«Алыс – жақын» ойыны
.Жұмыс дәптеріндегі1-тапсырма.
Педагог балалар мен қоянға суреттегі бие мен құлындарға қарауын ұсынады.
Балаларға сұрақ қояды:
– Суреттен нені көріп тұрсыңдар?
–Қара құлыншақ қайда шауып кетті?
–Ол басқаларынан алыста тұр ма, жақында тұр ма?
– Құлындардың түсі қандай екен?
– Ақ түсті құлыншақтар қайда тұр?
–Олар аз ба, көп пе?
– Қара құлын биеден алыс тұр ма, әлде жақын тұр ма?
Сөздік жұмыс
:алыс, жақын.
Билингвальды компонент:
алыс – далеко, жақын – близко.
«Кім зейінді?»
ойыны (2-тапсырма).
– Балалар, қоянның сендермен «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді.
Қоян сендерден бірдей суреттерді (қамзолдарды, торсықтарды)
сызып қосып, аттарын атауларын сұрайды.
– Балалар, сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар?
– Сандықтарды неге қоспадыңдар? Педагог балалар тапсырманы дұрыс орындағандарын
тексереді, жеке жұмыс жүргізеді.
–Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалардың бәрі де зейінді, зерек
екен дейді. Рақмет, сендерге!
Достарыңызбен бөлісу: |