Шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарының ерекшеліктері
Шаруашылық жүргізу құқығы --Мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын Азаматтық кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы
Оралымды басқару құқығы меншік иесінін қаражаты ёсебінен қаржыландырылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктік мақсатына сәйкес заң құжатгарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың затгық құқығы болып та-былады (АК-тің 202-бабы).
Құқық объектісі казыналық кәсіпорынның мүлкі мен
мекеменің мүлкі саналады.
Оралымды басқару қүқығының мазмүнының шаруашылық жүргізу құкығына қарағанда аясы тарлау келеді. Мысалы, мемлекет кәсіпорынды қүрылған сәттен бастап оны қаржыландыруды тоқтатады, бұл мемлекеттік мекемеден басты айырмашылық болып есепгеледі. Мемлекеттік кәсіпорын кейбір жағдайда болмаса негізінен өз мүлкіне деген қүқықтық тәртіпті өзі айқындайды.
Оралымды басқару қүқығын алған мемлекеттік немесе коммуналдық тұлға сол мүліктерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге заңда белгілленген реттерде құқылы болып табылады. Бұл орайда өз қызметінің мақсата, меншік иесінін тапсыр-масы, мүліктің мақсаты және заңның талабы сақталады (АК-тің 202-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: |