Күтілетін нәтижелер:
біледі:
кең және тар өзендерді көрсетіп атайды; тәулік мезгілдерін; заттардың орналасқан
орындарын: жоғарыда, төменде;
түсінеді:
заттар ені бойынша ажыратылатынын, тәуліктің төрт мезгілі барын;
қолданады:
жалпақ және жіңішке заттарды табуды.
Құрал-жабдықтар мен материалдар:
плакат: «Заттарды ені бойынша салыстыру: кең –
тар», «Тәулік бөліктері»; ойыншық-марғау, марғаудың мияулауы жазылған жазба, жұмыс
дәптері, жай қарындаш.
Сөздік жұмыс:
кең, тар.
Билингвальды компонент:
кең– широкий,тар – узкий.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Педагог:
–Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Кәне, бәріміз
шаттық шеңберіне тұрайық. Бір--біріміздің қолымыздан ұстап, бәріміз бірге: «Қайырлы
таң!» дейік.
Әдібай Табылдиевтің «Қайырлы таң, балалар!» тақпағынан үзінді оқиды:
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Аман Отан – панамыз,
Аман ата-анамыз,
Қайырлы таң, балалар!
Ғажайып сәт.
Марғаудың мияулауы жазылған жазба қойылады. Топқа марғау кіреді.
– Бұл не?
Марғау:
– Қайырлы кеш, балалар!
Педагог:
52
– Қазір кеш пе, марғау? Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар? Қашан таңертең, ал қашан
кеш болатынын марғауға айтайықшы.
Достарыңызбен бөлісу: |