1. Ежелгі ғүн-түрік кезеңінен бастау алған Қазақ Ордасының тарихи мәні, тағылымы


Бұхар жырау толғауларының мазмұндық-тақырыптық жүйесі



бет30/42
Дата30.05.2023
өлшемі137 Kb.
#177987
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
әдебиет толық
Айдана СГТК, Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., Нулевой срез 9 кл., 7 сынып КТЖ 2022- 2023, силлабус дене мәдениеті
41. Бұхар жырау толғауларының мазмұндық-тақырыптық жүйесі.
Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”.
Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады.
42. Бұхардың адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өлеңдері.
Бұқар жырау «Жиырма деген жасыңыз» толғауында:Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай,
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай... – деп адам өмірінің әр кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала келе, жастық шақты «ағып жатқан бұлаққа», «жарға ойнаған лаққа», «ерттеп қойған құр атқа» теңейді. Кәріліктің дәрменсіз шақтарын: Сексен деген жасыңы
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасыңда
Ажалдан басқа жоқ екен, – деп жастық шаққа қарама-қарсы суреттейді. Адамның жастық шағы мен кәрілік кезеңін бір-біріне қарама-қарсы суреттеу арқылы жырау жас ұрпаққа шастық шақты өз мәнінде өткізу керектігі туралы өсиет тастаған.

Жиырма деген жасыңыз


Жиырма деген жасыңыз
Ағып жатқан бұлақтай,
Отыз деген жасыңыз
Жарға ойнаған лақтай.
Қырық деген жасыңыз
Ерттеп қойған құр аттай.
Елу деген жасыңыз
О да бір көшкен ел екен,
Алпыс деген жасыңыз
Қайғылы - мұңлы күн екен,
Сексен деген жасыңыз
Қараңғы тұман түн екен,
Тоқсан деген жасыңда
Ажалдан басқа жоқ екен.

Атан болған жиырма бес


Атан болған жиырма бес
Қызықты күндер қыздырған,
Асау талқан бұздырған.
Қызды ауылды көргенде
Бұлаңдатқан жиырма бес
Төскейден қашқан түлкідей
Сылаңдатқан жиырма бес,
Күлдір - күлдір кісінетіп,
Күреңді мінген жиырма бес,
Күрек тісін қасқайтып,
Сұлуды құшқан жиырма бес.
Іздесең де табылмас.
Кәрілік шіркін не қылмас:
Апта бойыңды баса алмай,
Келін бала келгенде,
Аузыңды аша алмай,
Уақыттың ісі қиын - ды.
Уақытымыз жеткен соң,
Айтып-айтпай немене
Мезгіліміз өткен соң?
Жайнап тұрған қызыл шоқ
Су құйылып өшкен соң,
Жайнап жүрген заманым
Басымнан бүйтіп көшкен соң,
Уақытым жоқ , не айтайын,
Уақытым менің өткен соң,
Мезгіліміз жеткен соң.
Қатты тамақ шайнарға
Мен пақырда тіс бар ма?
Арыстандай ақырған-
Бөденеде күш бар ма?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет