1. негізгі бөлім. 11 Мыс зауытында күкірт қЫШҚылын өндіруге арналған шикізаты 11



бет3/22
Дата14.06.2022
өлшемі0,51 Mb.
#146521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Шаршеналиев диплом
15a2d939-3824-4627-93ed-5a678f50bf36 (2), ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, ндірістік т жірибе есебі Маманды ы 6В06103 – «Есептеу техника, Кунделик Апилова, 2 лекц, бух есеп, 4 Дәріс кешені, УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ КАДАСТРОВАЯ ОЦЕНКА И ЗОНИРОВАНИЕ ЗЕМЕЛЬ (1), лекция 1, Силабус, ИС 342 силабус, Спутниктік байланыс және навигация жүйелері, Практикум по гидравлике, Дип.-Арысқұм-мұнай-кенінің-бұрғылау-қондырғысының-жаңартылған-қосалқы-элементтерін-электр-энерги
Жұмыс құрылымы.
Дипломдық жоба кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімін қысқартылған сөздер тізімінен және тұрады.

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

МЫС ЗАУЫТЫНДА КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ШИКІЗАТЫ


Күкірт қышқылын өндіруге арналған шикізат ретінде электрлік пештерден (SO2 концентрациясымен 3%-ке дейін және 50 мың м3 газ шығынмен) және конверторлардан (SO2 концентрациясымен 10%-ке дейін және 60-70 мың м3 газ шығынмен) шығатын шаң ұстау бөліктерде шаңдардан тазартылған газдар, сондай-ақ, күкірт жағушы құрылғыларда қарапайым күкіртті жаққанда алынатын газдарды айтады. Күкірт қышқылы өндірісіне келетін газдардың химиялық құрамы 1 кестеде келтірілген.




1.1 Шығарылатын газдардан күкіртқышқылын өндіру технологиясы


ЖМЗ күкірт қышқылы цехы жуу бөлігінен (ЖБ), құрғату-абсорбциялық, контактілі-компрессорлы бөлімінен және дайын өнімдер қоймасынан тұрады. Контактілік әдісімен H2SO4 алу процесі келесідей негізгі амалдардан тұрады:



  • Тазартушы күкірт қышқылы мұнараларында шаңдарды, мышьяк, фтор қоспаларын ұстау арқылы газдарды жуу және оларды дымқыл электро сүзгілерде H2SO4 тұмандарынан тазарту;

  • Насадкамен толтырылған мұнараларда концентрацияланған күкірт қышқылы влагасынан газдарды құрғату;

  • Контактілік аппаратында ванадий катализаторында күкірт диоксидін триоксидке тотықтыру;

  • Моногидратты сорғышта SO3-ді жұту (абсорбция).



1.2 Жуу бөлімі


Құрғақ электросүзгілерде тазартылған 200-350оС температурадағы газ кіріс бойынша жуу бөлігіне түседі. Жуу бөлімінде күкірт қышқылы қалдық шаңдарды, зиянды қоспалардың (As, F, H2O булары) бөлінуін жою және құнды сыңарларды алу үшін тазаланатын газға қарағанда температурасы анағұрлым төмен күкірт қышқылы арқылы өңделеді. Газды ерекше тазарту - мышьяк және фтор қоспалары үшін қажет. Олар каталитикалық у бола отырып, катализатор белсенділігін және шығарылатын қышқылдың сапасын төмендетеді. Жуу мұнараларында газды жуу жағдайларында температураның төмендеу кезінде шығарылатын газдардың құрамында мышьяк үштотығы буы (As2O3) түрінде кездесетін мышьяктың бір бөлігі конденсацияланып, негіз қышқылында ериді, қалған бөлігі күкірт қышқылы тұманына айналады да, дымқыл электросүзгілерде бөлінетін газ ағынымен кетеді. Газ құрамында фторлы сутек және төртфторлы кремний (HF, SiF4) түрінде кездесетін фтордың пассивтенуі Рашиг сақиналары есебінен болады. Фтор белсенділігі аз (SiF6)-2 ионына өтеді. Газ құрамында тотық түрінде кездесетін ренийді (Re) экстрактылық жолмен алу үшін сирек кездесетін металл бөліміне түсетін формұнараның жуу қоспасына өтеді. Жуу бөлімінде газды тазарту жеке аппаратурада тізбектей келесі ұстаным бойынша жүзеге асырылады. Қалдық шаңның негізгі бөлігі 1-ші формұнарада жойылады. Осы мұнарада газдан жылудың негізгі бөлігі алынады (газ 200-350оС-ден 50-80оС температураға дейін төмендейді). Температураның күрт төмендеуі нәтижесінде күкірт қышқылы, рений тотығынан және зиянды қоспалардан (F өте аз көлемде) тұратын тұманның негізгі бөлігі түзіледі. Фтор қоспаларын толығымен жою үшін газ формұнарадан керамикалық Рашиг сақиналарымен толтырылған реакторға түседі.


Газ реактордан бірінші және екінші жуу мұнараларына өтеді (2 және 3). Мұнда газ әрі қарай қоспалардан тазартылады, суытылады да (І - жуғышта 40-60оС-қа дейін, ІІ - жуғышта 30-35оС-қа дейін) тұманның қосымша бөлігі түзіледі (қышқыл газбен анағұрлым тығыз байланысуы үшін ІІ жуу мұнарасы ангилиталық Рашиг сақиналарымен толтырылған). Бұл мұнараларда тұманның аз бөлігі ғана жұтылады. Бірақ оның негізгі бөлігі бірінші сатылы дымқыл электросүзгілерде ұсталады, сонан соң газ құрамында тұманның майда тамшылары ғана қалады. Әрі қарай тазарту мақсатымен бұл тамшылардың өлшемін үлкейту үшін газ дымқылдатушы мұнараға түседі. Бұл жерде ол қосымша суытылады, ал, тұман судың буларын жұту есебінен үлкейеді. Тұманның үлкен тамшылары екінші сатылы дымқыл электросүзгілерде жеңіл тұнады. Күкірт қышқылы тазартылғаннан кейін формұнарадан және І жолмен жуу мұнарасынан ағып келіп, кейіннен РМУ-да айдалатын шкамды тұндыру үшін тұндырғышқа түседі. Қышқылдың ағартылған ерітіндісі жинағышқа беріледі, сонан соң айналмалы насостар көмегімен тазарту тоңазытқыштарына өтіп, қайтадан тазаруға бағытталады. Екінші дымқылдаушы мұнарада тұндырғыштар жоқ. Бірінші және екінші сатыға электросүзгілердегі конденсат екінші жуу және дымқылдау мұнарасын тазартатын қышқылға біріктіріледі. Шаңнан және тұманнан тазартылған, бірақ дымқыл газ кептірілуге жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет