1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Үмбетей мұрасының өзіндік ерекшеліктері



бет27/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
36. Үмбетей мұрасының өзіндік ерекшеліктері.
Үмбетайдың артынан қалған әдеби мұра біз үшін тек қана сол кездің жыраулар дәстүрінің тамаша үлгісі ғана емес, сонымен қатар тарихи шындықты баяндайтын өлеңмен айтылған шежіре деп қарау керек. Оның Бөгенбай батырдың өліміне арнап шығарған жоқтауы, Жантай батыр қиссасы т.б. шығармаларында біз сол заманның қайраткерлері, саяси оқиғалары жайлы мол және құнды мәліметтер аламыз. Үмбетай, уақыт өте келе өзіне ұстазы ретінде тұтқан бұқар жыраудың ықпал-үлгісімен философиялық-дидактикалық толғаулар да шығарады. Үмбетай жастық шағынан бастап Бөгенбай батырдың жасақтарының құрамында жүріп соғысқан, ол өзі куәгер болған оқиғаларды жырға салып отырған.
Үмбетей толғауларының тілі мен көркемдігі де өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Жыраулар поэзиясына тән көркемдік дәстүрлердің бірі қайталау үлгілері мұнда молынан ұшырасады. Сөз соңындағы немесе ой ағымы соңындағы қайталау (эпифора) Үмбетейде өзіндік қолданысымен дараланады. Айтар ойын термелетіп, толғап айта келе, ой қайырмасында бір сөзді қайталап отыруы әрі жыраудың айтпақ ойының негізін, өзіндік пікірін дәл танытады, әрі көркемді үйлесімділік береді. Хандық дәуір әдебиетінде алғашқы арнау жырларды жазған.
37. «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» толғауының сюжеті мен композициясы.
1. Абылай өмірінен сыр шерту
2. Абылайға халқының, батырларының көмегін еске салу/ Батырлары оның сөзін екі етпегендігін айту
3. Бөгенбай өлімін жеткізу

38. Үмбетей шығармаларының көркемдік сипаты.
Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйрығы қамшыдай теңеулер

Кетеген болса, түйең жау,


Тебеген болса, биең жау,
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келінің жау. Эпитет
Қалақайлап дулатқан,
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты алдың, Бөгенбай!
Құбыла көшкен байтақтың аллитерация
Алтай тауға асырдың!
Ақшәуліге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың; ассонанс
Шағайын деп шапшыса,
Шоршып неге қашасың?! Риторикалық сұрақ
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай!
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай! гипербола



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет