1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері


Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде



бет30/57
Дата08.12.2023
өлшемі375,48 Kb.
#195604
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Байланысты:
1. Педагогикалық психология пәні, мақсаты, міндеттері-emirsaba.org

45. Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде.
Орта мектеп (жеткіншек) жасында (10-11-ден 14-15 дейін) жеткіншек өз іс-әрекеті контексінде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу жетекші рөл ойнайды. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет өзіне оның оқу, қоғамдық-ұйымдастырушылық, спортттық, көркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады [144]. Ол түрлі ұжымдарда қабылданған нормаларды есепке ала отырып, қарым-қатынас орнатуды, өз «Менінің» мүмкіндіктерін бағалау іскерліктерін үйренеді. Бұл балалықтан ересектікке өтудің неғұрлым күрделі жасы, бұл кезде адамның орталық психикалық, тұлғалық жаңа құрылымдары – «ересектік сезімі» пайда болады.
Жеткіншектің ерекше әлеуметтік белсенділігі үлкендер әлемінде, олардың қатынастарында кездесетін мінез-құлықтың нормаларын, құндылықтарын және тәсілдерін меңгеруге деген қабылдампаздығында, сензитивтілігінде жатыр. Жеткіншек шақты алдыңғы зерттеушілердің бірі Д.И. Фельдштейн атап көрсетуінше, адамның әлеуметтік пісіп жетілуі, оның белсенді әрекеттенуші субьект ретіндегі өзін-өзі тануы мен өзін-өзі анықтауының құрылымдануы «Мен қоғамға деген қатынас бойынша» жалпы позициясының екі, бір-бірін алмастыратын «қоғамдағы Мен» және «Мен және қоғам» деген позицияларға трансформациясымен анықталады. Бұл жерде маңыздысы, жеткіншек басқа да жас кезеңдері сияқты біртекті емес, сатылы болып табылады. Осы кезеңде Д.И. Фельдштейн үш сатыны бөледі: локальды -қырсықтық (10-11 жас), бұл кезде үлкендердің мойындауына деген қажеттілік өршіген; «құқықтық-мәнді» (12-13 жас), қоғамдық мойындауға деген, әлеуметтік құпталған пайдалы іс-әрекетке деген қажеттілікпен сипатталады, және де бұл «менің де құқым бар, мен істей аламын, мен істеуім керек» деген сөздік формаларда көрінеді; «мақұлдаушы-әрекеттік» (14-15 жас), бұл кезде өзін көрсетеуге, күш жұмсауға дайындық үстем болады. В.А. Караковский белгілегендей, кіші жеткіншекке: қатарластар ұжымы мен отбасындағы лайықты жағдайға деген қажеттілік; сенімді дос табуға ұмтылу; сыныпта да, шағын ұжымда да оқшау болудан қашу; сыныпта «күш теңестіру» мәселесіне деген жоғары қызығушылық; балалық шаққа тән қасиеттерден мүлдем арылуға ұмтылу; жас авторитетінің болмауы; негізделмеген тыйым салуларға деген жиіркеніш; мұғалімнің қателіктеріне зеректік; жүзеге асуы алыс болашаққа ұйғарылған өз мүмкіншіліктерін асыра бағалау; сәтсіздіктерге бейімделудің болмауы; «ең жаман» жағдайға бейімделудің болмауы; армандауға беріліп кету тенденциясы, арманды аяқа таптаудан қорқу; сөздің іске сай болуына талап ету; спорттқа деген аса қызығушылық; коллекциялар жинаумен әуестену; кино өнерімен әуестену және т.б ерекше тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет