1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Бұхар және Абылай хан арасындағы қарым қатынас



бет29/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
40. Бұхар және Абылай хан арасындағы қарым қатынас.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады
Бұқар өзінің 93 жасына келгенше Абылайға өз ақыл-кеңестерін беріп отырған. Оған өз сәніңді кетіріп, ешкіммен соғыспа деп Бұқар өз жырларындай жырлайды. Ол Абылайды құл болған кезінен бастап танитынын, ал жиырма жасқа келгенде ақ сұңқар құстай түлеп, барлығын қырып жойғанын айтады. Басында өз ата-анасын білмеген құлдың бек болғанын, жұлдызы оңынан туғанын баяндайды. Абылайға көп ашуланба деп сын айтады. Одан бөлек Бұқар Абылайдың әрбір жасында оның қандай болғанын өз жырларында сөз қылады. Қанша батыр жауынгер, болыс болсаң да аяғында бәрін өлім күтіп тұратын Бұқар өз шығармаларында жақсы жеткізген. Абылай үшін Бұқар оның ақылшысы, кеңесшісі болды.

Абылай ханның қасында, Бұқарекең жырлайды..


Абылай ханның қасында,
Бұқарекең жырлайды.
Жырлағанда не дейді,
Соғыспа деп жырлайды,
Бұқарекең деген кәріңіз.
Соғыссаң кетер сәніңіз,
Бізден бұрын өтіпті,
Әзіреті Әліңіз.
Жаулық жолын сүймеңіз,
Мынау жалған сұм дүние
Өтпей қалмас демеңіз.
Мұсылман болсаң кетіңіз,
Сырдарияның суынан
Көлденең кесіп өтіңіз.
Үш жыл малды ту сақтап,
Жиделібайсын жетіңіз.
Кісісі жүзге келмей өлмеген,
Қойлары екі қабат қоздаған,
Қатын, бала хақы үшін,
Солай таман жетіңіз.
Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан да былай сөйлеуім,
Маған да болар ауыр күш.
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал, ерегес.
Бұл қылықты қоймасаң,
Құдайдың бергеніне тоймасаң,
Көрерсің сонан теперіш.

«Ал, тілімді алмасаң...


Ал, тілімді алмасаң,
Ай, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып тұр едің,
Қалтақтап жүріп күнелтіп
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде
Ақ сұңқар құстай түледің.
Дәулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа.
Бақ үйіне түнедің,
Алыстан тоят тіледің,
Қылышыңды тасқа біледің.
Алмаған жауың қоймадың,
Алған сайын тоймадың,
Несібеңді жаттан тіледің.
Уа, сен қанжығалы Бөгембай,
Тақымы кеппес ұры едің,
Түн қатып және жүр едің.
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қай жерде жауға тіредің?
Абылай –ау, Абылай,
Момынға келіп бек болдың,
Атаңды білмес құл едің,
Атаңның тегін сұрасаң,
Арқар ұранды жат едің,
Қай жеріңде төре едің?
Қарсы менен Құзарда
Жалаң аяқ жар кешіп,
Бөз тоқыған сарт едің.
Шешеңді және сұрасаң,
Қайда алтынның буы еді,
Оны да мен білуші ем.
Түрікпеннің төрінде
Қашып жүріп күнелткен қара күң еді.
Жұлдызың туды-ау оңыңнан,
Жан біткен еріп соңыңнан.
Он сан Алаш баласын
Аузыңа құдай қаратып,
Жусатып тағы өргізіп,
Жұмсап бір тұрсың қолыңнан.
Ақтан болды –ау күніңіз,
Арсы менен Күрсіге
Дау-таласты үніңіз.
Өзің болған күніңде,
Бір көшке сыймайды
Азаткерде құлыңыз.
Ашуланба, Абылай,
Ашулансаң, Абылай,
Көтерермін, көнермін,
Көтеріп қазға салармын.
Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба.
Күнінде мендей жырлайтын,
Тоқсан үште қария
Енді де саған табылмас!
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда...
Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Әшейін-ақ ұл едің.
Он бес жасқа келгенде,
Арқада Әбілмәмбет төренің
Түйесін баққан құл едің .
Абылай атың жоқ еді,
Сабалақ атпен жүр едің.
Оны да көрген жерім бар,
Жаныс Қарабайбайдың қолында
Түнде туған ұл едің.
Жиырма беске келгенде,
Бақыт берді басыңа,
Тақыт берді астыңа:
Отыз жасқа келгенде,
Дүниеге кең едің:
Отыз беске келгенде,
Қара судың бетінде
Шайқалып аққан сең едің;
Қырық жасқа келгенде,
Алтын тонның жеңі едің;
Қырық беске келгенде,
Жақсы-жаман демедің;
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің;
Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың,
Жаман болсаң маужырап барып соларсың;
Алпыс бес жасқа келгенде,
Әрбір атқа қонарсың;
Жұмсасаң бала тіл алмай,
Қатының қарсы шауып ұялмай,
Әр нешек күнің сол болар,
Еңкейтіп орақ орарға
Тоңқайып масақ терерге.
Жетпіс жасқа келгенде,
Жетпіс деген жел екен,
Шала ауырып пір екен.
Жетпіс бес жасқа келгенде,
Жылуы болмай қойныңның,
Қаруы болмай сойылыңның,
Өлмесең де жойылдың,
Әр атаққа қойылдың.
Сексен деген сор екен,
Шындап ұрған пері екен;
Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзді алар,
Ауыздағы сөзді алар,
Бұтыңдағы безді алар
Бетіңдегі нұрды алар.
Бойыңдағы шырды алар,
Ауызыңдағы тісті алар,
Қолыңдағы істі алар,
Өлмегенде не қалар?
Тоқсан бес деген тор екен,
Дәйім жаның қор екен,
Қарғиын десең екі жағы ор екен;
Найза бойы жар екен,
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен,
Келмейтұғын неме екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет