І. Басталуы.
0–5 мин
II.Ортасы 6–15мин.
III. Тақырып бойынша жұмыс
16–25
IV. ҰОҚның қорытындысы.
Рефлексия.
26-30 мин.
|
Ынталандыру.
Педагог балаларды санау жағдайына тартады.
Біз сендермен 5-ке дейін санап үйрендік.
6-дан 10-ға дейін санап үйренгілерің келе ме?
Өзектендіру.
Жиынтық полотнода педагог 1-ден 5-ке дейінгі заттар тобын қойып, санауды ұсынады.
Мақсат қою (проблемалық жағдай).
Ары қарай педагог 6-дан 10-ға дейінгі топтарды қояды.
– Мына заттар тобын кім санай алады?
Жаңаны ашу.
(Т) Педагог балаларға №1 тапсырманың суретін қарауды ұсынады.
Қандай спорт жабдықтары бейнеленген?
Балалар залда немен айналасып жатыр?
Одан кейін балаларға суреттегі зат түрлерінің əрқайсысын санап, олардың санына сəйкес келетін қажетті цифрды жапсыруды ұсынады.
(Ө) №2 тапсырма өздігінен орындалып, кейіннен тексеріледі.
(Ж) Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды, (№17).
Балалар карточкаларды біріктіріп, заттардың санын атайды. Содан кейін əліппе-дəптердегі 3-тапсырманы өздігінен орындайды. Тура жəне кері санайды Педагог:
– Əрбір келесі фишкада нүктелер қаншаға көп, ал алдыңғысы қаншаға аз?–деп сұрайды(1 нүктеге). Педагог «алдыңғы сан, кейінгі сан» деген сөздерді дауыстап қайталауды ұсынады.
6-дан 9-ға (жəне 10-ға) дейінгі цифрларды есте сақтау үшін педагог шеңберлердің көмегімен оларды қағазға қоюды ұсынады.
Балаларға 10 көлемінде заттарды, дыбыстарды, қозғалыстарды санау ұсынылады.
|