цистернасына береді.
Шажырқай лимфа түйіндері- шажырқайда, оның ішекке бекінген жерлерінде жатады (он екі елі ішектің, ащы, мықын, соқыр ішектердің түйіндер тобын құрайды). Лимфаны ішек қабырғасының ұлпа аралық кеңістігінен, ішек бүрлерінің лимфа синустарынан жинайды. Соңғысы, ұлпа аралық лимфамен араласып, оған сүт сияқты түс береді: шығарғыш өзектен лимфа мен оның қоспасы жалпы жиын тамырына барады, ол «сүтті цистерна» деп аталады. Кеуде
қуысына барғанда ол жалпы кеуделі өзек деп аталады.
3.Мал сою комбинаттарына сипаттама беріңіз
Ауыл шаруашылық малдарын демалдыратын, союға дайындайтын, вет тексерудан өткізетін, малдарды жіктеп топтайтын орындарының- мал басының биіктігі 2м тұтас қрһоршаумен қоршалады. Мал базасында төбесі ашық және жабық бөліктер болады. Мал базасында малдарды түсіретін сатылар, жіктейтін қоршаулар, биотермиялық әдістермен мал қиларын өңдейтін орындар, көліктерді санитарлық өңдеуден өткізетіналаңдар, мал қиларын жағатын пештер, карантин алаңы, оқшаулағыш санитарлық қасапхана болуіы қажет. Карантин алаңы. Жеке салынған, індетті ауырумен ауырған және оларға күмәнді малдарды, вет куәлігі болмаған малдарды, әкелінген мал арасынан өлім болып, не еріксіз сойылғанда және мал басының саны тиісті құжаттарға сәйкес келмегенде малдарды ұстайтын орын. Оқшаулағыш- індетті аурулардың клиникалық белгісі болған жәнедене қызуы қалыпты мөлшерден ауытқыған малдарды ұстайтын, су мен канализациямен қамтылған жабық орын. Санитарлық қасапхан – Құрамында сойыс малдарын алғашқы өңдеуден өткізетін бөлім, ішек- қарын төгетін орын, етті тоңазытып, лабораторияның шешімі келгенше сақтайтын орын, терілерді тұздайтын, дезинфекциялайтын және сақтайтын орын, жарамды еттерді және техникалыұ шикі зеттарды залалсыздандыратын орын, жұмысшылардың және ивет қызметкерлердің бөлмесі болуға тиісті. Едені, қабырғалары, қондырғылары мен құрал- саймандары дезин-ға жеңіл материалдан жасалады. Қалдық суларды жинайтын және дезин-н орын бөлінеді
26 билет
Достарыңызбен бөлісу: |