Әмір темір басқыншылық жорықтары. Ноғай ордасы. Солтүстік қазақстан және батыс сібір. ӘБілқайыр хандығЫ


Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары



бет3/14
Дата08.02.2022
өлшемі24,04 Kb.
#123995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ
ӘМІР ТЕМІР БАСҚЫНШЫЛЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ, Сабақ 3в, 5 занятие, Реология срс, «Smart healthcare»
Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары.
Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырды. Олар Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттерді талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық Моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір Моғолстанға 1372 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары Сайрам, Таласар арқылы жүрген. Жетісудың ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Моғол әмірінің Темірге қарсы күресінен ешбір нәтиеже шықпаған. Ол 1377 жылы Қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір Темір әскерлерінен күйрей жеңілген.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында Алтын Ордаға және Моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржола қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарда Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды Мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге тәуелділікке түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет