2. Негізгі кезең.
Фланелеграфпен жұмыс
Педагог «Тәулік мезгілдері» плакатын қарауды ұсынады.
– Күн қашан оянады?
– Күн қашан қыдырады?
– Күн қашан шаршайды?
–Күн қашан ұйықтайды?
– Ал қазір таңертең. Бір-бірімізбен қалай амандасамыз?
– Әрине, қайырлы таң, марғау. Күн шықты.
Марғауға тәулік мезгілдерін атап беріңдер.
Фланелеграфпен жұмыс
.
Педагог «Жалпақ және жіңішке заттар» плакатын қарауды ұсынады.
– Маған жалпақ мойынорағышты көрсетіңдер, жіңішке мойынорағышты көрсетіңдер,
жалпақ және жіңішке жолды көрсетіңдер. Олардың ұзындығы қандай?
Сөздік жұмыс:
кең, тар.
Билингвальды компонент:
кең– широкий,тар – узкий.
«Бұлақтар мен балықтар
» ойыны. Жұмыс дәптеріндегі1-тапсырма.
Жұмбақ жасырады:
Қардан басталдым,
Бұлақтар мен жылғадан.
Бірде жылдам ағамын,
Бірде асықпаймын.
Бастауында таязбын,
Немесе тереңмін.
Жоғарыда – жіңішкемін,
Ал төменде – жалпақпын.
Педагог дәптерден өзенді табуды ұсынады.
Сұрақтар қояды:
– Суретте қандай өзендер бейнеленген?
– Жіңішке өзен қай жерде?
– Жалпақ өзен қай жерде?
– Бір балық қандай өзенде, ал көп балық қандай өзенде жүзіп жүр?
«Сыйлық сыйла»
ойыны (2-тапсырма).
Педагог суреттегі марғауларға назар аударып, олар доппен ойнағанды жақсы көретінін
айтады.
Тапсырма береді: Жоғарыдағы марғауға бір добы бар себетті, ал төмендегіге көп добы бар
себетті сыйла. Оларды сызып қос.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
Сұрақ қояды: Жоғарыда отырған марғауды неше доппен сызып қостыңдар?
– Төменде отырған марғауды ше?
3.Рефлексия.
Педагог сұрақтар қояды:
– Бір балық қандай өзенде, ал көп балық қандай өзенде жүзіп жүр?
Марғауға тәулік бөліктерін атап беріңдер.
Марғау сендерге рақмет айтады, топта қалуыңды сұрайды.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |