Тырысулық ұстамалармен өтетін басқа сырқаттар: эпилепсия,
истерия, гипервентиляциялы синдром, спазмофилия, гипогликемия және т.б.
патология, жедел панкреатит, D дәруменінің ауыр тапшылығы, бүйрек жеткіліксіздігі, бірқатар дәрілерді қабылдау (цисплатин, кальцитонин, фосфаттар), бірнеше рет гемотрансфузия жасау (кальцийдің артық цитраттармен байланысуы).
Емі
Гипокальциемиялық криз. 20 мл 10 % кальций глюконат ерітіндісін
100–200 мл физиологиялық ерітіндіге немесе 5% глюкоза ерітіндісіне араластырып көктамырға 10 минут бойы құямыз. Симптоматика сақталып немесе қайталанса кальций глюконаты ерітіндісін қайта енгіземіз.
Сүйемелдеуші терапия: тәулігіне 1,0–1,5 г мөлшерде қарапайым
кальцийді тағайындау (кальций карбонат түрінде). Науқастардың басым көпшілігінде кальций дәрілерімен монотерапия ГПТ компенсациясына әкелмейді (қандағы қалыпты кальций деңгейін ұстап тұрмайды). Осыған орай D дәрумендері қоса тағайындалады: дигидротахистерол (0,5–2 мг тәулігіне; 12–40 тамшы), холекальциферол (25000–75000 БР); 1.-OH-D3 (2–4 мкг тәулігіне), 1,25(ОН)2D3 (1–3 мкг тәулігіне).
Достарыңызбен бөлісу: |