Ерлі зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі
Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі---Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік.
Олар:
• ерлі-зайыптының әрқайсысының еңбек қызметінен,
• кәсіпкерлік кызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапкан табыстары,
• ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер,
• олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-
ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек кабілетін жоғалтуына және баскаларына байланысты залалды өтеуге теленген сомалар) жатады.
Сондай-ақ ерлі-зайыптынын ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражатын ерлі-зайыптының қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптынық ортақ мүлкі болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайғада тиесілі.
Некеге отырғанда некедегі мүліктің тиістілігі және оны ажырасу кезінде бөлу керектігі туралы ойланатындар жоқ шығар. Әрине бұл сияқты маңызды сәтте жаман ойламаған да дұрыс. Аталмыш мақалада біз ерлі-зайыптылардың жеке және жалпы мүліктері туралы неке шартының қандай роль атқаратынын мүліктік үлестер қалай бөлінетінін және неке бұзылғанда меншікті бөлуге қандай талаптар ықпал ететіні туралы айтамыз.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 32-бабының 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі, егер Кодекстің 33-тармағына сәйкес олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Некеде жиналған мүлік ортақ болып табылады, алайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жеке мүлікке ие болуы мүмкін.
Ортақ мүлік үлестердің бөлінбейтінін болжайды. Ортақ мүліктен жекенің айырмашылығы оның бір адамға толығымен тиістілігімен ерекшеленеді және сәйкесінше некені бұзуда бөліне алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |