Емтихан билеті №1


Таңба түрлері (индекстер, символдар, икондық таңбалар)



бет8/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары

Таңба түрлері (индекстер, символдар, икондық таңбалар)
Ч. Пирстың басылым көрген семиотикалық идеялары лингвистикалық ортадан тыс алыста дүниеге келді, сондай-ақ түсінуге ауыр тілмен жазылғандықтан сол уақыттарда АҚШ-тан тыс жерлерде кең танылмады; оған ұқсас тәуелсіз идеяларды Ф.де Соссюр дүниеге әкелді. Оның басты айырмашылығы идеяны математикалық логикадан емес лингвистикадан туындатуы болды. Пирс тұжырымдамаларының кең оқырманмен табысуы және дамытылуы 1930-жылдарда Ч.М.Моррис арқылы жүзеге асты және ол Пирстың әлемге семиотиканың негізін салушы ретінде кең танымал болуына ықпал етті. Пирс идеяларының көпшілік сипат алуына Р.Якобсон да біраз еңбек сіңірді.
Пирс таңбаларға классификация жасады: икондық таңбалар, индекстер, символдар.
Икондық таңбалар - белгілеуші мен белгіленушісі бір-бірімен қандай да бір ортақ ұқсастыққа ие бейнелі таңбалар Мыс. Аюдың (хайуан) өзі мен суреті;
§ Индекс-таңбалар (олар индекстік, нұсқаушы не дейксистік таңбалар) – белгіленуші мен белгілеушінің өзара араластығымен бір-бірімен байланысты болатын таңбалар; көп жағдайда бұл байланыс себеп-салдарлық және/немесе нұсқаушы сипатта болады: із – оны тастаушыға сілтейді, түтін – отқа.
§ Символ-таңбалар немесе символдық таңбалар белгілеуші мен белгіленуші сол қоғамда қабылданған және/немесе сол мәдениеттегі шартты келісім негізінде бір-бірімен байланысты болады Мыс.: бағдаршам түстері мен олардың мағыналары арасындағы байланыс.
Пирс таңбалар синтаксисін жасаудың маңыздылығын атап көрсетеді.


Емтихан билеті №3
1.Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық көзқарас (младограмматизм) XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Бұл ағымның Германиядағы көрнекті өкілдері К. Бургман, (1849— 1919), Г. Остгоф (1842—1907), Б. Дельбрюк (1842— 1922), Г. Пауль (1846—1921), А. Лескин (1840—1916), т. б. Францияда М. Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Россияда Ф. Ф. Фортунатов бастаған Москва лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды.Бұл ағым өкілдері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейінгі өкілдерін «бұлар —жорамалға толы қапырық шеберханада үнді-европалық ата тілді мүсіндеушілер» деп кекетіп, лингвистерді сол «сасык шеберхананы» тастап, жаңа жол табуға шақырғанболатын. Олардың осы қызбалықтарына, албырттықтарына қарап, неміс лингвисі Ф. Царнке оларды «жас грамматистер» деп ажуалаған еді. Осы ажуа ат бірте-бірте лингвистикалық мектептің аты болып қалыптасты. Жас грамматикалық бағыттық тууына тіл білімі дамуының ішкі факторлары себепші болды. XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап компаративистік лингвистиканың жайы қанағаттанғысыз, бағыты бұлдыр, тоқырауға ұшырады деген үндер шығып, сол тоқыраушылықтан құтқаратьш жаңа бағыт іздеу басталды. Жас грамматикалық бағыт осылайша туып, көп үзамай-ақ әлемдік лингвистикадағы ғылыми ағым болып қалыптасты.
Өрісінің кеңдігі, лингвистикалық еңбектердің молдығы, ғылымның дамуына тигізген әсері жағынан XIX ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы жартысындағы лингвистикалық ағымдардың ешқайсысы да жас грамматикалық мектепке тең келе алмайды. Бұл мектеп белсенді, беделді ғылыми ағым ретінде елу жылдан астам уақыт өмір сүрді.
2. Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері – тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.Логика – ойлау формаларын, ол формалардың өзара байланысын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.Ал, ойлаудың заңдылықтарын тілдік материалдарсыз білу мүмкін емес.Ойлау формалары тілдік элементтермен тығыз байланысты.Сондықтан ұғым, байымдау, ой қорытындысы сияқты логикалық категориялардың тілдік элементтер арқылы көріне алатыны да, олардың арасындағы бірлік пен өзгешелік те логиктер үшін өте қажетті.Сол сияқты тіл ғалымдары үшін тілдің мағыналық, мазмұндық жағы да аса маңызды.Ал, тілдік мазмұн дегеніміз – ой, байымдау.Бұлар – логикалық категориялар.Айтылғандарды жете меңгеру үшін логиктер мен тіл ғалымдары бір – біріне өзара көмектеседі.Бірақ әрқайсысының көздейтін мақсаты әр басқа: логиктер тіл арқылы ойлаудың заңдылықтарын, ал тіл зерттеушілер тілдегі заңдылықтарды білуге тырысады.Тіл білімін қызықтыратын мәселе – ойлау заңдылықтарын тіл құрылысына қандай дәрежеде әсер ететіні.Ойлау заңдылықтары жалпы адамзаттық, ал тілдердің құрылымы мен заңдары, негізінде, жеке халықтық, ұлттық, дара – дара болады.Сондықтан да белгілі бір ұғым, мағына, байымдау әр тілде әр басқа тәсілмен беріледі.Тілдің логикалық категорияларды, ұғым мен байымдауды білдіруі оның толып жатқан функциялық құбылыстарының бір жағы ғана.Тілде бұдан басқа да өзіндік ішкі мағыналық, формалық құбылыстар, өзіндік категориялар мен заңдылықтар көп.Онда тіпті ешқандай логикаға сыймайтын жайттар да аз емес.Мысалы, орыс тіліндегі ночь сөзінің – женский родқа, день сөзінің мужской родқа жатуын, қарным ашты, түйе көзіңе түсті ме? Көз – құлақ бола жүр деген тәріздестердің білдіретін мағыналарын қазіргі логикаға сай деуге болмайды.
3. Тілдердің бөліну, бірігу процестері.
Адамдардың қоғамдық бірліктері сияқты олардың тілдері де бір-бірінен ажырап бөлшектену, қосылып бірігу жолынан откімі, Тілдің қай-қайсысы да осы күнгі дәрежесінде пайда бола қалмаған.Адам қоғамының алғашқы рулық бірліктен ұлттық бірлікке ауысқан сияқты, тіл де ру тілінен тайпа, халық, ұлт тіліне ауысып күрделене дамыды.
Ежелгі шағын коллективтер тілінен кейінгі замандардағы күрделі қауымдар тіліне қарай даму жолында екі түрлі процесс болды. оның біріншісі-белгілі бір дәуірдегі біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі. Бұл процесс-тіл білімінде дифференцияция деп аталады. Екіншісі-жеке диалектілердің, тілдердің бір-бірімен жақындасу, бірігу прооцесі. Бұл процесс-тіл білімінде интеграция деп аталады.
Тілдер дамуында болатын дифференциялық процесс те, интеграциялық процесс те қоғамға байланысты болады. Біртұтас тілде сөйлейтін белгілі бір қайымның әр түрлі тарихи себептерден ыдырауы, бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы жоқ жеке-жеке топтарға бөлшектенуі ол бастағы біртұтас тілдің де ыдырауын бөлшектенуін туғызады. Осының керісінше әр түрлі диалектілерде, тілдерде сөйлейтін қауымдардың белгілі бір тарихи себептерімен бірігулері олардың тілдерінің өзара жақындасуын, бірігуін туғызады. Сөйтіп, қоғам мүшелерінің ыдырауы тілдің ыдырауына, олардың бірігуі тілдік ерекшеліктердің жойылуына, тілдердің бірігуіне себеп болады.
Дифференцияциялық процесс — СССР халықтарының тілдерінің дамуында болмайтын құбылыс. Халықтардың бірлігі барған сайын күшейіп, қабысып келе жатқан қоғамда тілдік дифференцияцияға негіз жоқ. Халқы жаппай сауаттылыққа жеткен, бірыңғай, біртұтас әдеби тіл үлгілерін таратушы — жазу тілі дамыған социалистік елде тіпті бұрын болып келген диалектілік ерекшеліктердің ұзақ өмір сүруіне де мүмкіндік қал-майды.
Интеграция — дифференцияға тура қарама-қарсы процесс. Интеграция — өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір-бірімен жақындасуларының, араласып, бірігулерінің нәтижесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет