Емтихан билеті №1


Тіл және этникалық бірлік



бет18/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Тіл және этникалық бірлік.

Тіл және этникалық бірлік.Тіл ғылымында тілді адамдардың этникалық бірліктерінің атымен ру тілі, тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, туыстас тілдер семьясы деп атаушылық бар. Тілдерді былайша бөлу – этникалық тұрғыдан сипаттағандық. Тіл бірлігі жоқ жерде этникалық бірлік те жоқ. Тіл дамуының әр тарихи кезеңдеріндегі этникалық бірлік атауларының тілге атау болуы да сол себептен болса керек. Белгілі бір тіл бір ғана этникалық бірліктің тілі болуы да немесе араласып кеткен бірнеше этникалық топтың ортақ тілі болуы да мүмкін. Тарихи тұрғыдан алғанда, тайпалық бірліктер, халықтар бірнеше рулардың, тайпалардың бірлігінен жасалғаны анық. Этникалық топтардың осылайша күрделене шоғырлануы олардың тілдерінің де бірігіп, күрделенуін туғызады. Халықтық бірлік құрамына енген этникалық топтардың тілдері бір-біріне сіңісіп, бір тілге айналуы немесе бір этникалық топтың тілі ерекше басым болып, бірте-бірте тұтас этникалық бірлктің ортақ тіліне айналуы мүмкін. Тілдердің этникалық жақтан тұтастануы қазіргі кезде де бар: ағылшындар, шотландықтар, американдықтыр бір тілде – ағылшын тілінде, испандықтар мен кубалықтар испан тілінде, неміс тілінде неміс, автриялықтар, португал тілінде бразилиялықтар т.б. сөйлейді. Дүниежүзіндегі тілдер қолданылу аясы, зерттелуі, пайда болу тарихы, сөздік қоры, қолданылу мүмкіншілігі жағынан алуан түрлі Бірақ бұндай алуан түрлілік тілдерге ортақ құбылыстардың болатынын жоққа шығара алмайды. Тілдерді зерттеуді оңайлату, жүйелілік үшін жіктеу, яғни классификациялау үрдісі қолданылады. Жіктеудің өзіне тән классификациялық белгісі, классификациялық ұстанымы болады. Мысалы, ареалдық жіктеу, тілдің қызметіне қарай жіктеу, әлеуметтік жіктеу, генеологиялық жікте т.б. жіктеулердің негізге алатын белгілері, ұстанымдары бар.
Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген қағида қазіргі заман тіл білімінде берік орын тепкен, талассыз тұжырым деуге болады. Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы бұлдыр болжам ежелгі заман ойшылдарынан басталғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен қоғам байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды.
Дыбыс тілінің пайда болуы. Дыбыс тілінің шығуына байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай – қайсысы да ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да тіл – адамға құдайдың берген сыйлығы дейтін діни көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.
Дыбыс тілі өз табиғатынан – ақ әлеуметтік қажеттіктен туған қоғамдық құбылыс ретінде дүниеге келген. Ғалымдар дыбыс тілі жеке дыбыстарға сараланатын сөз түрінде бірден пайда болған емес, жалпы жан иелерінде болатындай әр түрлі диффузды дыбыстарды адам тектес маймылдар да шығара білген болу керек, өз үйірлестеріне бір нәрсені хабарлау үшін қолданылған сонда диффузды, яғни мағыналық жағынан да, материалдық жағынан да бөлшектеп саралауға болмайтын одағай дыбыстарды олар дыбыс тілінің бастамасы ретінде қолданған болар да, келе – келе солардың негізінде дыбысты тіл пайда болған болар деп жорамалдайды.Дыбыстық сигналдарға қосымша маймыл – адамдар ымдау, нұсқау сияқты әр түрлі дене қимылдарын да қатынас құралы ретінде пайдаланған болу керек дегенді де айтады.
Тіл ғылымында тілді адамдардың этикалық бірліктерінің атымен ру тілі, тайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, туыстас тілдер семьясы деп атаушылық бар.Тілдерді былай бөлу – этникалық тұрғыдан сипаттағандық.
Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері. Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір – бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан өткен.Тілдің қай – қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған. Баяғы замандардан бері қоғамдық құрылыста талай өзгерістер болды. Әрбір қоғамдық экономиялық формацияның өзіндік ерекшеліктері, айрықша белгілері азды – көпті болса да, тілде белгілі із қалдырып отырады.Өйткені тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін, сол тілді жасаушы, оны қолданушы қауым, халық тағдырымен тығыз байланысты,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет