Емтихан сұрақтары Еңбек құқығының пәні және әдісі,қағидалары, қайнар көздері



бет29/31
Дата22.06.2020
өлшемі0,62 Mb.
#74241
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Азаматтық құқық толық

Міндеттеме түсінігі мен түрлері

268 бап Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышкер) басқа адамның (кредитордың) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы да сол сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал кредитордың борышкерден өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқығы бар.

Міндеттеме мүліктік емес азаматтық құқықтық қатынастарға қарағанда мүліктік құқықтық қатынас болып табылады.

Міндеттеме дегеніміз мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.

Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші.

Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi(талап ету)белсенді жағы немесе борышқор (міндеттемелік) ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады.

Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Шартты міндеттемелердің келсідей түрлерін атауға болады:

1) Мүлікті меншікке беру жөніндегі міндеттемелер ( мысалы, сатып алу сату; айырбас; сыйға тарту, рента тб

2) Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер мыс, мүліктік жалдау,оның ішінде лизинг, концессия, мүлікті ақысыз пайдалану, тұрғын үйді жалдау)

3) Жұмысты орындау жөніндегі міндеттемелер (мыс, мердігерлік, күрделі құрылысқа, жобалау іздестіру жұмыстарын орындауға, күрделі жөндеуге тб

4) Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер ( мыс, көлік міндеттемелері, тасымалдау, тіркеп сүйрету,көлік экспедициясы тб)

Міндеттемеге бірнеше несие беруші және бір борышкер қатысса онда әңгіме белсенді көптік міндеттемелері жайында болады.Бірнеше адам бір сатушыдан ортақ меншік құқығында үй сатып алады.

Ал, міндеттемеде бірнеше борышкер және бір несие беруші қатысса, онда пәс көптік міндеттеме орын алады.

Тұлғалардың көптігі болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді.

Үлесті міндеттеме: шығынның орнын толтыруғ жөніндегі міндеттемелер бірлескен қызмет туралы шарттағымүліктегі үлестерге бара бар.

Адамдары көп, сондықтан әрбір несие беруші талап етуге құқылы, ал әрбір борышкер міндеттемені толықтай орындауға міндетті міндеттеме ортақтасқан міндеттеме деп танылады.

Ортақтас міндеттеме заң актілерінде белгіленгендігіне, бірқатар мысалдар келтіруге болады:

-заңды тұлға қайта ұйымдасқанда жаңа құрылған заңды тұлға, егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша несие беруші алдында ортақтас жауаптылық көтереді. Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортастасып береді.

Борышкер ортақтасып міндеттегенде несие беруші олардың барлығынан бірдей немесе әрқайсысына жекелей міндеттің толық немесе бөлшектеп орындалуын талап етуге құқылы. Ортақтас борышкерлердің беруінен толық қанағат алмаған несие беруші, ала алмағанын ортақтас борышкерлердің басқасынан талап етуге құқылы.

Міндеттеме орындалғаннан кейін, оны борышкерлердің біреуі немесе барлығы орындалғанына қарамастан, міндеттеме толық тоқтайды. Бірақ бұрынғы борышкер міндеттеменің орнына жаңа міндеттеме- регрестік міндеттеме туындайды.

Үшінші жақ қатысатын міндеттемелердің кемінде үш түрін бөліп алуға болады:

Регрестік; кері міндеттеме деп те атайды

III жақтың пайдасына міндеттемелер;

III жақ орындайтын немесе III жаққа орындайтын міндеттемелер, яғни орындауды қайта жолдау немесе қайта тапсыру.

Адамдарды көп міндеттемелердің өзігше бір түрі – субсидиялық міндеттеме. Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда, бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға мәлімделуі мүмкін екендігі заң құжатарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.

Субсидиялық міндеттеменің басқа мысалдары:

Қосымша жауапкершілікті серіктестіктің қатысушыларының серіктестіктің жарғылық капиталына салымдары жеткіліксіз болғандағы жауапкершілігі

-еншілес ұйымдарға олар үшін міндетті болып табылатын нұсқаулар беруге құқылы, олардың мұндай нұсқауларды орындау мақсатында жасаған мәмілелері бойынша, сондай ак еншілес ұйымдардың негізгі ұйымның кінәсінен банкрот болған жағдайында негізгі ұйымның жауапкершілігі.

-14 жастан 18жасқа дейінгі кәмелетке толмағандрадың келтіріген зияны үшін ата анасының немесе қамқоршының жауапкершілігі.

Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді:

-бір жақты міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында тек міндеттер заем, зиян келтіру

-өзара не екіжақты міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де рөлінде болады.

Орындау нысанының анытылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша:

Балама міндеттемелер- борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға құқылы.Мыс өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету не оның жалдаған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді.

Факультативтік міндеттемелер- борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса- басқа әрекет жасайды. Мыс, борышкер несие берушіге автомобиль құнын төлеуге не сондай мүлік беруге тиіс.

Бір бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және қосымша( акцессорлық) бдыю. Мыс, тұрақсыздық айыбын төеу міндеті негізімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады.

Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатын-заем, дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп орындауға болмайтын, мысалы үй құрылысы, сурет салу)




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет