Емтихан билеті №1



бет19/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Емтихан билеті №7

  1. Көне Үндістандағы тіл білімі.

Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл ескерткіштер жинағын үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазірде де солай санаушылық бар көрінеді. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен «Веданың» тілін зерттеген. Ежелгі Үндістандағы тіл білімі, негізінде, осы төрт бағытта дамыған. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі — тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады.
Дәрісті қорытындылау:
1. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба ескерткіштері болған.
2.Яски «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген адам.
3.Панини еңбегі — тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады.
Ежелгі үнді тіл білімі (орыс. древнеиндийское языкознание) — Үнділерден бізге жеткен зерттеулер б. з. д. 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп аталатын жазба ескерткіштері (б. з. д. 6 ғасыр). Олардың ең көне түрі "Ригведа" санскритке жатады. Санскрит — сол кездегі брахмандардың, ғалымдар мен шайырлардың өнделтен, қолданылуы зандастырылып қағидаға айналған, нормативті әдеби тілі. Ол халыктың ауызекі сөйлеу тілі пракритке қарама-қарсы қойылып зерттелген. Үнділер қасиетті, киелі деп санаған бұл "киелі" жырлар тілінде үнділерге мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Соларды айқындау және "Веда" тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін, беретін түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен "Веданың" тілін зерттеген. Өз кезі үшін айтарлықтай жақсы, жан-жақты зерттелген мәселелер қатарына ғалымдар фонетика мен морфологияны жатқызады. Бұлар жөніндегі зерттеулер үнділердің атакты лингвисті Яска мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманға жеткен. Яска (б. з. д. 5 ғасыр) "Веда" тілінің бес томдық сөздігін жасап, түсінік берген. Панинидің (б. з. д. 6 ғасыр) жазған "Аштадхьян" (грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мындай грамматикалық ереже берілген. Панини "Веда" жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөзжасам, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттеген. Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі — тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұнғыш сипаттама грамматика. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздер тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлініп қарастырылған.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де, әркайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жакты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы, т. б. көптеген грамматикалық мәселелер өте дәлдікпен шешілген. Үнділер синтаксис мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет