Құлын етіне дөңгелек таңбамен белгіленіп ішіне Қ(Ж) әріпі қойылады.
Айғырдан алынған жартылай ұшаға «Жылқы еті» (Конина) деген таңбаның оң жағына*Айғыр* (Жеребец) мөрі қойылады.
Шошқа еті- Еттің сапасы МЕМ СТ 77224-74 * Ет. Ұша мен жартыла ұшадағы шошқа еті* талабына саәйкес келуі керек. Сапасына қарай еттің таңбалануы; 1-ші санат- дөңгелек; 2-ші санат- тқртбұрыш; 3-ші санат- сопақ; 4-ші санат (торай еті)- дөңгелек.
2. Паренхиматозды мүшелердің лимфа түйіндері-
Ірі қара бауырының лимфа түйіндері - Inn. portales – 6 және одан да көп, ұзындығы 1-7 см, бауырдың кіреберіс қақпасында орналасады; ұйқы безімен қапталған (кейде май ұлпасымен). Лимфаны бауырдан, ұйқы безінен, он екі елі ішектен, ұлтабардың лимфа түйіндерінен жинайды. Лимфа ішек бағанасымен бірігетін шығарғыш өзектермен ағады. Түйіндердің беті жетілгенде қошқыл-сұр түсті, қара дақты.
Бүйрек лимфа түйіні – Inn. renales - ұзындығы 1-5 см түйіндер тобы, бүйрек артериясының артқы аортадан шығаберісінде орналасады. Лимфаны бүйректерден жинайды. Шығарғыш өзектері белдеме лимфа цистернасына құяды.
Ұзындығы 1-4 см, ұлтабардың кіші және үлкен қисығында және мес қарын, тақия қарын, кітапша қарынның бетінде орналасады. Лимфаны асқазан бөлімдерінен, он екі елі ішектен, талақтан жинайды. Лимфаны белдеме лимфа
Достарыңызбен бөлісу: |