Әне арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі / сала бойынша”



бет6/8
Дата06.07.2018
өлшемі0,72 Mb.
#48140
1   2   3   4   5   6   7   8

ОЖСӨЖ № 4

ОЖСӨЖ мазмұны: Мұғалімнің жұмысының маңызды кезеңі және қазіргі сабақ құрылымының моделі.

Мұғалімнің жұмысының маңызды кезеңі – сабақтарды даярлау мен өткізу. Әдіскер ғалым Ю.Л.Львова сабаққа даярлануға байланысты мынадай әдістемелік ұсыныстар береді:

1. Сабаққа күні бұрын даярлану (оны өткізуден 2-3 күн бұрын) пәннің логикалық құрылымындағы тақырыптың алатын орнын анықтап, алдыңғы және кейінгі тақырыптармен байланыстырып, сол арқылы оның танымдық мәнділігін анықтау.

2. Осы тақырып бойынша мұғалімнен немесе әдіскерлерден кеңес алу.

3. Тақырып бойынша оқулық жадығатын талдап, университетте оқыған пәндердің сай келетін бөлімдерін, барлық қосымша жадығаттарды зерттеу (әдістемелік басылымдар, журнал мақалаларын қарау т.б.).

4. Сабақ – ізденімпаздық үрдіс нәтижесі. Әдістемелік құралдардың жағдайын сыни көзбен қарап, жаттандылықтан аулақ болу.

5. Сабақтың мақсатын анықтап, нақтылау қажет (білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық, оның жан-жақты шешілуін қамтамасыз ету).

6. Оқу жадығатының мазмұнын тиянақты ойластыру. Оның мақсатын, міндеттерін оқушылардың оқу мүмкіндіктерімен сәйкестендіру.

7. Конспект-жоспар құрып, сабақтың түрін, құрылымын ойластыру. Оның әр бөлімінің тезисін жасау.

8. Сабақты оқу үрдісінің дидактикалық ұстанымдарына сай, дамытушылық, іс-әрекеттік ыңғай теорияларына сүйене отырып жүргізу.

9. Сабақтың әр бөліміне нақты дидактикалық міндетті қою, оны шешуге арнаулы уақыт бөлу, оқушы іс-әрекетінің түрін ойластыру.

10. Сабақта қолданылатын оқыту әдістерінің жүйесін ойластыру:

а) оқушының танымдық қызығушылығын, парыз, жауапкершілік сезімін арттыру, оқудың әлеуметтік мәнін көрсету;

ә) оқушы іс-әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру;

б) оқушы іс-әрекетінің барысы мен нәтижесін тексеруде өзін-өзі тексеруін қамту.

11. Фронтальдық, топтық және жекелік танымдық қызметті ұйымдастырудың тиімді арақатынасын анықтау.

12. Көрнекі құралдарды, дидактикалық жадығаттарды даярлап алу.

13. Жоспар-конспектіні жасағаннан кейін пән мұғалімдері мен әдіскерлерден кеңес алу.

Қазіргі сабақ құрылымының моделі.

Тақырып:

Дидактикалық мақсаттары:

а) білім берушілік

ә) тәрбиелік

б) дамытушылық

Дидактикалық құралдар:

Критерийлер бойынша сабақтың типі:

а) дидактикалық міндеттерді шешуіне байланысты

ә) оқытудың басым түріне байланысты

б) оқушылардың танымдық қызығушылығының дәрежесіне байланысты.



Сабақтың барысы

І. Оқушыларды жаңа білімді игеруге даярлау:

1. Іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, оны оқушылардың қабылдауы.

2. Оқушылардың танымдық қызметінің дәлелділігін қамтамасыз ету.

3. Тірек білімдерінің маңызы. Дидактикалық міндет қою арқылы балаларды танымдық іс-әрекеттің сан алуан түрлеріне қатыстыру:

а) ауызша санау, математикалық диктант;

ә) грамматикалық талдаудың түрлері;

б) ізденімпаздық, өзіндік жұмыс;

в) үй тапсырмасын тексеру;

г) бұрыңғы және жаңа жадығаттың арасындағы логикалық байланысты орнату.


ІІ. Оқушылардың жаңа білімді игеру үрдісі:

  1. Ақыл-ой әрекетін заттандыру дәрежесінде бастапқы мәліметті қабылдап, оны меңгертуді ұйымдастыру.

а) зерттелетін құбылыстардың мәнді сапалық белгілерін ойлау операцияларының көмегімен анықтау: талдау, жинақтау, салыстыру, тасымалдау т.б.;

ә) зерттелетін құбылыстың бейнесін анықтау.


ІІІ. Түсіну үрдісі:

а) жасалып жатқан образды ұғым деңгейіне жеткізу;

ә) ұғымды бекіту, ережені анықтау, айту, бастапқы меңгеру;

б) оны бұрынғы біліммен логикалық түрде байланыстыру.


ІҮ. Жаңа білімді ұғыну үрдісі:

а) білімді баланың өмір тәжірибесімен сәйкестендіру;

ә) баланың білім мәнін түсінуі;

б) оқушының жаңа білімді субъективті түрде меңгеруі.


Ү. Жаңа білімді жалпылау және жаңа ұғымдарды бұрыңғы меңгерген жүйеге енгізу:

а) жаңа білімдердің бұрыңғылармен тәуелділігін және себеп-салдарлы байланыстарын орнату;

ә) меңгерген білімді жүйелеуді және нақтылауды қамтамасыз ету.
ҮІ. Сабақта білімді бекіту және қолдану:

а) алған білім негізінде оқу дағдыларын жасау;

ә) білімді өздігінен қолдану;

б) оларды шығармашылықпен қолдану.


ҮІІ. Сабақтың қорытынды бөлімі: оқушылар қызметінің мазмұндық жағын бақылау.

  1. Оқығандық және тәрбиелік дәрежесін бағалау:

а) жеке адамның бағаттылғандығының қалыптасуы;

ә) танымдық психикалық үрдістердің дамуы;

б) жеке адамның эмоциялық-еріктік деңгейі;

в) оқушылардың іс-әрекетінің көлеміне, жылдам әрі тез орындауына сипаттама.

2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдау:

а) іс-әрекеттің жағымды нәтижесін көрсету;

ә) қойылған бағаға түсініктеме беру;

3. Үй тапсырмасы және оның орындалуын түсіндіру.



ОЖСӨЖ №5

ОЖСӨЖ мазмұны: Оқушы жасының кезеңі.

Тәрбие беру объектісі — өсіп-жетіліп келе жатқан жеке адам. Жеті жастағы бірінші класс оқушысы мен орта мектепті бітіргелі тұрған, сыр-сипа

ты, мінез-құлқы қалыптасып қалған, дүние танымы, өмірге деген және өмірден алар өз орнына деген көзқарасы айқындалып қалған он жеті-он сегіз жасар жас өспірім балалар мен қыздардын араларында үлкен айырмашылықтар бар. Мектепте оқу кезеңі — адамның өміріндегі бүтіндей бір дәуір. Ол дәуір аса қажетті де елеулі дәуір. Өйткені бұл оның адам бола бастау кезеңі.

Мектептің, бастауыш, орталау және жоғарғы кластары жасындағы оқушылардың бұл өсіп-жетілу дәрежесі аралығында елеулі айырмашы-лықтар бар. Ол айырмашылықтар балалардың өсіп-жетілуіндегі кейбір жалпы белгілерінің, бар екенін сипаттайтын жас кезеңдерін оқшаулап көрсетуге мүмкіндік береді.

2. Екінші жағынан, жастары бірдей әр түрлі оқушының өсіп-жетілуі бір қалыпты болып өтпейді. Олардың біреулері — ұзын бойлы, шегедей мықты, дендері сау, енді біреулері — нәзік, ілмиген арық, аласа бойлы. Біреулері материалдың мазмұнын сәтте қағып алса, басқа біреулері,— материал тіпті алғашқысы үшін де, соңғысы үшін де бірдей үлгірілетін бола тұрса да,— соңғысының ойланып-толғануына және үлгіруіне біраз уақыт керек. Басқаша айтқанда, оқушылардың, жастары бірдейлігіне қарамастан, елеулі дара айырмашылықтары жиі кездесіп тұрады.

Оқушылардың осындай жеке-дара айырмашылықтары өте байқалғыш. Олар оқушылардың, тек өз тұрғысында не олардың сабақта аңға-рымдылығында ғана емес, сондай-ақ әр түрлі реакцияның балаларға тиетін барлық сыртқы ықпалдарының бүтіндей жиынтығында да көрінеді.

Бұл айырмашылықтардың шығатын көзі тіпті әр қилы: мұнда тұқым қуалаушылықтың да, жоғары нерв қызметінің ерекшеліктерінің де және барлық психикалық процестердің де ықпалы бар. Керек десе, орта мен тәрбиенің ықпалының бірдейлігі де түрлі оқушыға әр түрлі әсер етеді, өйткені ол оларға іштей ортақ ықпалын түрліше жүргізеді.

Жастары бірдей ер балалар мен қыздардың денелері мен ақыл-ойларының өсіп-жетілу ауқымдарының айырмашылықтары кейде тіпті ала-бөтен көрініп тұрады. Сондықтан да тек ер балаларға немесе қыздарға тән өсіп-жетілу мен қылықтардың белгілі айырмашылықтарын даралап көрсетіп отыруға тура келеді.



ОЖСӨЖ №6

ОЖСӨЖ мазмұны: Мектептің жоғарғы класс жасындағы оқушылар.(15-18 жас)

Жеткіншектер кластарында да тәрбиеші жеке оқушылардың, достығын бүкіл кластың достығымен сәйкестендіре отырып, жақсы достықты нығайтуға көмектесетін барлық балаларды бір тұтас коллективке топ-тастыруға ұмтылуға тиісті. Тарту коллективке жеке жеткіншектердің қылығындағы барлық шектен шыққандык. пен олқылықтарды тез жоюға көмектеседі. Жеткіншектерге көбінесе мұғалімнен гөрі көпшілік пікірі күштірек ықпал жасайды.

Жеткіншектік жастағы оқушылардың қылығындағы көптеген өзін-өзі тежей алмаушылық пен қарама-қайшылықтардың физиологиялық негізін түсінетін мұғалім балалары үлкейгенмен, бірақ әлі де оны кішкентай көріп, қамқорлық жасап отыратын ата-аналарға балаларының қылықтарын түзетуге дұрыс жол ұстауға барынша ықпалды көмек көрсете алады.

Басқаша сөзбен айтқанда, мектептің жоғарғы класс жасындағы немесе ертерек жетілген жас Жасөспірім шағы—бұл адам бола бастаған кезең,— сондықтан да ең жауапты кезең. Оның жауапты кезең болып табылатындығы — көп адамдар үшін бұл тәрбиешілердің ұйымдасқан және бағдарлы мақсат көздеген ықпал жасауының кезеңі осымен аяқталатындығында, мектептен кейін көпшілігі үшін өмір сабағы басталады, оларды педагогтар да, тәрбиешілер де емес, өмірдің өзі, біздің бүкіл қоғамымыз тәрбиелей бастайды. Егерде жастар ұйымшыл, еңбеккор күшті коллективке тап болса, оларға өндірістік коллективтер мен оларды қоршаған орта, сондай-ақ аса күшті ұнамды да тәрбиелік ықпалдарын тигізеді. Алайда, бұл мектептегі тәрбиешілер мен мүғалімдердің тура және тікелей ықпалындай ықпал емес. Тіпті арнаулы орта мамандық беру оқу орындарында және оның үстіне жоғарғы оқу орындарында әрбір жеке адамдармен арнаулы тәрбие жұмысын жүргізу елеулі түрде нашарлайды.

Егерде ерте кезеңде жадында сақтау ойлаудың, дамуына ықпал жасаса, ал сонан соң бұлардың арақатынастары біртіндеп өзгереді және бұл жаста өзінің белгілі даму сатысына жеткен ойлау жадында сақтаудың тірегі қызметін атқара бастайды. Жадында сақтау бара-бара қисынды бола бастайды

Жоғарғы кластардың оқушыларының көбінде білімнің кейбір саласында, ал мектепте — кейбір пәндерге деген тұрақты мүдде пайда бола бастайды. Бұл көбінесе белгілі бір мамандыққа, еңбек саласына деген мүдденің пайда бола бастауына байланысты.

Оқушылар үшін мамандық туралы мәселе өмірлік қажетті маңызға ие болады. Соңғы жылдарда мектеп оқушыларды еңбекке және мамандық таңдауға даярлауды жақсарту жөнінде едәуір тәрбие жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды еңбектің нағыз әр түрлі салаларымен әлде қайда кеңінен таныстырып, жалпы және политехникалық білім беру негізінде жеке мамандықты меңгеруге даярлай бастады.

Барлық осындай жұмыстардың нәтижесінде көптеген Жас өспірімдер мен қыздар үшін мамандық таңдау барынша саналы түрге еніп алды, сонымен бірге олар, өз еліне көбірек лайда келтіре алатындай халық шаруашылығының қандай саласында болсын өзінің бейімділігі мен қа-білетіне сәйкес өз күшін тиімді пайдалану туралы мәселемен байланыстыра бастады.)

Біздің жоғарғы класс оқушыларының ынта-ықыластарының ауқымы кең. Олар бәрімен: саясатпен де, ғылыммен де, техникамен де, спортпен де, көркем өнермен де, әдебиетпен де шуғылданады. Оқушылар кейде мұғалімге сондай қиын сұрақтар қояды, оларға тіпті мамандар да жауап бере алмай қалады.

Достықтың берік болуы үшін ішкі себептердің — досына өзінің ішкі дүниесін, кітап оқудың мол әсерлердің, көптеген мүдделердің пайда болуымен байланысты қиындықтарды бастан кешіргенін, кітаптар оқуға, әсерлер мен кездесулердің көптігіне байланысты және тағы басқаларды толық та тереңінен ашып түсіндіруге ұмтылуының шешуші маңызы бар.

Бастауыш мектеп оқушысына дос бірге ойнау, сабақтан кейін бірігіп бірдеңе істеу үшін керек. Егерде жоғарғы класс оқушысынан дос не үшін керек? деп сұрай қалса, онда ол шамамен былай жауап берер еді: пікірлесіп, бастан кешкенін ортаға салу, шын ниетіңмен сырласып, қандай да болсын толғантқан мәселелерді немесе өмірлік проблемаларды талқылау үшін досың болу керек.

Жалпылай алғанда тәрбиешілерге де, ата-аналарға да сүйіспеншілік пен достық тақырыптарына жоғарғы класс оқушыларымен батыл сөйлесіп, оларды жарасымды қарым-қатынаска үйретіп, болашақта өздерін семья құруға әзірлеуі керек. Әрине, бұл әңгімелердің барлығы жоғарғы класс оқушыларында өз мұғаліміне және ата-анасына деген сыйласу мен сенім бар болған кезде және олардың өздері оқушылар үшін өнегелі және беделді бола алған жағдайда ғана мүмкін болмақ.

Мектеп оқушыларының жоғарғы жасы — бұл адам өміріндегі өте жарқын, жалындаған және жауапты кезеңі. К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Жас өспірімдік жалын атқан отта адамның мінез-құлқы құйылып, сомдалады. Міне, сондықтан да бұл отты сөндіруге де, одан қорқуға да болмайды, оған қоғам үшін қауіпті нәрсе деп қарауға да, оның еркін жануына жол бермеуге де болмайды, тек осы уақытта жас өспірімнің жанына құйылып жатқан материалдың жақсы сапада болуына қамқорлық жасау керек.

Бірақ біздің тәрбиеленушілеріміздің жанына әрқашан да «жақсы сападағы материал құйыла ма?» Әрине, мектеп оқушыларды табанды моральдық сенімге тәрбиелеуге, оларға игілікті ойларды, жарқын ұмтылысты жеткізуге, оларды өмірге практикалық және адамгершілік жағынан әзірлеуге тырысады.



ОЖСӨЖ №7

ОЖСӨЖ мазмұны: Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар.

Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:

  • ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді оптимальдық арақатынаста жүзеге асыру;

  • оқушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып өнімді танымдық іс-әрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету;

  • оқушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;

  • бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, оқушылардың даму деңгейіне сүйену;

  • тұлғаның барлық аясын дамытуды себептендіру және белсендету;

  • оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы және эмоционалдығы;

  • педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • өмірмен өндірістік іс-әрекетпен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыс;

  • практикалық қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;

  • оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;

  • әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау және жоспарлау.

Дидактикалық талаптар:

  • әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау;

  • сабақтың ақпараттық толтыруын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып мазмұнды оптимизациялау;

  • танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу;

  • әр қилы түрлерді, формаларды және әдістерді тиімді ұштастыру;

  • сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық ыңғай;

  • оқушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;

  • жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • сабақты өткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.

Сабаққа тәрбиелеушілік талаптар:

  • сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

  • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;

  • оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;

  • оқушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;

Дамытушылық талаптар:

- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;

- оқушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;

- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;

- оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б.



ОЖСӨЖ №8

ОЖСӨЖ мазмұны: Саналылық пен белскенділік принциптері.

Дидактика-білім мен оқытудың теориясын жасап шығаратын педагогика саласы. Дидактика принципі немесе оқыту принципі-бұл негізгі қағидалар.Ғылым негіздерін оқытқанда салаларға сүйену керек.Олар барлық оқу пәндерін оқытудың барлық сатысында қолданатын нағыз жалпы қағидалар болып табылады.

Дидактикалық принциптердің мынадай түрлері бар:

Оқытудың көрнекілік принципі;

Оқушылардың оқудағы саналылық және белсенділік принципі;

Түсініктілік пен шамаға лайықтылық принципі;

Жүйелілік пен бірізділік принципі;

Беріктік принципі;

Теорияның практикамен байланасының принципі;

Ғылымилық принйипі.

Саналылық пен белсенділік принципі дегеніміз зерттелетін құбылыстарды белсене қабылдап алуға бағытталған,оларды зердеге құйып,творчествалық пен қайта өңдеу және қолдану болып табылады.Ол ең алдымен оқыту процесінің екі жақты сипатымен шарттасқан,онда тек оқушы белсенді де іскер болғанда ғана оқыту ісін жүргізуге болады.Оқуға саналы түрдегі көзқарас оқушылардың оқуға деген жалпы мақсаты мен міндеттеріне саналы қарауынан,сондай-ақ әрбір нақты сабақтарда оқылатын тақырыптардың жеке мақсаттарынан басталады.

Оқушылардың оқуға деген саналы көзқарасын тереңдету және ақыл-ойға деген белсенді сезімін ояту таным міндеттерін алға қоюға,проблемалық жағдайлар жасауға және оқушылардың белсенділігін қолдайтын басқа да бірсыпыра әдістер мен методтарды қолдануға ықпал жасайды.

Меңгеруге деген саналылық есте сақтаудың ең маңызды шарты болып табылады.Мысалы,жарқында жадында қалған түсінікті бейне өлең жолдары зердеден оп-оңай ақ орын алады,ұмытылмайды және оның керісінше ,түсініксіз де жанды тебірентпейтін санаға жетпейтін өлең жолдарын ойда сақтау аса қиын.

Саналылық көзқарас тек білімді меңгеруге ғана емес,сондай-ақ іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда да сондай көзқарас болуға тиіс.Саналылыққа сүйнебейінше білімді бақылау кезеңдерінің оларды іс жүзінде пайдаланудың дұрыстығын қадағалаудың ешбір мәні жоқ.Өзігінен оқу және белсенділігін дамыту үшін,жалпы алғанда оқуға деген көзқарас болмайынша соншалық үлкен маңызы бар өзін-өзі бақылау болуы мүмкін емес.

Саналылық пен белсенділік принципі таным процесінің аяқталу кезеңінде білімді практикада пайдалану кезеңінде де бой көрсетеді.Білімнің тек мағынасын,мазмұны мен тереңінен де толығынан сезіну оларды іс-жүзіндегі міндеттерді шешуге қолдану,сондай-ақ оларды өз білімін онан әрі тереңдетуге және кеңейте беру мақсатында пайдалануды еркін қамтамасыз етеді.

ОЖСӨЖ № 9

ОЖСӨЖ мазмұны: Беріктік принципі. .

Беріктік принципі білімді орнықты меңгеру деген сөз.Білімді оқушылар әрқашан меңгеріп алу керек және оны оқуда пайдаланып практикада жүзеге асыруы тиіс.Беріктік принципі дидактиканың басқа барлық принциптерімен тығыз байланысты.Шындығында,егер олар қабылдауға әртүрлі сезім органдары қатысқан болса,егерде оқушы оларды саналы қабылдап,оның ойы белсене қызмет істеген болса,егерде материал түсінікті болып,бірақ ойының қызмет істеуіне дем берген әлі келетін қиыншылық кезіксе егерде білімді ол жүйемен біртіндеп меңгерсе және оның ақыл-ойына белгілі жүйемен орнаса,онда білім барынша берік болмақ.

Беріктік принципін жүзеге асыру үшін ең алдымен бастысын,өмір боына қажеттісін даралап алудың,оның екінші кезектегіден детальдардан бөлудің ерекше маңызы бар.Тарихи оқиғалардың мәні мен сипатын меңгеріп алу үшін талдап салыстыра білу өте қажет.Оларды бірнеше берік меңгерілген даталар мен ара қатысты,оқиғалардың байланысымен өзара тәуелділігін анықтай білу,ешнәрсемен ара қатысты емес жаттап алған даталарды жай ғана елестетуден әлдеқайда бағалы.

Оқушылардың меңгеруінің орнықты болуы және ақыл-ой қызметінің жемісті болуы үшін олардың оқу жұмыстарын педагогтық жолмен дұрыс ұйымдастырудыңда маңызы зор.Психологиялық зерттеулердің деректері мынаны дәлелдеп отыр,оқу қызметі түрлерінің ойланы кезектестірілмеген жағдайында,онан кейінгі келесі қызметі бұрынғы оқу нәтижесін жойып немесе нашарлатып жіберуі мүмкін.

ОЖСӨЖ №10

ОЖСӨЖ мазмұны: Білімнің мазмұнын анықтаудың жалпы принциптері.

Білімнің мазмұнын анықтау – бұл өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау туралы мәселелерді шешу деген сөз.

Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кімді және не үшін оқытады деген сұрақтарға жауап берілуіне қарай оқытудың мазмұны туралы мәселе әр қилы шешіледі.

Көптеген әр түрлі кластар мен сословиелік оқу орындары болған революцияға дейінгі Ресейде олар беріп келген білімнің мазмұны да әр қилы болды.

АҚШ-да жоғары кластардағы элективті жүйе деп аталатындар өте көп тараған. Осыған сәйкес оқушылар тек аса шектелген пәндердің шеңберінде ғана міндетті түрде оқиды.

Дегенмен, қалған пәндерді таңдап алу ұсынылады және әрбір оқушы оқу үшін өмірде өзіне аса қажетті деген пәндерді таңдап алады. Сондықтанда кімде – кімнің университетте немесе колледжде жалғастыруға мүмкіншілігі болса, сол жоғары дәрежелі оқу орындарында оқу үшін қажетті пәндерді таңдап алады. Кімде – кім мектептен кейін өзінің күн көрісіне жалданып табыс табуға мәжбүр болса, ол практикаға бағыталағын пәндерді: машина басу, стенографис, автомобилист математикасын, үй шарауышылығының химиясын және.т.б.



ОЖСӨЖ № 11

ОЖСӨЖ мазмұны: Мектептің тарихындағы білімнің мазмұнын анықтау.

Мектепті құрған алғашқы күндерден бастап – ақ жаңа еңбек мектебінде білімнің мазмұны туралы мәселе өте қатты қойылады. Мүлде жаңа демократиялық негізде жаңа мектеп салу қажет болды. Көптеген жаңа жобалар енгізілді. Олардың бір сыпыраларында, ескі мектептің тәжірибесін жоққа шығару бола тұрып, оның негізінде жалпылай оқыту міндетін тез де ықпалды шешуге болатын ұсыныстар жасалмады.

Мысалы атап айтқанда бастауыш мектептегі оқытуды комплексті тақырыптар бойынша жүргізу ұсынылды, басқаша айтқанда бұл балаларға ілімді адамдардың қоғамдық еңбек өмірінен алынған тақырыптардың біліммен байланысты әр – түрлі саладан баяндап отыру. Бұл принцип аздап болса да жоғары кластарға да енгізіліп отырды. Еңбекті оқытуда жөнсіз кеңейтілді, бұған оқу уақытының 33 % бөлініп берілді.

ОЖСӨЖ № 12

ОЖСӨЖ мазмұны: Білімді тексеру және бағалау функциялары мен методтары.

Білімді тексеру мен бағалаудың функциялары

Білімді тексерудік және бағалаудын дұрыс қойылуына едәуір дәрежеде бүкіл окыту процесінің табысты жүргізілуі байланысты болады. Білімді тексеру және баға қою методикасын игеру жас мұғалімдердін алдында тұрған өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады.

Білімді тексеру мен бағалаудың мақсаты оқушының білмейтіндігінің үстінен шығу немесе революцияға дейін жиі қолданылып жүргендей, окушыға оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру емес, оқытудық жоғары сапалылығын қамтамасыз етуге деген ынтада.

Мектеп құрылысының алғашқы жылдарында оқушылардың білімін тексеру мен бағалаудан толық дерлік бас тартудың өзін — тексеру мен бағалаудың патшалык мектепте айқын көрінісін тапқан антидемократиялық және адамның намысын қорлайтын функцияларына қарсы наразылық болды деп түсіну керек.

Мектептің тәлім-тәрбие жұмысына жана мазмұн дарытуға, оку жұмысының баланы құрметтеуге негізделген демократиялық жана формалары мен методтарын еңгізуге талпынған жетекші педагогтарының бір бөлігі сол кезде москвалық бір топ педагогтардын үй тапсырмаларын бермеу, білімге баға қоймау және емтихан алмау жөніндегі ұсыныстарын қолдады, мұнын өзі мектебі жұмысының негізгі принциптерін жария еткен белгілі документтерде бейнеленді.

Мұның нәтижесінде сол жылдары мұғалімнің білімді тексеруінін орнына, ездігінен бақылаудың толып жатқан түрлері етек жайды, сөйтіп, үлгірім есебін оқушылардың өздері жүргізетін болды. Бұл мақсатта әңгіменін, жұмысы оқушылар тобының жиналысында талқыланып отырды. Тексеру, есеп беру көрмелері мен есеп беру жиналыстары ретінде де жылдың аяғында еткізіліп жүрді, бұларға ата-аналар, жұртшылық өкілдері шақырылып отырылды. Ондай жиналыстарда жекелеген оқушылар — класс өкілдері бүкіл кластың жұмысы туралы есеп-рапорт беретін еді. Осынын негізінде оқушылардың бәрі үлгірген болып танылып, келесі класқа көшірілетін.

Сын көзімен қарамай буржуазиялық мектептен алына салған бригадалық-лабораториялық методы бойынша білімді есепке алу жүйесі кезінде әркімніқ білімі жеке есептелмей, бүкіл бригаданың жұмысы тұтас ескерілді, ал мұнын өзі үлгірімді есепке алудың толығынан жойылуына, сайып келгенде оқыту сапасының кұлдырауына әкеліп соқтырды.

Мектепте білімді тексеру жүйесі мен методтары.

Мектепте білім күнделікті тексерілбді және қорытынды тексеру өткізіледі. Күнделікті тексеруді жүзеге асыру үшін тексерудің мынадай түрлері қолданылады: ауызша жауап, үйде істеген жазба жұмыстарын тексеру, бақылау жұмыстары, күнделікті байкау. Тексерудің бұл түрлері сабақ үстінде арнайы бөлінген уақытта немесе бекіту және жаттығуларды орындау барысында, немесе арнайы сабақта (мысалы, бақылау жұмысы сабағында) өткізіледі.

Қорытынды тексеру сондай-ақ ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде де өткізіледі. Емтихан қорытынды тексерудің негізгі түрі болып табылады.

Ауызша сұрау—білімді тексерудің анағұрлым маңызды кең тараған, бірақ сонымен бірге тексерудін барынша қиын түрі болып табылады, өйткені ол көбінесе оқушылардың үй тапсырмаларын қалай дайындап келгеніне байланысты болады. Кейде күтпеген жерден ауызша сұрау жеке оқушылардың нашар даярланып келуі себепті тым


созылып кетеді мұғалім оларға қанағаттандырарлықсыз баға қойғысы
келмегендіктен, егжей-тегжейлі тексереді. Егер бұл күннін карсаңында ұзақ экскурсия болса немесе үлкен дайындықты керек еткен кеш өткізілген болса, жауап беруден жаппай бас тарту жағдайлары да ұшырасып қалады. Осы себепті кейде бүкіл сабақты қайта кұру кажеті туып қалады.

Ауызша сұраудық негізгі методтары жеке дара жауап алу, қатарынан жаппай жауап алу, тығыздатылған (кұрама) жауап алу болып табылады.



ОЖСӨЖ № 13

ОЖСӨЖ мазмұны: Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары.

Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.

Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:



  • оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;

  • оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;

  • мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;

  • оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.

Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.

Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:


  • лекция;

  • семинар;

  • пәндік үйірмелер;

  • топсеруен;

  • факультативтер;

  • кеңес;

  • қосымша сабақтар;

  • үй тапсырмасы;

- оқытудың жекелік формасы.

ОЖСӨЖ № 14

ОЖСӨЖ мазмұны: Оқытуды ұйымдастырудың сынып-сабақ жүйесі

Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.

Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі /кезеңі, буыны, элементі/.

Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:


  • ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді оптимальдық арақатынаста жүзеге асыру;

  • оқушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып өнімді танымдық іс-әрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету;

  • оқушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;

  • бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, оқушылардың даму деңгейіне сүйену;

  • тұлғаның барлық аясын дамытуды себептендіру және белсендету;

  • оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы және эмоционалдығы;

  • педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • өмірмен өндірістік іс-әрекетпен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыс;

  • практикалық қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;

  • оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;

  • әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау және жоспарлау.

Дидактикалық талаптар:

  • әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау;

  • сабақтың ақпараттық толтыруын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып мазмұнды оптимизациялау;

  • танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу;

  • әр қилы түрлерді, формаларды және әдістерді тиімді ұштастыру;

  • сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық ыңғай;

  • оқушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;

  • жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • сабақты өткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.

Сабаққа тәрбиелеушілік талаптар:

  • сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

  • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;

  • оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;

  • оқушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;

Дамытушылық талаптар:

- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;

- оқушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;

- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;

- оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б.



ОЖСӨЖ №15

ОЖСӨЖ мазмұны: Тәрбие процесі.

Білімге әрбір ғылымның негізгі элеметнтері жатады: құбылыспен фактіні көрсететін ұғымдар жүйесі, олардың арасындағы заңдылық пен тәуелділікті көрсететін заңдармен формулалар, ұғымының тілдік құралы – терминдер, символдар және т.б. Оқу пәніндегі ғылыми білімдерді іріктеп алу түсініктілік пен қабілеттілік принципімен ғылыми мәнділік принципі тұрғысынан шешіледі.

Іскерлік пен дағдыға сай ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін талап етілетін ерекше дағдылар жатады.

Пәннің жалпы құрылымына негізделген әрбір ғылымның өзінің логикасы бар. Логика деген әрқашанғы бір орында қатып қалған және өзгермейтін нәрсе емес. Мұндай варианттар мүмкін болған жағдайда, оқу пәні үшін жүйелілік пен бір ізділік принципін сақтаған кезде, демек, пәннің ерекше педалогтік логикасына сәйкес келген кезде, түсініктілік пен шамаға лайықтылық принципке небіріне сәйкес келетін варианттар тіркеліп алынады.

Мектептегі коммунистік тәрбие берудің барлық міндеттері тәрбиелеп оқыту және оқушылармен сабақтан тыс уақытта жүргізілген арнаулы тәрбие жұмысы процесінде шешіледі.

Іс жүзінде оқыту және тәрбиелеу процестерін бір-бірінен ажыратуға болмайды және олар тығыз бірлікте жүзеге асырылады, бірақ бұлардың әрқайсысының өз спецификасы мен ерекшеліктері бар.

Тәрбиелеу – педагогикалық кең мағынасында, басқаша айтқанда оқушылардың бойында коммунистік саналықты, қоршаған ортаға қарым-қатынасты, өмірге көзқарасты және соған сай мінез-құлықты мақсаттылықпен қалыптастыру процесі ретінде қарастырылады. Осы мағынада түсінілген тәрбие ғылыми-материалистік көзқарасты қалыптастыру мәселелерін де, еңбекке коммунистік қатынасты тәрбиелеу мәселерін де, эмоционалдық сфераны, адамның дамытуды және тұтас алғанда адамның мінезі, істеген істері, өзге адамдарға, Отанға қарым-қатынасы арқылы көрінетін бүкіл рухани бейнесін қалыптастыруды қамтиды.

8. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.


9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.



СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:

  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі

  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),

  • ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.

СӨЖ тақырыптары, мақсаты дәріс, семинар тақырыптарына сәйкес келеді.

10. ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Өндірістік практика оқу жоспары бойынша жоспарланбаған.
11. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет.


«Кәсіби педагогика» пәні 1 семестрге жоспарланған. 7 аптаның соңында студенттерге бірінші рейтенг (max 30%), 15 аптаның соңында екінші рейтенг (max 30%) шығарылады.

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.


«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»

Бағалау саясаты:



«Кәсіби педагогика» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Атпа

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Дәрістерге қатысу

0,4

6

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Практикалық сабақтарды орындау

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Жеке тапсырмалар (реферат, баяндама)

4,5

9
















+






















+




4

Коллоквиум

15

30



















+






















+

...

т.б.























































Р1 + Р2




60














































...

Емтихан




40














































Барлығы




100













































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



11.2. Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


Кәсіби педагогика пәні бойынша тест тапсырмалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет