Нефритикалық синдром созылмалы нефрит және басқада бүйрек ауралары кезінде аурулардың клиникалық белгілерінің күрт күшеюі байқалады , олардың бірлестігі жедел нефритті көрсетеді . Осындай ісінулердің пайда болуы мен өршуі беттің типтес бозғылт домалақ болуымен , олигоурия , протеинурия күшеюімен , гематурия , АҚҚ пайда болуы және өршуімен диастолалық қысым және жиі бүйрек қызметінің функциясының бұзылысымен жүріп жедел нефротикалық синдром көрінісін көрсетеді . Кей жағдайда жедел нефриттік синдром өзіне тән – бүйрек эклампсиясымен , жедел жүрек жетіспеушілігімен , ЖБЖ - мен асқынады . Негізінен жедел нефротикалық синдромның бүкіл клинико - лабораторлық кешені орын табады , бірақ кейде жеке белгілер ғана айқын болуы мүмкін ( ісіну , зәрдегі өзгерістер ) . Жиі жедел нефротикалы синдром тез қайтады ( 2-3 апта шамасында ) . Осыған байланысты нефриттің шынайы өршуінен ажыратылады. Жедел нефротикалық синдром диагностикасы симптоматикалық айқындылығына байланысты қиындық туғызбайды . Практикада бір жағынан созылмалы бүйрек аурулары кезіндегі жедел нефротикалық синдромнан жедел нефритті , екінші жағынан , созылмалы нефрит кезіндегі жедел нефротикалық синдромнан , тез өрістеуші нефритті ажырату керек , себебі терапевтік шаралар көмегімен осы жағдайлардағы болжам әртүрлі . Жедел нефротикалық синдромның кенеттен пайда болу көріністері , бірақ анамнезінде ондай мәліметтер болмаса ( зәр анализіндегі өзгерістер , АҚҚ жоғарлауы , ісінулер ) , ең алдымен жедел нефрит туралы ойлауға мүмкіндік береді . Анамнезінде айтылған өзгерістердің болуы , жедел нефротикалық синдромның негізінде созылмалы нефрит жатқаның дәлелдейді . Әсіресе бұл кезде зәрдің салыстырмалы тығыздығының және КФ мөлшерінің төмендеуі және олар жедел нефротикалық синдромның белгілері жойылғанда сақталса , кейде ажырату диагнозың сұрақтарына нақты жауап беру үшін бүйрек биопсиясы қолданылады . Кейбір жағдайларда жедел нефротикалық синдромның клиникалық суреті – эклампсия , жедел жүрек жетіспеушілігі және ануриямен асқынады . Бүйректік эклимпсия басқа тырысулық жағдайларға қарағанда жалпы ( мысалы , эклампсия кезінде ) немесе жергілікті ( мысалы , СБЖ кезінде ) – тез арада пайда болып , АҚҚ жоғары және зәр синдромымен , психикалық және комамен ауысатын милық симптомдармен бірге жүреді . Жедел жүрек жетіспеушілігі кезінде жүрек ұстамасының көрсеткіштерімен бірақ қан айналуының жедел жетіспеушілігімен сипатталатын асқынуларға әкелетін классикалық аурулардың кейбір белгілерімен ( миокардит , жүрек ақаулары ) жүреді.олигоуриялық немесе ануриялық ЖБЖ жедел нефротикалық синдромы кезінде , ЖБЖ тән типті этиологиялық факторлардан басқа ( жедел инфекционды - токсикалық бүйрек ) , соңғыдан артериалды гипертензиямен , ісінумен , зәрдегі айқын өзгерістермен ерекшеленеді.