Іс-әрекет түрлері.
Іс-әрекеттің үш түрін бӛліп кӛрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар ӛздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Адам іс-әрекетінің негізгі түрі еңбек болып табылады. Еңбектің түпкі қорытындысы - іс-әрекеттен қоғамдық маңызы бар ӛнім алу. Ол колхозшы ӛсірген егін, болат құюшы ағызған болат немесе ғалым ашқан ғылыми жаңалық болуы мүмкін.
Ойын қоғамдық маңызы бар ӛнім бермейді. Оқу тікелей еңбекке әзірлеу кезеңі бола отырып, тек мамандық игерудің кезеңінде материалдық және мәдениет байлықтарын жасауға қатысады.
Еңбек әрекеті белгілі бір міндетті ұйымдасқан формада жүзеге асырады. Дәлме-дәл белгіленген мерзімде жұмысшы қатаң реттелінген іс-әрекетті орындайды. Ұйымдастыру жүйесі оқудың да қажетті компоненті болып табылады. Ойынға еркін ұйымдастыру жүйесі тән. Мысалы, балаға сағат 10-11- ге дейін қуыршақ ойнап, 11-ден кейін доп ойнауды ешкім міндеттемейді.
Ойынның негізгі мотиві баланың ойын процесінде қанағаттануы болып табылады. Егер баланың ойынға ықыласы таусылса, ол ойнауын тоқтатады.
Оқу мен енбек адамды іс-әрекетке талпындыратын мотив ретіндегі қызығудың бар-жоқтығына қарамайды, мұнда тапсырылған істі орындау қажетін түсіну, парызды сезіну орын алады. Алуан түрлі іс-әрекет түрлері бірін- бірі толықтырып, бірге ӛмір сүріп, бір-бірімен жымдаса келіп отырады. Балалар бақшасында сәбилер тек қана ойнап қоймай, сонымен қатар санауды, сурет салуды үйренеді. Оқушы сабақ біткеннен кейін армансыз ойнайды. Сабақты ұйымдастыруда да ойын сәттерін пайдалануға болады. Мысалы, география сабағында қиялмен еліміз немесе дүние жүзі бойынша таңғажайып сапар шегу - ойын болып табылады. Оқушылар шет тілі сабағында ойындық рольдерді ықыласпен атқарады. Жұмысшы тек қана еңбек етіп коймай сонымен қатар оқу оқиды (кешкі мектепте, колледжде, жоғары оқу орнында немесе ӛз бетімен білімін кӛтереді).
Іс-әрекет түрлері бір-бірінен бӛлек ӛмір сүрмегенімен, адам ӛмірінің әр түрлі кезеңінде олардың маңызы түрліше болады. Ӛмірдің бір кезеңінде жетекші іс-әрекет ойын болса, екінші кезеңінде - оқу, ал үшінші кезеңде - еңбек болады. Сӛйтіп, бұл арада біз іс-әрекеттердің адам ӛмірінің белгілі бір кезеңінде басты іс-әрекет болып табылатындары жайында әңгімелеспекпіз. Мектепке барғанға дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі, түрі - ойын. Оқушы іс- әрекетінің жетекші түрі - оқу, epeceк адамдардікі - еңбек.
Ойын. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып кӛрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын ӛте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, ӛзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір- бірімен ӛзара қарым-қатынас жасайды
Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да ӛзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенді-ӛзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды ӛзінше емдейді." Бірақ бұл оның жай тілегі мен қызығуынан туған. Ойыннын қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен қызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсат мен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы ӛнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді.
Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала ӛз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап кӛреді. Кейбір шетел психологтары ойыңды кӛбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі - жануар тӛлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К.Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рахат табудың бір кӛзі (К.Бюлер) деп қарайды
Баланың ойын әрекеті сӛйлеуді меңгерумен тығыз байланыста дамиды. Кішкентай бала (1-2 жас) зат болмаса әрекетті кӛрсете алмайды, бірақ оның сӛйлеуінің дамуына байланысты мұндай әрекеттердің болуы мүмкін.
Ӛзін-ӛзі 4 мойындаудың дамуы балаға ӛз "Менін" сыртқы әлемнен бӛліп алуға мүмкіндік береді. Бала ӛзіне ересек адамдардың әр түрлі функцияларын "ӛлшей" бастайды. Егер екі жастағы ұл бала машинаны жіп арқылы жәй сүйресе, ол тӛрт жасқа келгенде жүргізушінің рӛлін атқарады. Рӛлдік ойын пайда болады.
Баланың жасы ӛсумен қатар, ойнайтын ойынының мазмұны да ӛзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, біржастағы бӛбектердің ойыны манипуляциялық (сыртынан ұстап кӛріп, тарсылдату деген мағынада) сипатта болса, балалар бақшасыңдағы балалар сюжеттік ойындармен айналысады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы ӛз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасыңдағы адамдар мен олардың әрекетіне кӛңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сӛйлеуін дамьпу үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата-аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Балалардың ойынына үлкендер тарапынан жетекшілік болмайынша, олардың әрекеттік мазмұны ӛзінің негізгі мақсатына жете қоймайды. Мәселен, бала әкесіне еліктеп, түрлі заттарды шегелеуді үлкен дәрежеде кӛреді. Баланың осы тілегін қолдау керек. Осындай ойын арқылы бала еңбек дағдысына үйрене бастайды. Бұл ӛзінше "ойын" болып саналғанымен, баланың, барлық күш-жігерін, зейінін ӛзіне аударып отыр. Балалар ойынына үнемі дұрыс басшылық етіп отыру - ой-ӛрісінің, ӛмір тәжірибесінің жан-жакты қалыптасуына байланысты жүргізілген жұмыстардың басты бір болігі.
Балардың ӛсіп-жетілуіне орай ойын да ӛзгереді. Сәби ӛмірінің алғашқы екі жылында қимылдарды игереді. Бұл функционалдық ойындардың пайда болуына жеткізеді. Функционалдық ойында сәбилер алдында заттардың оларға белгісіз қасиеттері, заттармен әрекет жасау әдістері ашылады. Мысалы, бала есікті тұңғыш рет кілтпен ашып, жауып кӛргеннен кейін, реті келсе-ақ бұл әрекетті сан рет қайталауға әуес болады. Бұл әрекетті ойындық жағдайларға да енгізеді. Ойын кезінде балалар кілтті бұрағандай етіп ауада қимыл жасап, оның дыбыстарын салады.
Конструктивтік ойындар анағұрлым күрделі болады. Ойында сәбилер құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үй салады, тамақ пісіреді. Балалар заттардың не үшін қажет екенін және адамдар арасындағы қарым-қатынасты аңғаруға жететін конструктивік ойындар сюжеттік ойындарға айналады. Сәби ӛзіне белгілі бір рӛл алып, "ана мен бала", "магазин" ойынын ойнайды. 3-4 жасқа дейін балалар бір-бірімен қатар ойнағанымен, бірге ойнамайды. 4 жастан бастап ойын ұжымдық қалып алып, белгілі бір ойын тәртібі енгізіледі. Әрине балалардың ұжымдық ойынға қатынасуы тәрбие жағдайына байланысты. Үйде тәрбиеленген балалар, балалар бақшасында тәрбиеленген сәбилерге қарағанда ұжымдық ойынға әзер дегенде қосылады. 6-7 жасқа келген кезде мерзімі едәуір ұзаратын сюжеттік-рӛлдік ұжымдық ойындарда балалар ойынның негізгі
мағынасын және жолдасының іс-әрекетін қадағалайтын болады. Сюжеттік- рӛлдік ойындар балаларды ұжымда ӛмір сүруге үйретеді.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі болғанымен іс-әрекеттің басқа түрлерін жоққа шығармайды. 3-4 жастан бастап сәби ӛзіне-ӛзі қызмет ету еңбегімен танысады. Ол беті-қолын жууды, киінуді, ойнап болған соң қуыршақтарды жинап орнына қоюды үйренеді. 5-6 жаста балалардың міндетіне бӛлмелердегі ӛсімдіктерді күту, үлкендерге қолқабыс ету, т.б.осы сияқты іс қосылады. Балалар бақшасында сәбилер асханада, хайуанаттар бұрышында, ойын бӛлмесінде қызметші болу міндетін ықыласпен атқарады.
Ойын кезінде шаруашылық жӛнінде шамасы келетін тапсырмалар беру баланың бойында еңбек дағдысын қалыптастырып бекітеді, іске жауапты қарау, жолдас қамын ойлау, тиянақтылық сияқты игі психологиялық қасиеттерді тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (семья, магазинге бару, т.б.) кӛбірек ойнайтын болса, еңді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын кӛрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі - мұғалімнің, қалғандары оқушының ролін атқарады. Ойында мектеп ӛмірінің бейнелеуі екініші сынып балаларында біртіңдеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойыңдар басады. Адамдардың жай қимыл-қозғалысын кӛрсетуден гӛрі бала олардың бір-бірімен қатынаста, сезімдері мен кӛңіл-күйлерін кӛрсетуге талаптанады. Енді оқыған кітаптарды, кӛрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.
Бастауыш сынып оқушылары ойындарының басты ерскшелігі - оның ұжымдық сипатта болатындығы. Әрині жеті-сегіз жасар балалардың ойын ұжымы әлде де тұрақсыз болады. Ӛйткені бұлар ұжымдық ӛмір сүруге әдде де жӛнді дағдыланбаған, мұндай ұжымның кұрамы екі-үш баладан аспайды. Ал үшінші, тӛртінші сынып оқушылары ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, ӛзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы - бала ұжымын құрастыруға таптырмайтын құрал. Бұл ұйымдар балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиелейді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсіне бастайды. Ӛзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, ӛшпенділік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келеді. Бірақ бұған шамасы жете қоймайды. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен, бір бала ӛзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдерінің қалыптасуына да әсер етеді. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған
ӛлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы ӛзен, кӛлдер мен ӛсімдіктердің, жан- жануарлардың ӛміріне қызығушылықты қалыптастырады.
Бастауыш сынып оқушыларының ӛмірінде спорттық ойындар да едәуір орын алады. Олар футбол, волейбол, теннис ойындарын ойнай алады. Бұл ойындарда ережелерді сақтау, бір-бірмен жарысу сәттері кӛп болады. Сондықтан да мұндай ойындар инициативаны, жылдамдықты, ептілікті, тапқыштықты қажет етеді, ӛз қимылдарын жолдастарының қимыл-қозғалысына бағындыруды үйренеді, жолдасқа кӛмек беруді, ӛз командасы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдалануды ойлай бастайды. Ойында жарысқа түсу, бірінен- бірі озу жағы да кӛзделеді, Тӛменгі сынып оқушылары спорттық ойындарға тән тиісті дағдыларды, ептілікті, ержелерді жӛндеп үйрене қоймағанымен қимыл-қозғалыстық аса қажетті үйлесімділігін, жылдамдықпен онтайлықты жақсы менгереді.
Осы ойындардың бір жақсы жері сол, балаға секіру, лақтыру, қарғу, ӛрмелеу сияқты атрибуттарды үйретіп қана қоймай, адалдық, шыншылдық, принциптілік секілді адамгершілік қасиетгерге баулиды. Бастауыш мектеп мұғалімдері бала ойындарына дұрыс жегекшілік кӛрсету арқылы оның денесін ғана шынықтырып қоймай, онда жақсы психологиялық қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |