1. Синхронды оқыту дегеніміз не?


Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады?



бет8/58
Дата04.10.2022
өлшемі1,35 Mb.
#151692
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Байланысты:
Ббцт емтихан жауаптары
2020 referat 6842314, сыныппен тәрбие жұмысын ұйымдстыру, реферат волейбол, zhanzhal-zhәne-olardy-sheshu-zholdary, 2 тапсырма АЖСТ, СОЖ 2, 21-30 чурак, 1-2 курс каз, 86, 1, 1-дәріс, 14-тапсырма. МФТ.docx, 2-дәріс, Семинар 4, №6 тапсырма
11. Қашықтан оқыту қалай жүзеге асады?

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Әне-міне дегенше демалыс та бітуге таяу. Бірақ жаһан халқын тәубесіне келтірген вирустың беті қайтар емес.
Соған байланысты төртінші тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтетін болды. Алайда, оған біздегі мектептер мен оқушылар дайын ба? Облыс, қала орталықтарында мүмкіндік бар шығар, ал шалғайдағы елдімекен мектептері қайтпек? Қалай болғанда да, бұл – лажсыздықтан қабылданған шешім. Дәл қазір онлайн немесе қашықтан білім беруге сақадай-саймыз ба, жоқ па деген сауалдың да басы артық. Егер бұл тәжірибеге бейбіт заманда көшсек, онда күрмеуі шешілмеген мәселенің бар екені талай уақытқа дейін айтылып, кейінге шегеріле берер еді. Ол – көптеген ауылды аймаққа интернеттің жетпегені, кейбір мектептердің толықтай компьютерленбегені, тағысын тағы. Ал біз тап қазір осы жолды таңдауға мәжбүрміз. 
Қазір Білім және ғылым министрлігі нақты осы іске қызу кіріскен. Еліміздегі 3 миллионнан астам оқушының тиісті білім алуын қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Бұған дейін ұстаздың қарсы алдында отырып сабақ алған бала алғаш рет компьютер мен смартфонға үңілмек. Ал қашықтан оқытуға “Balapan” (қазақ тілінде) мен “Еларна” (орыс тілінде) телеарнасы да атсалыспақшы. 
Ал, “Balapan” телеарнасының директоры Мақпал Жұмабайдың айтуынша, 6 сәуірден бастап күнделікті эфирдің 6 сағаты 1-11 сынып оқушылары үшін бейнесабаққа арналады. “Сабақ кестесі телеарнадан және басқа да ақпарат құралдары арқылы таратылады. Белгіленген 6 сағат уақыт аралығы әр сыныпқа бөлінеді. Яғни, бір отбасында 4 бала болса, бір-біріне сәйкес келмейтін түрлі уақытта оқиды. Бұл сабақтар тиісті платформаларға жүктелген соң, балалар қайта көре алады”, – деді телеарна директоры. 
Еліміз білім берудің бұл жолын жетіскеннен таңдаған жоқ. Онсыз да балалар карантиндегі каникулдан зерігіп кетті. Демалыста оқушылардың көбі министрдің баласы сияқты “Көшпенділер” трилогиясын оқымаса да, онлайн білім алудың әдіс-тәсілдерімен танысуға тырысты. Алайда, “Қыруар ақша бөліп, онлайн оқыту білім болып жарытпайды. Балалар бір-екі ай оқымаса білімсіз болып қалмас” дейтіндердің қарасы басым. Мәселен, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы онлайн сабақ дегенді дереу тоқтату керек деп санайды. “Оқушылар 4 тоқсанды кейін, жазда, күзде оқыса да болады.
Себебі, біріншіден, мынадай жағдайда онлайн сабақ мемлекет үшін де, халық үшін де қосымша шығын, қосымша қаражат талап етеді. Мысалы, көпбалалы аналар ғана емес, 2-3 баласы бар аналар да қиналып отыр. Әр балаға жеке компьютер немесе смартфон керек. Көп халықта Wi-fi жоқ, болса да, интернет кейде бар, кейде жоқ, единица (мгбайт) кейде бар, кейде жоқ… Көпшілік халық жұмыссыз қалды, азын-аулақ тиын-тебенді мегабайтқа жұмсаймыз ба, нан аламыз ба?” дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет