Құрамында 95 % метаны бар табиғи газдан 300 л (қ.ж.) ацетилен алынған болса (шығымы - 60 %), жұмсалған табиғи газдың көлемі анықтаңыз.
емтихан билеті № 3 Дәрілік заттарды жіктеу принциптерін сипаттаңыз. Жалпы дәрілік заттардың барлығын үш топқа бөлеміз:
1. А тобы - уытты заттар. Наркотикалық заттар А тізіміне жатады.
2. Б тобы - қатты әсер ететін заттар.
3. Жалпы топ - қатты әсер етпейтін заттар жатады. Рецептсіз босатылатын дәрілік заттар жалпы топқа жатады.
Дәрі-дәрмектердің жіктелуі:
1. Химиялық, мысалы фенотиазин туындысы – хлорпромазин немесе метилксантин – кофеин және басқалары.
2. Фармакологиялық, ағзаның мүшелер мен жүйелеріне әсер ететін заттар. Мысалы, жүрек қан-тамырларына әсер ететін дәрілер, бұған кіретін бөлімдерге: аритмияға қарсы, кардиотропты және басқалары , кальций түтікшелерінің тежегіштері жатады.
3. Фармакотерапевтикалық, көбінесе дәрігерлік тәжірибеде қолданылады. Мысалы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларын емдеу үшін қолданылатын дәрілер және т.б.
Спирттер. Спирттердің жалпы сипаттамасы. Этил спирті, фармакологиялық талдау. Спирттер– құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары. Олардың жалпы формуласы R-OH немесе CnH2n+1OH. Гидроксил тобының санына қарай бір-, екі-, үш-, төрт- және көпатомды спирттер; радикалдар құрылысына қарай қаныққан, қанықпаған, циклді, ароматты және гетероциклді спирттер болып бөлінеді.
Жалпы спирттердің алғашқы үшеуі суда жақсы ериді,одан жоғарылар қатты,ерімейді. С10- ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11-ден бастап қатты заттар. С4-С6 иісі жағымсыз, ал одан жоғарыларының иісі мүлдем жоқ. Олардың молекулалық массалары артқан сайын балқу, қайнау температуралары артады.
Этил спирті(этанол) C2H5OH- біратомды қаныққан - алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С, суда шексіз ериді.
Этанол көп мөлшерде синтетикалық көксағыз, лак алуға қолданылады. Этил спирті нәруызды молекулалардан суды тартып алып, оларды ұйытып, микроорганизмдерді жоятын болғандықтан, зарарсыздандырғыш ретінде медицинада қолданылады. Жақсы еріткіш болғандықтан дәрі тұндырмаларын дайындау үшін фармацевтикада, парфюмерияда, тамақ және химия өнеркәсібінде пайдаланылады. Кейбір елдерде отынның сапасын арттыру үшін автокөлік отынына этил спиртін қосады.
Этил спирті адам организміне зиянды әсер етеді. Жүзімнің, қанттың, крахмалдың ферменттік ашуы нәтижесінде түзілетін бұл затты спирт деп атайды. Спиртті ішімдіктің әсерінен асқазан мен ішектің кілегейлі қабықшасы зақымданады, бауырдың қызметі бұзылады. Спирт мидың қызметін тежеп, оның жүйке жасушаларын уландырып, адамның ойлау қабілетін төмендетеді,сөйлеу және қимыл үйлесімділігі бұзылады. Спиртті ішімдіктерді ішкен адамның мінез құлқында әдепсіздік, жел өкпелік, дөрекелік пайда болады. Ішімдікті жиі ішетін адам алкоголизмге, яғни этил спиртіне физиологиялық және психологиялық тәуелділікке душар болады және рухани жағынан азғындайды.