Байланысты: 1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org
Дағдының түрлері. Еңбектің қай түрінде болсын, сондай-ақ істің табысты орындалуы дағдылардың белгілі бір қорын игергенде ғана мүмкін болады. Дағды: қимылдық, ойлау, (сенсорлық) және мінез-құлықтық болып тӛрт түрге бӛлінеді. Басқасынан гӛрі кимылдық дағдылар кӛбірек зерттелген. Оларды алуан түрлі іс-әрекеттен кӛруге болады. Қимылдық дағдыларды қалыптастырмайынша еңбек операцияларын орындау, оқушыларды жазуға, оқуға үйрету мүмкін емес.
Ой еңбегінің стиліне міндетті компонент болып кіретін ойлау дағдьіларының да маңызы бұдан кем емес. Бұл дағдылардың аса маңыздылары чертеждерді оқу дағдысы, кітапты конспектілеу, лекция жазу, жаттау, дедуктивтік және индуктивтік ой қорытындылау әдісімен дәлелдеуді негіздеу болып табылады. Ой еңбегінде назарды бӛлу және оны шоғырландыру, бақылау, монологтық сӛйлеу дағдылары маңызды роль аткарады. Кӛп жағдайда ой еңбегі дағдысы адамның белгілі бір қасиетін анықтайды.
Мінез-құлық дағдылары адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль аткарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білу және оларды ӛз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншікті формаларынан туындайды. Мысалы, баланы адамдармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен ӛмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін кӛрсетеді (сыныпқа мұғалім кіргенде орнынан тұру керек). Сан рет қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатпен сәлем беру дағдысы қалыптасады.
Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттығу - дегеніміз нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіре түсу. Жаттығу процесінде белгілі бір түрде іс-әрекет ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда істі, мысалы, әдемі жазу, фортепианода ойнағанда екі қолды дұрыс ұстай білу т. б. осы сияқты анағұрлым жетілген дағдылар қалыптастыруға жеткізетіндей етіп орындауға назар аударған жӛн.
Дағдылардың ӛзара әсері. Адам белгілі бір іс-әрекетті меңгергенде әдетте оның бойында бір емес бірнеше дағды қатарынан қалыптасады. Жаңа дағдылар бұрыннан қалыптасқан ескі дағдылардың үстіне келіп қосылады. Ескі дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін. Қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды игеруге жағымсыз әсері немесе қалыптасушы дағдылардың ескі дағдыларға жағымсыз әсері интерференция деп аталады. Интерференция да алмасу сияқты, дағдыларды
қалыптастырудағы жалпы құбылыс болып табылады.
Дағдылардан икемділік ұғымын айыра білу қажет. Осы ұғымдардың мағынасы біріне-бірі ӛте жақын болғандықтан бұларды бірімен-бірін шатастырып алуға да болады. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Мәселен, тӛменгі сынып оқушылары футбол ойнай алады, ойын ережелерін де біледі. Бірақ олардың ойнау дағдысы әлі жетілмеген. Ал нағыз футболшыда жақсы ойнай білу кемеліне келіп, дағдыға айналған. Бұл мысал балада дағды болмағанмен, оңда осы ойынға икемділіктің барлығын кӛрсетеді.
Икемділік түрлі дәрежеде кӛрінеді. Мәселен, енді ғана әріп элементтерін салып үйрене бастаған баланың икемділігі икемділіктің қарапайым түрі болып келсе, кейін жеке сӛздерді, сӛйлемдерді жазған кездегі икемділігі бұрынғысынша күрлелірек болып келеді. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі кӛбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік - белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың кӛрінісі болып табылады. Бірінші сынып оқушыларының жазу, оқу дағдыларын менгеру ережесінің түрліше болып келетін себебі - икемділік дәрежесінің әр түрлілігінен деуге болады.
Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді, икемділік амалды жүзеге асырудың да тәсілі. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады.
Дағды мен икемділіктен әдеттерді айыра білу керек. Әдеттер де әрекеттің автоматтанылған кұрамдары. Бірақ мұның дағдыдан айырмашылығы мынада: әдетте қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Мәселен, адам күн сайын беті-қолын жуып тұруға әдеттенгендіктен осыны ылғи да қажетсінеді, мұны істемесе, кӛңілі кӛншімейді. Дағдыны қалыптастыру үшін адам сан peт жаттығады, есепсіз қайталайды. Егер де адам ӛзіне ұнамсыз дағды қалыптастырып және бұған кӛп уақытын жіберіп жатса, мұның ӛзі ӛте ессіздік болар еді. Сондықтан да дағдылар пайдалы, пайдасыз болып бӛлінбейді. Ӛйткені оның қай-қайсысы да пайдалы. Ал, әдеттің ұнамды, пайдалы түрлерімен қатар ұнамсыз, зиянды түрлері де кездеседі. Ұнамды әдеттерге: жүйелі түрде еңбек ете білу, қызмет
орнын ұқыпты ұстау, тұрмыстағы мәдениеттілік, гигиеналық әдеттер т.б. жатады. Бұл адамның ӛмірі үшін аса қажет нәрселер. Ұнамсыз әдеттерге: орынсыз ысқыру, қарандашты ауызға салу, тісін үнемі шұқылап отыру, столда отырып аяқты селкілдету, сӛйлегенде қыстырма сӛздерді қолдану, қолы қалтасында, аузында шылымы тұрып, жұртқа кезек бермей сампылдап сӛйлеу т. б. жатады.
Әдеттердің соңғы ұнамсыз түрлері жӛнінде халық "Әдет - әдет емес, жӛн әдет" деп ӛте дұрыс айтқан. Расында да бізге керегінің ӛзі пайдалы әдеттер. Үйреншікті әдет болмайынша, адамның істеген ісінің берекесі де болмайды. Егер адам: ӛзінің бойына сіңген әдетіне байланысты қимылдаса, оның ісі оңайианып, кӛңілі рахат тауып отырады. Үйреншікті әдет адамның табиғи қылығы сияқты бойына сіңіп кетеді. "Ауру қалса да, әдет қалмайды'' деген нақыл осы сӛзден шықса керек. Әрине, мұны тіке ӛз мағынасында түсінбеу қажет. Бұл жерде үйренген әдеттен құтылу қиын екені жӛнінде айтыльш отыр.
Әдеттердің тезірек қалыптасатын кезеңі - балалық шақ, әсіресе, мектепке дейінгі дәуір. Балалардың кез-келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиеті кейде ұнамсыз әдеттердің қалыптасуына себеп болады. Мәселен, кейбір отбасында бала үлкендерге еліктеп шылым шеккісі, шарап ішкісі келіп тұрады. Ата- аналар мен мұғалімдер балаларда ұнамды әдеттерді қалыптастырып, зиянды әдеттерден баланы арылту жағын қарастыруы қажет. Атақты ағылшын драматургі В. Шекспир: «Жақсы әдет жақсылыққа бастайтын періште» десе, орыс педагогі К.Д. Ушинский: «Жақсы әдет ӛсімге берген ақша, адам ӛмір бойы соның ӛсімін пайдаланады, жаман әдет борыш, адам ӛмір бойы сол борыштың ӛсімінен азап шегеді»,- дейді.
Ал, ежелгі үнді мақалында былай делінген: «Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең - мінез орасың, мінез ексең - тағдыр орасың».
Сӛйтіп, дағды мен әдет адамның мінез-құлқының фундаменті болып табылады. Дағды мен әдеттің негізінде мінез қырлары қалыптасады. Жақсы қалыптасқан дағды мен пайдалы әдет адамның оқу материалдарын, еңбек әрекеттерін тез игеруіне мүмкіндік береді.