1. Экономикалық талдау түсінігі мен оның мәні, мақсаты


Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау



бет64/67
Дата14.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#68469
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
биз талдау экз сурак жауап
Boykova N N - Oftalmologia, биз талдау экз сурак жауап
48. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау. Аналитикалық процедураларға сипаттама.

Аналитикалық жұмыстың логикасы оны ұйымдастыруды екі үлгідегі құрылым түрінде ұсынады:

Экспресс -талдауды үш сатыда орындаған дұрыс: дайындық сатысы, есептілікті экономикалық оқу және талдау.

Бірінші сатының мақсаты — қаржылық есептілікті мақсатты талдау туралы шешім қабылдау және оны оқуға дайын екеніне көз жеткізу. Мұнда формальді белгілері бойынша есептілікті карапайым түрде есептеп, тексеру жүргізіледі; барлық қажетті нысандардың және қосымшалардың, реквизиттердің, қолдардың бар екені анықталады; барлық есеп нысандарының дұрыстығы және анықтылығы тексеріледі, баланс валютасы және барлық уақытаралық жиынтықтар тексеріледі.

Екінші сатының мақсаты - балансқа қосымша түсініктеме жазбамен танысу. Бұл есеп беру кезеңінде жұмыс жағдайын ба­ғалау үшін, қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тенденцияларын анықтау үшін, сонымен қатар шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайының сапалық өзгерістерін бағалау үшін қажет.

Үшінші саты экспресс -талдаудың негізгісі, оның мақсаты - ұйымның шаруашылық қызметі нәтижелеріне және қаржылық жағдайына жан-жақты баға беру. Мұндай талдау әртүрлі пайдаланушылар мүдделері үшін сол және басқа да деңгейде егжей- тегжейлі қарау.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері мен сапасы көбінде ақпараттық базаның қолжетерлігі және сапасымен анықталады.

Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық базасы болып негізінен ұйымның қаржылық есептілігі табылады. Бірінші кезекте бұл «Бухгалтерлік баланс» (№1нысан) және балансқа қосымша, «Жиынтық табыс туралы есеп беру» (№2 нысан), «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беру» (№3нысан). «Меншікті капиталдағы қозғалыс туралы есеп беру» ((№4нысан).

Қаржылық талдау үшін негізгі ақпараттық көз қаржылық жағдайға есеп беру кезеңінің басы мен соңына өзінше бір “бір мезетте көрініс” беретін бухгалтерлік баланс болып табылады. Қаржылық талдауды жиі балансты талдау деп те атайды. Қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау басқа да қаржылық есептілік нысандарын, сонымен бірге бухгалтерлік есеп мәліметтерін қолдана да жүргізіледі. Мұнда бухгалтерлік баланс негізгі анықтаушы рол атқарады.

Қаржылық жағдайды талдау міндеттерінің логикасы мен сипаты бухгалтерлік баланстың түрлері мен құрылымы, оның активтер және пассивтер бөлімдері және баптарымен өзара байланысты. Бухгалтерлік баланс ұйымның шаруашылық қаражаттарын белгілі бір күнге, олардың құрамы мен қорлану көздері бойынша топтастырылып, ақшалай бағаланған түрде жинақтап көрсетеді. Сондықтан бухгалтерлік баланс іс жүзінде ұйымның қаражаттарын және қаржылық қатынастарының айналымын жинақтап көрсететін, қолданылып жүрген жүйелі үлгі болып табылады.

Есептілікте ұсынылған ақпаратқа койылатын негізгі талап — ол пайдаланушылар үшін пайдалы болуы керек, яғни осы ақпаратты негізделген іскерлік шешімдер қабылдау үшін қолдануға болатын болу керек. Ақпарат пайдалы болу үшін сәйкесінше келесі критерияларға жауап беру қажет:

  1. орынды берілген ақпарат маңызды және пайдаланушы қабылдаған шешімге әсер етеді;

  2. сенімділік-экономикалық мазмұнының заңды нысаннан басым болуы, тексеру мүмкіндігі және құжатты негізделген;

  3. шыншылдық — қателер және әуестенген бағалауды болдырмайды, сонымен бірге шаруашылық өмірдегі оқиғаларды бұрмаламайды;

  4. бейтараптық— қаржылық есептілік пайдаланушылардың бір тобының мүдделерін қанағаттандыру үшін басқа біреуге зиян келтіруге бағыт жасамайды;

  5. түсініктілік — пайдаланушылар есептіліктің мазмұнын арнайы кәсіптік дайындықсыз ақ түсіне алады.

Есептілікке енгізілетін есептік ақпараттарды қалыптастыру кезінде ақпараттарға белгілі бір шектеулер қойылу керек:

  • есептілікті құруға кеткен шығындардың пайдамен ара салмағы ақылға қонымды екенін білдіретін шығындар мен тиімділіктің оңтайлы қатынасы;

  • сақтық қағидасы (консерватизм) есептілік кұжаттары активтер мен пайданы артық бағалауды, міндеттемелерді азайтып бағалауды жібермеу керек екенін болжайды;

  • құпиялылық қағидасы есептік ақпараттарда ұйымның бәсекелі жағына зиян келтіруі мүмкін мәліметтерінің болмағанын талап етеді.

Бухгалтерлік баланс ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін негізгі ақпараттық көз ретінде қызмет етеді. Баланстың жиыны баланс валютасы деп аталады және ұйымның құзырындағы қаражаттардың мөлшерлі сомасын береді. Бірақ ұйымның қаржылық жағдайын баланс бойынша талдау еңбекті көбірек қажет ететін және тиімсіз іс, өйткені есептік көрсеткіштердің көптігі негізгі тенденцияларды бөліп қарауға мүмкіндік бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет