4.Педагогикалық қабілеттер және педагогтың тұлғалық сапалары
“Өнер мен шеберлік педагогты жүректілік пен ақылдылыққа байланыстыратын қабілеті” (В.Сухомлинский) Шеберлік- педагогта ештенеге ұқсамайтын ерекше шешім қабылдау кезінде, педагогикалық дарынды айқындауда, адамзаттық рухтың шексіз мүмкіндіктеріне сенуде аяқ астынан туындайтын ұлы керемет. Педагогикалық шеберлік -әрбір оқытушы мен әрдайым жетілдіруді қажет ететін өндірістік оқыту шеберлеріне қол жетімді оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп,әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық мәдениет
Педагогтың кәсіби құзыреттігі
Педагогикалық біліктіліктер мен қабілеттер
Оқытушының сөйлеу мәдениеті
Педагогиклық қарым-қатынас
Педагогикалық-психологиялық білім
Педагогикалық шеберлік-тұлғаның жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие іс-әрекеттерінің барлық түрлерін оңтайландыратын кәсіби біліктілік, оның дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыру.
Педагогикалық шеберлікті теориялық тұрғыда зерделеушілер:
Ф.Н.Гоноболина
В.А.Кан-Калик
Н.В.Кузьмина
А.И.Щербакова
А.К.Маркова
И.А.Зязюн
В.И.Писаренко
Шыныбекова Е.И.
Урунбасарова Э.А.
Е.И.Синица
Азаров Ю.П.
Ю.К.Бабанский
А.И.Щербаков (1968) педагогикалық щеберлік- мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесуі деп есептейді.
Ю.П.Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін былай ашады: “педагогикалық шеберліктің негізі- бала тәрбиесінің заңдылығын білу болап табылады”; “Шеберліктің мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте дейді.”
Н.В.Кузьминаның (1972,1980) пікірінше педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру.
Ю.К.Бабанский (1989) “мұғалім-кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер болуға тиіс”.