Ситуациялық есеп №1 Науқас әйел әйелдер кеңес үйіне жыныс жолдарынан бөлінетін ақ түсті бөліндіге және контакт болған кездегі қанды бөлініске шағымданып келді. Етеккір циклі бұзылмаған. Етеккірі 23 жастан, некеде тұрады, жүктіліктен сақтанбайды.
1. Сіздің ойыңызша қандай патология туралы ойлауға болады?
2. Науқас әйелді жүргізу тәсілі қалай болады?
Ситуациялық есеп №2 Науқас әйел М. 25 жаста, әйелдер кеңес үйіне контактілі қанды бөлініске және көп мөлшерлі ақ түсті бөліндіге шағымданып келді.
Анамнез: етеккірі 13 жастан, тез арада қалпына келген, 4 күннен, цикл ұзақтығы 28 күн, ауырсынусыз, аз мөлшерде. Жыныстық қатынаста 23 жасынан бастап тұрады, 8 ай көлемінде жүктілік болған жоқ. Венерологиялық және басынан өткерген гинекологиялық аурулары жоқ. 3 ай бұрын контактілі қанды бөлініс пайда болды.
Қынаптық тексеруде: сыртқы жыныс мүшелері қалыпты, патологиялық процесс жоқ, әйел типті түктену. Жатыр мойны консистенциясы – қалыпты, сыртқы өзек –жабық. Жатыр қалыпты мөлшерде, қозғалысты, ауырсынусыз, жоғарғы қабаты пальпацияда тегіс. Қынаптық күмбездер бос, жатыр қосалқылары пальпацияланбайды. Жыныс жолдарынан қанды бөліністер.
1. Сіздің ойыңызша қандай патологиялық процесс?
2. Қандай қосымша тексерулер жүргіземіз?