1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы



бет26/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың,Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.
Үмбетейде әділдікті, адамдықты ардақ тұтуға үндеген Бәкеге,Жауқашарға деген сияқты біраз жырлар бар. Олардың мазмұны нақты өмір оқиғасынан алынған. Бұл туралы бабалар сөзі жыраулар жырларына арналған Алдаспан кітабында біршама айтылған. Мысалы, Жауқашар деген дәулетті адамның бірінен-бірі өткен сойқанды сотқар тоғыз ұлы барымтаға шығып, көршілес ағайын ауылдың бурасын әкеліп, сойып алады. Екі елдің арасында дау туып, Бәке деген биге жүгінеді. Сонда ол Бәке Жауқашар жағына бұрмалық жасайды. Осыны білген Үмбетей араға түседі. Сонда "Бәкеге" деген жырымен әділдікке шақырады. Ақын "тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып" жүрген тоғыз тентекті сынға алады:
Үмбетей Жауқашарға деген толғауында адамгершілікті, мейірбандылықты ту етіп көтереді. Ақын қонақ мезгілсіз келсе де қуану керек дегенді насихат етеді. Ақын сөздері-күні бүгін де өнеге, ұлттық ділімізге сын. Үмбетайдың тоғаулары зиялы ойларымен, өрнекті көркемдігімен, ерлік рухымен жыраулар поэзиясында көрнекті орын алады. Оның поэзиясы нақтылыққа құрылған. Тақырыпты өзінің өмірінен алып жырлайды.

35. Үмбетей шығармашылығындағы Бөгембай бейнесі.
«Қашпаған қандай ұрыстан» деп қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін Баянауыл, Қызыл тау, Абралы, Шыңғыстау – бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетейдің Бөгенбай туралы түсінігі тарихи шындыққа сай. Ақын батырдың тарихи ролін дұрыс танытады. Жоңғардың бетін қайтаруда қол бастаған жойқын батырдың қаһармандық істерін үлгі етеді. Оның өліміне деген халық қайғысын әсерлі сөздермен термелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет