1 билет Ветеринарлық санитарлық сараптау негізінде қолданылатын негізгі нормативтік құжаттарды атаңыз


Ауру малдың етін сезімдік зерттеу көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз



бет50/58
Дата06.01.2022
өлшемі51,17 Kb.
#110082
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58
Байланысты:
шпор

3.Ауру малдың етін сезімдік зерттеу көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз.

Ауру мал етін сезімдік зерттеу көрсеткіштеріне бауыздық,еттің қансыздануы,гипостаздар,лимфа түйіндері жатады..

Бауыздық.Ауру малды сойғанда бауыздықтағы қан мөлшері денеің басқа бөліктерімен шамалас бір деңгейде болады.Бауыздалған жер тегіс болады.

Қансыздану дәрежесі малдың денсаулығына ғана емес,сою тәсіліне(жатқызып,асып),қан тамырларын толық кесуге де байланысты.Қансызданудың 4 дәрежесі болады:жақсы,қанағаттанарлық,нашар,өте нашар. Жақсы қансыздаған ет қызыл,қызыл күрең түсті,ал майы ақ немесе сарғыш түсті болады.Етті тілгенде қан шықпайды.Қанағаттанарлық қансыздану болған жағдайда түсі қызыл,майы ақ не сарғыш түсті.Қан тамырларында аздаған қан қалдықтары байқалады.Етті тілгенде,саусақпен басқанда қан тамырлары байқалуы мүмкін.Нашар қансызданған еттің түсі қою қызыл,майы қызғылт.Етті тілгенде не саусақпен басқанда қан тамырлары байқалады.Өте нашар қансызданған ет қызыл қошқыл не көкшіл реңді болады.Қан тамырлары қанға толы болады.

Гипостаздар-ұлпаның бөліктеріндегі қан таңбалары.Ауру малда қан тамырларында болып кейін тамырдың өткізгіш қасиетінің күшеюіне байл.маңайындағы ұлпаларға сіңіп,қызыл көк түсті таңбаларға айналады. Ауру малдың лимфа түйіндерін кесіп қарағанда қызғылт көкшіл түсті болады.Себебі лимфа түйіндеріндегі ұсақ қан тамырларындағы қан,қан тамырларының қабырғасы арқылы синустарға жиналып лимфа түйіндерін қызғылт түске бояйды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет