін массаждың өте қажет екенін 
анықтаған. Алмасу процессі клеткаларда үлкен қарқынмен жүріп ыдырау өнімдерімен артық су 
организмінен бүйрек, тері және өкпе арқылы үлкен жылдамдықпен шығарылады.
Ат алмасу туралы сөз болғанда денедегі сумен тұздың пайдасы зор екенін айтпаса болмайды. 
Адам денесінің 2/3 судан тұрады. Қанда, лимфада асқорыту сөлінде су өте көп. Сыртқа шығарылатын 


су организмге кіретін су мөлшерімен үнемі толықтырылып отыруы тиіс. Адам сусыз бірнеше тәулік 
қана өмір сүре алады. 
Денеге минералды тұздар өте қажет. Солардың негізінде ортадағы тұрақтылық сақталады. 
Мысалы, қанның ұюы үшін кальций тұздары қажет. Сүйек тканінің едәуір мөлшері осы тұздардан 
тұрады. Организмге қажетті тұздардың бәрі дерлік күнделікті жейтін тағамдарда болады. Онда натрий 
хлориді, ғана жетіспейді. Сондықтан ас тұзын қосады.
Массаждың әсерінен денеге сумен минералды тұздың алмасу аса қарқынды өтеді. 
Массаж тіпті ішкі секция белгілерінің қызметінеде өз ықпалын тигізеді. Барлық ішкі секция 
бездері зат алмасуды реттеу ролін атқаратыны белгілі.
Қалқанша безінің гармондары организмнің өсіп дамуны әсер етеді. Ондағы тотығу процесін 
реттейді. Қалқанша безі қызметінің бәсеңдеуі микседема ауруына әкеп соғады. Сол сияқты балдардың 
өсуі мен дамуын баяулатады. Егер қалақша безінің қызметі шамадан тыс күшейіп кетсе, онда базедов 
ауруы пайда болады. Мұндай адам ашушаң әрі тез шаршағыш келеді. Жүректің жиырылу жиілігі, қан 
қысымы, нерв жүйесінің қозғыштығы артады. Безедов ауруына шалдыққан адам үнемі ашқарақтанып 
тамақты көп ішеді. Бірақ бойға қонбайды, өте арық болады. Олардың қалқанша безі ұлғайып 
мойнының сәнін кетіреді және көзі бадырайып сыртына теуіп кетеді.
Осындай ауруға душар болған адамдар үшін гармондардың түзілуін тежейтін дәрілер мен бірге 
массаж қолданылады. Массаж денедегі тотығу процессін реттуге нерв жүйесінің қоғыштығы мен 
тежелуін теңестіруге көмек жасайды.
Адам организмінде бүйрек безінің де орны ерекше. Ол бірнеше гармондар түзеді. Олар углевод, 
белок, май алмасуына себепші болады, тұзбен судың алмасуын реттейді.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда массаждың әсер етпейтін жері жоқ. Ол орталық нерв 
жүйесіне, гуморалды механизмге, бұлшық ет қан тамырларына организмнің өзге жерлеріне үлкен әсер 
етеді. Массажды физиотерапия немесе емдік гимнастикамен қоса қабылдаса оның нәтижесі 
бұрынғыдан да аса түседі. Өйткені ол адам денеіне жан – жақты күш түсіреді. Сондықтан массажды 
қолдау әр – түрлі ауруларға пайдаланады. Өйткені науқастанған мүшенің орталық жүйесімен үзіліп 
қалған байланысын жалғастырып жандандырады. Көптегент ғалымдардың айтуынша, массаж 
әлсіреген денеге әл береді. Шаршаған организмге күш қосады. Бұзылған мүшені қалпына келтіреді. 
Тек методикасын дұрыс білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет